on — уақытқа қатысты қолданылатын көмекші сөздердің бірі. Ол апта күндерімен, күндермен (даталармен) және, т.б. уақыттық сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on Sunday – жексенбіде, on september 11st. – 11-ші қыркүйекте.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
on
Days of week (апта күндері)
on Friday; on Saturday,
Day/date (күн)
on 26th october; on that day, in 2008
Special holydays (арнайы мерекелер)
on Good Day; on Easter Sunday, on my Birthday
a part of a special day ( ерекше күннің бір бөлігі)
on the morning of October 15th
at — бұл да бір уақытқа қатысты көмекші сөз. Бұл, көбінде, қалыптасып кеткен тіркестер мен сағатқа қатысты уақытты айтқанда қолданылады. Мысалы: at 5 o’clock, at night.
Preposition
Use (қолданылуы)
Examples (мысалдар)
at
time of day (күндегі уақыт)
at 6 o’clock, at 11.45 (11:45)
fixed phrases (қалыптасқан тіркестер)
at the same time, at the moment, at present, at weekend
Celebrations (мерекелер, мейрамдар)
at Christmas, at Easter
Part of the day (күннің бөліктері)
at night, at midnight,
ago — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: бұрын, алдын. Ago сөйлеп тұрған кез бен өткен уақыттың арасындағы уақытты білдіреді. Мысалы: five years ago – бес жыл бұрын, 10 months ago – он ай бұрын (алдын), long ago – ұзақ уақыт бұрын.
after — уақыттық көмекші сөз. Бастауыш деңгейді меңгерген адам білуі тиіс. Мағынасы: соң, кейін. After сөзінен кейін үнемі уақытты білдіретін негізгі сөз келе бермейді. Мысалы: after school, after jogging, after 6 o’clock.
Ағылшын тілінің грамматикасы. 27-сабақ: Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under Ағылшын тілінде орынға (мекенге) және қозғалыс бағытына арналған көмекші сөздер бар. Олардың кейбірі уақытқа қатысты да қолданылабереді. Мысалы, осының алдындағы сабақта өткен уақытқа қатысты көмекші сөздерден in, on және at дегендері орынға қатысты да қолданылады.
in — кеңістік, бөлме, ғимараттың түрлері, көше, қала (ауыл), кітап, көлік, сурет, қағазға, теңіз-көлдерге қатысты қолданылатын көмекші сөз. Мағынасы қазақ тіліндегі “ішінде” дегенді білдіреді. Бірақ бұл сөзбе-сөз аудармасы емес. Қазақша аудармасы жоқ. Мысалдар:
in English
Қазақша
in the air
ауада, әуеде
in the kitchen
ас үйде
in the book
кітаптың ішінде, кітапта
in the sea (river)
теңізде (өзенде)
in the box
қорапта, қораптың ішінде
in Almaty
Алматыда
in the city
қалада
in Kazakhstan
Қазақстанда
in a park
саябақта
on — бір заттың екінші бір заттың үстінде, бетінде, кей сөздерде ішінде екендігін білдіретін көмекші сөз. Көшеге, тегіс беті бар заттарға және қоғамдық көліктер мен теледидар (радиоға) қатысты қолданылады. Мысалы: