1) Әңгіменің тақырыбы мен идеясын ашып беріңіз
2) Әңгіме бөлімдеріне ат қойыңыз
3)Жазушы әншілік өнерді қалай суреттейді? Мәтіннен тауып оқыңыз
4) Өнерді дәріптеген басқа ақын-жазушылардың қандай шығармасын білесіз?
1)Жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген. 3)Ел жүрегіне жеткен ән құдіретінің бір сәтін жазушы: «Қалғып кетіп оянған, қызықты тәтті түс көрген, қайтарам деп талпынған кісідей, жанға жаққан тәтті үннің кеткеніне өкініп, өршелене соғады.» Немесе «Әмірқандай әнді ешкім сала алмайды. Жай жүргенде Әмірқанды ешкім де елемейді. Әмірқан ән салса, сонда кім екенін білесің. Ән салса, ол өз-өзін ұмытады, әннің әуеніне төңкеріледі, оның даусы көмейінен шықпайды, жүрегінен шығады. Ол әннің әр нақысын ұғады, әнді ғана сүйеді.» 4) І.Жансүгіровтің «Күй», «Күйші» поэмасы. Өнер қуаты, құдіреті, өнерінің ішкі жан-дүниесі, психологиясы, оқиғаға құрылған поэмада көркем бейнеленген.