to be түріндегі етістік негізгі (оригинал) етістік болып саналады. Бірінші тұрған to деген қазақ тіліндегі етістіктердің соңындағы -у әрпіне ұқсас қызмет атқарады. to be етістігі әр жақта (I жақ, II жақ, III жақ) әр түрлі болып жазылады және көпше түрінде де басқаша жазылады. Тағы бір ескертетіні, кестедегі түрленулер тек осы шақтағы to be етістігі. Ал өткен шақтағы to be етістігі алдағы уақыттарда қарастырылады.
Бұл тақырып — ең оңай тақырып. Бір-екі оқығаннан-ақ игеріп кетуге болады. Егер сұрақтарыңыз бен ескертулеріңіз болса, пікір ретінде осында жазуларыңызға болады.
Кестедегі мысалдар аудармасымен бірге
I am not a teacher.
Мен – мұғалім емеспін.
You are taller than me.
Сіз менен ұзынырақсыз.
She is my sister.
Ол – менің сіңлім (әпкем, қарындасым).
It’s a book.
Ол – кітап.
We are students.
Біз – студентерміз.
You are not lazy.
Сендер (сіздер) жалқау емессіңдер (емессіздер).
They are students.
Олар – студенттер.
“Ол кітап жақсы”деген мен “Ол – жақсы кітап” деген сөйлемдердің жазылуында айырмашылық бар. Сол сияқты грамматикалық тұрғыда да айырмашылықтары бар. Мысалы: Ол кітап сатылмай қалды. | Ол – кітап.
Ағылшын тілі грамматикасы. 12-сабақ: Сұрау есімдігі (Interrogative Pronoun)
Сұрау есімдіктеріне мыналар жатады: who (whom), what, whose, which.