ІV деңгей Талдау
|
1) Кейіпкерлерге мінездеме беру. (Әмірқан, Ақтамақ) жазбаша
2) Әмірқанды өнерге баулыған кім?
3) Әмірқан әнді қалай салады?
4) Әмірқан мен Ақтамақтың махаббаты жайлы әңгімелеңіз?
|
1)Әмірқан – дарынды, елінің еркесі, еркін, бюірде бұйығы, момын, өнерді жан-тәнімен сүйе алатын жан. Өнерін ешқашан ақша табу үшін пайдаланбайды. Ақжарқын, топтың ажарын кіргізеді, Ақтамақ – үріп ауызға салағндай, жұтынып тұрған сұлу, паң, жөпшеңді бозбалаға көзінің қырын да салмайды. Сүйгені үшін бәріне даяр, тәуекелшіл. 2) Әмірқанды өнерге баулыған- Жұмабек әнші. Оның прототипі бүкіл арқаға, қала берді жалпақ қазақ даласына мәшһүр дауыл үнді асқақ әнші әрі композитор- Жарылғапберді Жұмабаев 3) Әмірқанның әнге берілгені сонша, басқа шаруаға олақ-ақ. Сүмірейе, қылмита соқты; желдете құтыра соқты. Лебізі құлаққа жағып кетті, жүректі тербетті, тамырды желпіндірді; бойды шымырлатты.Топ көргенде Әмірқан аруақтанып, көтеріліп кетеді екен. Бірін-бірі қиып кете алмай, мұратына жете алмай, қош айтысқа жарға ұқсап; жалғызынан айырылып, қанатынан қайырылып, зарлаған бейне жанға ұқсап, болмаса жылап егілген, көзден жасы төгілген, бейне бір қағы зарға ұқсап, өкінішті, қасіретті, мұңды әнді сарнады.Жұрт төмен қарап, әркім жүрегімен сырласқандай, әншінің бітіргенін де сезбей қалды.
|
|
Жақсы,балалар тапсырманы орындап болсақ,бекіту сабағына көшейік.Бекіту сабағын тест тапсырмалары арқылы орындаймыз. Бекіту. Тест сұрақтары арқылы бекіту. 1. Жүсіпбектің романын ата? А) “Әнші” В) “Күнікейдің жазығы” С) “Нұр күйі” Д) “Ақбілек” 2. “Жетішатыр” қаласының екінші аты? А)Семей В) Павлодар С) Өскемен Д) Қызылжар 3. “Бір шерік қымыз” деген қанша? А) бір бөтелке В) бір шелек С) бір кесе Д) бір тегене 4. Шәкеттікіне кіріп келген жігіт қайда отырды? А) жерге В) орындыққа С) керуетке Д) сандыққа 5. — Әмірқанды үйден ұстай алмайсыңдар. Ол – бір …. А) көлеңке В) сағым С) елес Д) тұман 6. Мінбеге шығып сөз сөйлеген кім? А) Әбіжан В) Жәлен С) Рахымбек Д) Жүсіпбек 7. Сахнада ән салғанда “әсем- әсем нақысы” қандай болды? А) сыбызғының үніндей В) айдынның сұлу қуындай С) тас бұлақтың суындай Д) Арқаның қоңыр желіндей 8. Әнші құжырасындағы ең асыл бұйымы не? А) қызыл қоңыр домбыра В) үлкен ақ сырнай С) саз сыбызғы Д) үкілі сары домбыра 9. Әйелін қалай таныстырады? А)жампоз В) тұлпар С) сұлу Д) бастық 10. “Қорлан” әнін шығарушы кім? А) Жаяу Мұса В) Балуан Шолақ С) Естай Д) Мәди Тест жауаптары:
Достарыңызбен бөлісу: |