Ағылшын тілі грамматикасы: 14-сабақ: ‘Have’ немесе ‘have got’
Have немесе have got сөздерінің қайсын қолдану керек екенін білу көбіне оңай соқпайды. Дегенмен, ол өте қарапайым тақырып. Жақсы түсіну үшін мысалдарға дұрыстап назар аударыңыздар және салыстырып көріңіздер.
Have немесе have got сөздері сіздің бір затқа иелік ететіндігіңізді, сізге тиесілі заттың бар екенін білдіреді. Болымсыз түрде алдыңғы сөйлемімізде түсіндіргендерге қарама-қарсы мағынаны, яғни, сіздің иелігіңізде бір заттың (сөйлеушіге қатысты зат) жоқ екендігін білдіреді. Зат деген тек қана жансыз заттар деген ой болмасын (зат есім деп түсінген дүрыс болар). Олардан бөлек туыстық, жақындық және таныстық қатынастар жайлы айтылғанда да осы have немесе have got сөздері қолданылады.
……………………………………………………………..
Тек қанаhaveсөзінің қолданылуы Have арқылы сізге тиесілі заттар мен сіз істейтін әрекеттерді түсіндіруге болады. Мысалы:
I have a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
I usually havebreakfast at 8 o’clock — Әдетте мен сағат сегізде таңғы асты жеймін. Немесе, әдетте, менің таңғы асым сағат сегізде.
to havebreakfast — таңғы аспен тамақтану, таңғы асты жеу.
……………………………………………………………..
Have gotсөзінің қолданылуы Have got сөзін тек қана бір заттың сізге тиесілі екендігін (сізде бір заттың бар екенін) айту үшін қолданасыз. ағылшын тілінің грамматикасы бойынша, жасайтын әрекеттеріңіз жайлы айту үшін Have got сөзін қолдана алмайсыз. Мысалы:
I have got a little shop in our village — Біздің ауылда (менің) кішігірім дүкенім бар.
Wrong!
I usuallyhave got breakfast at 8 o’clock. Бұл мысал қате болып табылады.
……………………………………………………………..
Болымыз түрлері Have: do not have, have no (Мыс: I don’t have a car. I have no computer);
Have got: have not got, have got no (Мыс: I have not got a car. I have got no computer).
Ескерту! have no мен have got no тіркестері қолданылатын сөйлемдерде ешқандай артикль болмайды. Мысалы: I have no a computer. I have got no a computer.
……………………………………………………………..