Эпителийдің классификациясы.Ішкі ортаның ұлпалар Дайындаған: Ағабек Ләззат Қабылдаған: Тұңғышбаева Зина



бет4/16
Дата07.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#92773
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Ағабек Ләззат БК1 эпителий классификаиясы

Функциялық классификация Жануарлардың көпшілігінде эпителийдің мына типтерін ажыратуға болады. Жабушы тері эпителийі; Кілегей қабықшалардың эпителийі; Дененің екінші қуысын астарлап тұратын серозалық қабықшаларының эпителийі (плевралық, перикардиялық және құрсақ қуыстарының); Ішкі органдардың паренхимасының эпителийі (альвеолалық, бүйрек, эпителийі, гонодалар мен бездердің эпителийі т.б)

Целомдық эпителий Эпителийдің бұл түрі адам мен сүтқоректілердің өкпе альвеолаларының, серозалық қуыстардың және серозалық қабықшалардың бттерін астарлап тұрады. Серозалық қабықшалар мен қуыстар эпителийінің целомдық деп аталуы ол дененің екінші қуысы немесе целомды астарлап тұратындығына байланысты. Мезодерманың туындысы болғандықтан, мезотелий деп аталады. Мезотелий – жалпақ клеткалардың жұқа қабаты. Клеткаларының жиегі тегіс болмай, ирек ө ирек болып келеді. Олардың кейбірі екі немесе үш ядролы. Электрондық микроскопиялық зерттеу мезотелий клеткаларының бетінде микробүрлердің болатынын анықтады. Мезотелий шын мағынасындағы эпителийдің қатарына жатпайды. Біріншіден, олардың клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының ішкі ортада орналасуына байланысты полярлылығы нашар байқалады. Екіншіден, мезотелий клеткаларының өзара байланыстары жеңіл үзіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет