ӘОЖ: 910: 378 (078) солтүстік американың ішкі сулары қылыш Г. Ә. «География» мамандығының студенті



Дата08.06.2018
өлшемі24,49 Kb.
#41358
ӘОЖ: 910: 378 (078)

СОЛТҮСТІК АМЕРИКАНЫҢ ІШКІ СУЛАРЫ
Қылыш Г. Ә. - «География» мамандығының студенті

Исмайлова К.Б. - ғылым магистрі, аға оқытушы

«Сырдария» университеті


Резюме

В статье рассмотрены внутренние воды Северной Америки. Материк северной Америки богат реками, многоводными, глубокими пресноводными озерами. Запасам воды Северная Америка занимает третье место после Южной Америки и Евразии.

Summary

The article discusses the inland waters of North America. The continent of North America is rich in rivers, abounding, deep freshwater lakes. Water supplies North America ranks third after South America and Eurasia.
Солтүстік Америка материгінің өзендер жүйесі климаттық жағдайы мен жер бедеріне байланысты біркелкі таралмаған. Олардын басым бөлігі Солтүс- тік Мұзды мұхит пен Атлант мұхитына бағытталған. Өзендер жаңбыр және еріген қар суымен қоректенеді.

Атлант мұхиты алабының басты өзені - Миссисипи материктегі ең мол сулы өзен болып табылады. Бұл өзеннің Миссури саласын қоса есептегендегі ұзындығы 6420 км, ұзындығы жөнінен дүниежүзінде үшінші орын алады. Миссисипи атауы үндіс тілінде «су атасы» дегенді білдіреді. Миссисипи жауын-ша­шын әртүрлі сипатта түсетін аймақтар арқылы ағып өтетіндіктен жыл бойы деңгейі өзгеріп отырады. Әсіресе көктемде қар еріген кезде су қатты тасиды, кейде су тасқыны жаздағы нөсер жаңбыр нәтижесінде де қайталанады. Мұндай жағдайда өзенмен оның салалары арнасынан шығып, жағаларындағы елді мекеңдер мен егістік жерлерді су алып көтеді.

Миссисипидің ең үлкен саласы - Миссури атауы үндіс тілінде «тұнбалы өзен» дегенді білдіреді, шындығында да, ол көптеген құм мен тұнбаларды ағызып әкеледі. Миссури қосылғаннан кейін де Миссисипи суы көбеймейді тек Огайо саласы қосылғаннан кейін ғана оның су шығыны 1,5 есе көбейеді. Жазықтарда ағысы баяулаған Миссисипи кең атырау жасап. Мексика шығана-ғына құяды. Атыраудың ауданы жыл сайын тұнбалар есебінен 100 м-ге ұлғайып отырады.

Аппапачтың шығыс беткейінен басталатын өзендер қысқа және мол сулы болады, олар мұхитқа құяр жолында биік кемерлерден құлап ағатын-дықтан, бірнеше сарқырамалар жасайды. Олардың құлау күшті су электр станцияларында пайдаланыла­ды. Теннесси өзені бойында 20-дан астам су электр станциялары салынған. Атлант мұхитына құяр жерінде өзендердің сағалары кеңейеді, мұнда ірі портты қалалар орналасқан[1].

Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын өзендердің ең ірісі - Макензи, ол материктің солтүстігі арқылы ағын өтеді. Үндістер «Үлкен өзен» деп атайтын бұл өзен қар суы­мен қорекіеиеді жылдың көп уақытында мұз құрсап жатады. Қыста өзен түбіне дейін қатады. Макензи жоғарғы ағысында, көктемнің аяғында мұздан босайды, сондықтан оның орта ағысында, әсіресе, төменгі ағысында мұз қамаулары пайда бо­лады. Батпақтар мен көлдер арқылы ағып өтетін осы алаптың көптеген өзендер жаз кезінде мол сулы болады.

Тынық, мұхит алабына Кордильердің батыс беткейінен басталатын қысқа ағынды өзендер жатады. Алаптың ең ірі өзен­дері - Колумбия мен Колорадо Кордильердің шығыс жоталарынан басталып, биік таулы үстірттер арқылы ағып өтеді. Жолында биік тау жоталарын кесіп өтіп, терең шатқалдар жасай-тын бұл өзендерде судың құлау күшінің мол қоры бар. Әсіресе, Колорадо өзені бойындағы жиегі тік, терең шатқалды орасан зор Үлкен Ка­ньон дүние-жүзіне әйгілі. Каньонның әркелкі жастағы, түрлі түсті жыныстардан тұратын асқақ беткейлері батар күннің сәулесіне малынып, өте әдемі көрініске ие болады.

