English Grammar. Lesson 1: Alphabet (Ағылшын алфавиті)


Are you from Russia? — No. (No, I am not)



бет23/40
Дата08.07.2022
өлшемі0,62 Mb.
#147358
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
АНГ Грамматика ереже

Are you from Russia? — No. (No, I am not)
Do you know about new neighbour? — Yes. (Yes, I do)
Есте сақтаңыз! Жақшаның ішіндегі жауаптар аз ғана созылыңқы (толығырақ) түрде берілген жауаптар болып табылады. Екеуінің (жақшадағы және жақшаның алдындағы) де мағыналары бірдей.
Жабық сұраулы сөйлемдердің жоғарыда келтірілгендерден де басқа түрлері бар. Мысалы, жасыңыз бен тұратын қалаңыз, т.б. жайлы сұрақтар болса, онда сіз ондай сұрақтарға бірауыз сөзбен, қысқаша түрде жауап бересіз. Ол жауаптар жабық жауаптардың қатарына жатады. Дегенмен, грамматикалық тұрғыда жабық сұрақ жайлы айтылғанда, көбінесе, “yes” немесе “no” жауаптары бар сұраулы сөйлемдер негізгі анықтаманы береді.
WH questions — what, when, why, who, where, whose, whom, which, how деген арнайы сұраулы сөздер арқылы жасалатын сұраулы сөйлемдердің келесі бір формасы. WH дегеніміз әр бір сұраулы сөздің бастапқы екі әріптер. Бірақ, жалғыз ғана how сұраулы сөзі жазылуы бойынша басқаларынан өзгеше.
Мысалы:
What is your name? — My name is Assan.
Where do you live? — I live in Taraz.
How long do you sleep? — I sleep about 8 hours a day.
Tag questions (ілмекті сұрақтар) — сұраулы сөйлемнің алдыңғы бөлігінде айтылған сөздерге қосымша ілмек-тіркес жалғанып жасалатын сұраулы сөйлемнің бір формасы. Соңынан жалғанатын ілмек-тіркес алдыңғы бөліктегі сөйлемге тікелей байланысты және үтір арқылы жазылады. Мысалы, алғашқы бөлікте to be етістігі болымды түрде қолданылса, ілмек-тіркесте to be етістігінің болымсыз түрі қолданылады. Алдыңғы бөлікте to be етістігін, ал кейінгі бөлігінде басқа түрдегі етістіктерді қолдана алмайсыз. Мысалы:
You are smart, aren’t you? — Сен ақылдысың, солай емес пе?
She comes tomorrow, doesn’t she? — Ол ертең келеді, солай емес пе?
Жоғарыда келтірілген мысалдар болымды түрде болса, төмендегі мысалдар болымсыз түрде. Дұрыстап қарап, барынша дұрыс түсінуге тырысыңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет