There is an apple in garden — Бауда алма бар. I have two apples — Менде алма бар. “There is/are” тіркесі арқылы жасалатын сөйлемнің құрылымы:
There is/are + зат есім + мекен пысықтауыш (қайда? деген сұраққа жауап береді)
There is/are тіркесіндегі “there” сөзі басқаша тұрғыдан қарағанда “анда (анау жерде)” деген мағынаны білдіреді. Егер сөйлемде анда (анау жерде) деген сөз кездессе, онда ағылшынша жазғанда сөйлемнің соңына мекенді (орынды) білдіретін “there” мекен үстеуі қолданылады. Мысалы: There is a couple of books there — Анау жерде 2 кітап бар.
Мысалда келтірілген “couple” сөзінің мағынасы “жұп” немесе “екеу” деген сөздерді береді. Олай болса неге “There are” емес “There is” тіркесі қолданылып тұр? Екі кітап болса көпше түрдегі “There are” тіркесі қолданылуы тиіс емес пе? дегендей сұрақ тууы мүмкін. Жауап: “couple” жекеше түрде болғандықтан “There is” тіркесі қолданылды. Бұл жағдайда сіздің ойыңыздағы мысал мынадай болуы керек: There are two books there. “There is/are” тіркесі осы шақта айтылып тұр. Оның өткен шақтағы нұсқасы “There was/were“, келер шағы: There will be English Grammar. 17-сабақ: Сұраулы сөйлемнің түрлері Бұл сабағымызды сұраулы сөйлемдердің түрлеріне (сұрақтың түрлері) арнаймыз.
Ағылшын тілінің грамматикасында қолданылатын сұраулы сөйлемдердің негізгі төрт түрлі формасы бар. Олар:
Yes/no questions (closed questions) немесе General questions
WH questions немесе Special questions
Tag questions немесе Disjunctive questions
Alternative questions……………………………………………………………………………………..
Yes/no questions (иә/жоқ) — сұралған сұраққа берілетін жауап жабық болады (closed question), яғни, “иә” немесе “жоқ” деген жауаптардың біреуі қайтарылады, жауаптарға қарап сұрақтың қандай сұрақ екендігін ажырата алмайсыз. Мысалы: