Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) – Менің кітабым сеніңкінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school – Анау әйел – біздің мектептегі ең қарт мұғалім.
Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қодана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can’t dance – Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister – Жанар – менің ең үлкен әпкем.
…………………………………………………………………………………………
Кейбір екі буындысын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.