Prepositions of Place (3): between, opposite, inside, outside, among
Prepositions of Place (3) сабағы орынға (мекенге) қатысты көмекші сөздердің соңғы сабағы болады. Бұған дейінгі сабақтыр мынадай болып еді:
Prepositions of Place (1): in, on, at, above, below, over, under
Prepositions of Place (2): by, beside, next to, close to, near, in front of, behind
between — арасында, екеуінің ортасында. Екі заттың (зат есім) арасында тұрған заттың орнын сипаттағанда осы between көмекші сөзін пайдаланамыз. Мысалы:Our house is between the hospital and the university — Біздің үйіміз аурухана мен университеттің арасында.
I’m sitting between Aidos and Yerzhan — Мен Айдос пен Ержан екеуінің ортасында отырмын.
opposite — қарама-қарсы бетте (жақта). Екі зат есімнің бір-бірлеріне бетпе-бет орыналасқанын сипаттау үшін қолданылады. Мысалы: Our university is oppsite the central library — Біздің университет орталық кітапхананың қарсы жағында (екеуі бетпе-бет орыналасқан).
inside — ішінде, ішкі жағында. Бір заттың ішінде, ішкі жағында орыналасқан зат есімді сипаттаған қолданылады. Мысалы: Is there anything inside the box? — Қораптың ішінде не бар?
He put the money inside the wallet — Ол ақшаның әмиянына (әмиянның ішіне) салды.
outside — сыртында, сыртта. Бұның мағынасы inside-қа қарама-қарсы екені көрініп тұр. Мысалы: He is waiting outside — Ол сыртта күтіп тұр.
Assan left his muddy boots outside the door — Асан лас (батпақ) бәтеңкесін есіктің сыртында қалдырды.
among — арасында, ортасында. Топтың ішінде, заттардың (адамдардың) арасындағы зат есімді сипаттау үшін қолданылады. Мысалы: His money will be divided among his children — Оның ақшасы балаларының арасында бөлінеді.
We like being among people — Біз адамдардың ортасында (арасында) болуды ұнатамыз
English Grammar: Prepositions of Direction (down, up, from, to) Ағылшын тілі грамматикасы. 30-сабақ Бұл сабақтың тақырыбы: Prepositions of Direction, яғни, бағыт-бағдарға қатысты көмекші сөздер: down, up, from, to down — төмен қарай, төменге қарай, төменге. Қозғалыстағы дене биік, жоғары орыннан төмен орынға қарай бағытталғанда down сөзін қолданамыз. Мысалы:
He came down the hill — Ол қырдан төмен қарай түсті (келді).
My sister is coming down the stairs — Менің әпкем (қарындасым) баспалдақпен төменге қарай түсіп келе жатыр.