Ал бағытқа қатысты: оң жақта, сол жақта, алды да деген сияқты сөздермен бірге қолданылады. Мысалы: on the right (оң жақта), on the left (сол жақта), straight on (алдында, турасында).
at — бір заттың белгілі бір орында, жерде, бір заттың айналасында, маңында тұрғандығын сипаттағанда және концерт, кино секілді адам жиналатын жағдайларды сипаттағанда қолданылады. Мысалы: at ther corner (бұрышта), at the bus stop (аялдамада), at the concert (концертте)…
above — жоғары. Above сөзінің синонимі — over. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады.
Бір зат екінші бір заттан жоғары тұрған болса, және екі заттың арасында ашық орын (кеңістік) болса, онда above көмекші сөзі қолданылады және ауа-райын айтқанда да қолданылады. Мысалы:
The picture hangs above your bed — Сурет сенің кереуетіңнің жоғарысында (үстінде) ілініп тұр.
Our plane is above the clouds — Біздің ұшағымыз бұлттардың үстінде (яғни, бұлттардан жоғары биіктікте ұшып келеді).
Three degrees above zero — Үш градус нөлден жоғары.
below — төмен. Below сөзінің синонимі — under. Бірақ екеуінің екі бөлек түсінік беретін кездері де болады. Below сөзі above сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі толықтай керсінше болады. Мысалы:
The Karakiya Depression is located 132 m below sea level — Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 метр төмен(дікте) орналасқан.
The Temperature is below zero — Температура нөлден төмен.
over — үсті, үстінде. Over сөзінің above сөзіне ұқсас болуы: екеуі де бір заттың жоғарғы жағында орналасады. Above заттың үстіне тимей тұрған жағдайда, ал over тиіп тұрған жағдайда қолданылады. Мысалы:
Put your jacket over your shirt — Күртешеңді жейдеңнің үстіне қой.
The cat jumped over the wall — Мысық қабырғаның үстінен секірді.
under — асты, астында. Under көмекші сөзі over көмекші сөзіне антоним болғандықтан түсіндірмесі over-нің түсіндірмесіне толықтай кері болады. Мысалы:
The cat is sleeping under the table — Мысық үстелдің астында ұйықтап жатыр.
I have found three apples under the apple tree — Алма ағашының астынан үш алма тауып алдым.