Кордильера тауының оңтүстігінде орналасқан, климаты құрғақ болатын Үлкен Алап және Мексика таулы қыратының солтүстік бөлігіндегі өзендер ішкі тұйық алапқа жатады. Алаптың орталық бөлігінде Жер шарындағы ең ірі тұзды көлдердің бірі болып саналатын Үлкен Тұзды көл орналасқан. Әсіресе, құрғақ кезеңдерде көл беті мен жағалауларын жауып жатқан тұз қабыршақтары ұлғаяды[2].

Солтүстік Американың көлдері негізінен материктің солтүстігінде шоғырланған. Мұндағы көл қазан шұнқырларының барлығы дерлік жердің ірі жарықтарында орналасқан. Кейіннен көл қазаншұнқырлары мұздықтардың қазу әрекеті нәтижесінде тереңдеп, жағалаулары тілімденген. Сондықтан бұл көлдерді мұздың-тектоникалық көлдер деп атайды, олардың суы терең, тұщы болып келеді. Көлдер бір-бірімен қысқа өзендер арқылы жалғасып жатады.

Материктің солтүстік-шығысындағы Әулие Лаврентий өзені арқылы Атлант мұхитымен жалғасып жатқан көлдер - Ұлы көлдер жүйесін құрайды. Жоғарғы көлден Эри көліне дейін көлдердің деңгейлері біртіндеп төмендеп отырады.

Ал Эри көлі мен Онтарио көлінің деңгейлерінде Үлкен айырма болатын-дықтан, оларды жалғастыратын Ниагара өзені кемелерден құлап ағып, дүние-жүзіне әйгілі Ниагара сарқырамасын жасайды. Ені 1200 м, биіктігі 51 м бұл сарқыраманың атауы жергілікті үндістер тілінде «гүрілдеуік су» деген мағына береді. Шындығында да судың түрлі 25 км қашықтықтан да естіледі. Бұл сарқыраманың ғаламат көрінісін тамашалауға. Жер шарының түкпір-түкпірінен жыл сайын миллиондаған туристер келеді. Бірақ суда тез еритін әктастардан құралған сарқырама кемерлері қазіргі кезде жойқын судың шаюынан біртіндеп аласарып, Эри көліне қарай шөгінуде.

Табиғаттың осы бір сирек кездесетін көрінісін сақтап қалу болашақ үшін қажет. Маңында өнеркәсіптті ірі қалалар жиі шоғырланғандықтан Ұлы көлдердің суы қатты ластанған. Сондықтан оларды тазарту, әсем табиғатын сақтап қалу бағы­тын да жұмыстар жүргізілуде

Кордильера тауындағы сөнген жанартаулардың кратерлерінде ұсақ жанартаулық, көлдер кездеседі. Ал материктің оңтүстігінде жер жарықтарын-да орналасқан Никарагуа және Манагуа тектоникалық көлдері бар[3].

Солтүстік Америка материктің солтүстік-шығысында орналасқан, өзара жалғасып жатқан бес ірі көлді Ұлы көлдер деп атайды. АҚШ пен Канада шекарасында жатқан Жоғарғы көл, Мичиган, Гуран, Эри және Онтарио әлем-дегі ең, ірі тұщы көл жүйесі болып табылады. Олардың жалпы ауданы 245 мың км2, ал осы бес көлде жиналған судың жалпы көлемі 23 мын км3 бо­лады. Бұл көлдердің ең ірісі - Жоғарғы көл, оның ауданы 82 мың км2-ден асады (Кесте 1).
Кесте 1

Ұлы көлдердің негізгі өлшемдері




Атауы

Ұзынды

ғы, км


Ені,

км


Ауданы,

км2



Су көлемі, км

Тереңдігі, м

максимум

орташа

Жоғарғы

613

256

82 400

12 220

393

150

Мичиган

490

188

58 000

4 870

281

84

Гуран

330

292

59 600

3 530

228

53

Эри

385

911

25 700

460

64

18

Онтарио

309

85

19 500

1 635

244

85

Көлдер бір-бірімен қысқа, мол сулы, бірақ шоңғалды өзендермен жалғасқан. Бірдей деңгейде жатқан Гурон мен Мичиган көлдері ені 5 км болатын Макино бұғазымен жалғасады. Әркелкі биіктікте орналасқан Эри мен Онтарио көлдерінің аралығын Нигара өзені жалғастырған. Нигара өзенінде әлемге әйгілі Нигара сарқырамасы орналасқан. Онтарио көлінен материктің ұлы өзендерінің бірі болып табылатын Әулие Лав­рентий өзені ағып шығады. Осылайша, бес ұлы көл мен Әулие Лаврентий өзені бірігіп, ұзындығы төрт мың километрден асатын ірі су жолын құрайды. Бұл су жолы арқылы қазіргі кезде барлық дерлік кеме түрлері жүзе алатындықтан, оның көлік қатынасында манызы зор.

Ұлы көлдер шығу тегі жағынан мұздық-тектоникалық бо­лып табылады. Олардың қазаншұңқырлары ежелгі платформадағы ірі жарықтардың кейінгі дәуірлерде мұздық пен өңделуі нәтижесінде қалыптасқан. Мұздын қалың қабаттары орталық бөлігінен бірнеше бағыттар бойынша шетке қарай сырғып, жер бедерін өзгерткен. Әсіресе, мұздықтың қазу әрекетінен ежелгі Канада қалқанының жарықтармен тілімделген шеткі бөліктерінде күшті жүрген. Ғалымдардын болжамы бойынша, Ұлы көлдердің қазаншұңқыр-ларының қалыптасуы бірнеше кезеңді қамтып, осыдан шамамен, 5 мың жылдай бұрын аяқталған. Алдымен Мичиган және Эри көлдері, кейінен басқа көлдер қалыптасқан деп есептеледі.

Шығу тегі режимі, суының қасиеттері жағынан өте ұқсас болғанымен, бұл жүйеге енетін көлдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар[4].

Қорыта келгенде, Солтүстік Америка материгі мол сулы өзендерге, тұщы сулы терең көлдерге бай. Су қоры жөнінен Оңтүстік Америка мен Еуразиядан кейін үшінші орын алады. Сонымен қатар биік таулы мұздықтар мен материктің солтүстігін алып жатқан қалық мұз жамылғылары және жер асты суларының мол қоры бар. Солтүстік Америка материгі Ұлы көлдерімен әлемге әйгілі.


  • Ұлы көлдерде дүниежүзіндегі тұщы су қорының шамамен, 20%-ы шоғырланған.

  • Жоғарғы көл - ауданы жөнінен Жер шарындағы тұщы көлдердің ең ірісі.

  • Ұлы көлдердің жалпы ауданы Италия аумағымен бірдей.

  • Эри көлінен басқа Ұлы көлдердің барлығының түбі теңіз деңгейінен ең төмен орналасқан.

  • Қыста Ұлы көлдерде қатқан мұздың қалыңдығы 18 см-ге жетеді.

  • «Үндіс жазы» - Ұлы көлдер маңында жаңбырлы жаз бен қарлы қыс аралығында болатын, құрғақ, ашық ауа райы байқалатын күз мезгілі. Ұлы көлдер өңірінде күз жылдың ең қолайлы, мамыражай кезеңі болып саналады.

  • «Алтын таға» - Онтарио көлінің солтүстіктегі канадалық жағалауында орналасқан әйгілі өнеркәсіпті қалалар тізбегі. Мұндағы ірі қалалар: Торонто, Гамильтон, Кобург және т.б.

  • Ресми деректер бойынша, Ұлы көлдер алабына алғаш жеткен еуропа-лық француз – Жак Картье. Ол 1535 жылы ол өзі Әулие Лаврентий деп атаған өзенге келіп жетті, бірақ батыстағы тұщы көлдер алабына бара алмады. Нақты құжаттар болмағанымен, бұл өңірде XI ғасырдың өзінде нормандар болған деп есептеледі.

  • Ұлы көлдерде жүзген алғашқы пароход Канадалық «Фронтенак» кемесі болды. Ол суға 1816 жылы түсіріледі.

  • Ұлы көлдер жүйесінде каналдар жүйесі салынғаннан кейін көлдерге мұхитта тіршілік өтетін теңіз миногалары көптеп еніп кетті. Кез келген балыққа жабысып алып, қанын сорумен қоректенетін бұл жәндіктер аз уақыт ішінде көлдердегі балық санын азайтқан болатын. Оларға қарсы арнайы жасалған химиялық затты пайдалана бастаған соң, миногалар саны күрт азайып, балық саны қайтадан көбейді.

  • Ұлы көлдер маңындағы ең алып қала АҚШ-тың Чикаго қаласы болып табылады. Мичиган көлінің оңтүстік жағалауында орналасқан бұл қаланың іргетасы 1806 жылы қаланған. Халқының саны жөнінен АҚШ-та Нью-Йорк пен Лос-Анджелестен кейінгі үшінші орын алатын бұл қалада қазіргі кезде 3 млн- нан астам халық тұрады.

  • Ұлы көлдердің Жоғарғы көлден басқасының атаулары - үндіс тіліндегі атаулар. Онтарио көлінің атауы қазақшаға аударғанда «тамаша су» деген мағына береді.


Әдебиеттер

1. Әбілмәжінова С.Ә. Материктер мен мұхиттардың физикалық географиясы.- Алматы, 2013ж.

2. Власова Т.В., Аршинова М.А., Ковалева Т.А. Физическая география материков и океанов. -Москва: Академия, 2005г

3. Притула Т.Ю. Еремина В.А. Спялин А.Н. Физическая география материков и океанов. – Москва: ВЛАДОС, 2003г.



4. Еремина В.А., Притула Т.Ю., Спрялин А.Н. Практикум по физической географии материков и океанов.-М: ВЛАДОС, 2005г.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет