for — көп мақсатта (көп мағынада) қолданылатын көмекші сөз (шылау). Бұл сабақта for шылауының “үшін” деген мағынасын қарастырамыз. Ескертетіні, бұл шылау көп жағдайларға да қазақ тіліне тікелей аударылмайды. for — үшін, барыс септігі+ арналған. “Біреу үшін”, “бір зат үшін” деген типтегі тіркестерде қолданылады. Мысалы: This present is for you — Мына сыйлық сіз үшін (сізге арналған). I go to the supermarket for a water — Мен су (алу) үшін супермаркетке барамын. about — туралы (жайлы). Бұл көмекші сөз де көп мақсатта (көп мағынада) қолданылады. Мысалы: We are talking about a new film — Біз жаңа фильм туралы әңгімелесіп отырмыз. What do you know about Abai? — Абай туралы не білесіз? of (off дегенмен шатастырмаңыз) — қазақ тіліндегі ілік септігі жалғауларының (-ның (нің), -тың (тің), -дың (дің)) мағынасын беретін көмекші сөз. Of шылауының сөзбе-сөз аудармасы жоқ. Мысалы: Citizens of Kazakhstan — Қазақстанның азаматтары. All of you — сіздердің барлықтарыңыз. Can you repair the roof of the house? — Сіз үйдің шатырын жөндей аласыз ба? The picture of a mountain — Таудың суреті.
Can модальді етістігі (modal verb)
Болымды түрі: can [кән, кэн]; болымсыз түрі: can not [кә(э)ннот, кә(э)ннат] немесе cannot; болымсыз түрінің қысқарған түрі: can’t [кәнт, кант]
cannot пен con not екеуінің еш айырмашылығы жоқ. Жазылулары әртүрлі болғанымен, мағынасы бір.
Can модальді етістігі қазақшаға сөзбе-сөз аударылмайды. Мағыналық тұрғыдан қарастырсақ, бір істі, әрекетті істеуге мүмкіншіліктің болуын білдіреді. Қазақ тілінде балама болу ғалайықты деп, “етістік + алу” деген грамматикалық формуланы ереже етуімізге болады. Мұндағы “етістік” дегеніміз етістіктің түбіріне -а, -е, -и, -й жалғауларының жалғанған нұсқасы. Ал “алу” дегеніміз көмекші етісік, жіктеледі (аламын, аласың, алады, …). Болымсыз түрінде “алу” көмекші етістігі “алмау” болып қолданылады. Мысалы: айта алмау, бара алу, келе алу, оқи алу
I can speak English — Мен ағылшынша сөйлей аламын.
He can not come — Ол келе алмайды.
She is very shy. So she can not ask anything — Ол (жынысы: әйел) — ұялшақ. Сондықтан ештеңе сұрай алмайды.
Can модальді етістігінің өткен шақтағы нұсқасы: could [куд] (could not, couldn’t [куднт])
When I was 5-year-old, could not ride a bicycle — Мен бес жасымда (бес жаста болғанда) велосипед тебе алмадым.
Could I use your computer to surf Internet? — Мен сіздің компьбтеріңізді Интернетке кіру (Интернетті шолу) үшін пайдалана аламын ба?
Can модальді етістігінің “could” нұсқасы сыпайылық түрдегі сөйлемдер мен шартты сөйлемдерде (Conditional Sentences) де қолданылады.