Сұрақ түріндегі формасы Do you have a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
Have you got a cat? — Сенде/сізде мысық бар ма (Мысығың(ыз) бар ма)?
……………………………………………………………..
Өткен шақта қолданылуы Өткен шақтағы сөйлемдерде have сөзі (had түрінде) қолданылады. Мысалы: I had a car. I had got a car.
Ағылшын тілі грамматикасы. 15-сабақ: Ортақтық (өзаралық) есімдік (Reciprocal pronoun)
Ағылшын тілі грамматикасында Ортақтық (өзаралық) есімдігі (Reciprocal pronoun) бар. Оған “each other” және “one another” деген есімдіктер жатады. Екеуінің қазақ тіліндегі мағынасы “бірін-бірі”, “бір-бірімен” … дегенді береді. each other — адамдар мен заттарға қатысты (екі қатысушы), one another — екі немесе одан көп адамдарға ( немесе заттарға) қатысты. Алайда қазіргі кездегі грамматикада екеуінің ара жігін ажыратып жатқандарды кездестіре бермейсіз.
Ортақтық есімдігін қолданудағы мақсат — іс-әрекетке қатысып отырған екі адамдының немесе заттың бірдей әрекет жасап жатқандығын білдіру.
Айтылған анықтамамыз сіздерге ары қарай түсінікті болуы үшін бір-екі мысал келтіре кетейін.
Azat and Laura love each other. — Азат пен Лаура бір-бірін сүйеді. They can’t see each other. — Олар бір-бірін көре (көру мағынасында) алмайды. The students in this class use one another’s book. — Бұл сыныптағы студенттер бір-бірінің кітабын пайдаланады. The teachers congratulated one another on World Teachers’ day. — Мұғалімдер бір-бірлерін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен құттықтады. Қосымша айта кетер жағдай: “each other” және “one another” есімдіктерінің алдына көмекші сөздер жалғану арқылы сөйлемнің мағынасы өзгеріп отырады. Мысалы:
for each other – бір-бірі үшін; to each other – бір-біріне; from each other – бір-бірінен; about each other – бір-бірі жайлы (туралы).