English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)



бет8/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже

Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.
Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.
…………………………………………………………………………………………
Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.

Жай шырай
(Normal form)

Салыс-лы шырай (Comparative form)

Асырмалы шырай (Superlative form)

polite (сыпайы)

politer

(the) politest

sunny (күн шуақты)

sunnier

(the) sunniest

easy (оңай)

easier

(the) easiest

shallow (ұсақ)

shallower

(the) shallowest

narrow (тар)

narrower

(the) narrowest

clever (ақылды)

cleverer

(the) cleverest

simple (қарапайым)

simpler

(the) simplest

Мысалы:
I’m not cleverer than Azat – Мен Азаттан ақылдырақ емеспін.
Sara is the politest girl in my group – Сара – біздің топтағы ең сыпайы қыз.

…………………………………………………………………………………………


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет