2.Жаттығу. «Дыбыстық жаттығу» Мақсаты:дыбыстық гимнастикамен таныстыру,рух пен пен дененің тынығуы. Дыбыстық жаттығуды бастамас бұрың жүргізуші ережесін түсіндіреді: Өзімізді бірқалыпты, жайлы сезінеміз,тік тұрамыз,арқамызды тік ұстаймыз.Алдымен мұрнымызбен терең дем аламыз, ал дем шығарғанда дыбысты қатты әрі қуатты етіп шығарамыз. Деміңізді мұрыныңызбен ішке тартып,демді сыртқа шығарар кезде қатты бар даусыңызбен «А» дыбысын айтыңыз-ол бүкіл денеңіздің сауығуына көмегін тигізеді. «Е»-қалқанша без жұмыстарына әсер етеді. «И»-миыңызға,көзіңізге,құлағыңызға. «О»-жүрегіңіз бен өкпеңізге «У»-асқазан маңындағы дене мүшелеріңізге «Х»-денеңіздің тазаруына «ХА»-көңіл-күйіңіздің көтерілуіне. Осы жаттығуды жаттап алып,әркезде орындап отырыңыздар,денсаулығыңыз өз қолыңызда,эмоционалдық стресске шалдықпаудың алдын аламыз.