Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 106. КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ



бет160/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 106. КӨМЕКШІ СӨЗДЕРДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағынала- ры я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде (сөйлемде) жеке-дара тұлға есебінде колда- нылмай, тек толық мағыналы (атаушы) сөздермен тір- кесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмеі атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші сездерге тарихи (динамикалық) даму түр- гысьшан да талдау жасауға болады. 4
Тарихи шығу теркіні жағынан қарағанда, кемекші сездердің бәрі де атаушы сөздерден, демек, әуелдегі дер- бес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шык- қан. Бұл процесс тілдің бүкіл даму тарихында кейбір есім. етістік формаларының бастапқы лексикалық ма- ғыкалары бірте-бірте әр түрлі дәрежеде солғындап неме- се жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуы негізінде болып отырған. Бұл процесті көмекші сөздердін. ішкі мағыналық жағынан дамуын ғана емес, көпшілігінің сыртқы формалары жағынан да дамып, тиіс- ті өзгерістерге ұшырауынан байкауға болады.
Ал, қазіргі кезде өз алдына категория болып қалып- таскан көмекші сөздердіц сыр-сипаттарын анықтағанда, әдетте, олардың ішкі лексика-семантикалық мағыналарЫ және сыртқы тұлға-түрпаттары мен грамматикалық кыз- меттері сөз етіледі.
Сөйлемде өз алдына жұмсалмай, өзге сөздермен тіР' кесіп қана қолданылатындықтан, көмекші сөздер теК атаушы (толық мағыналы) сөздермен салыстыру арка-,

358

сында ғана жеке-дара сөз есебінде беліне алады. Мыса- ды: Бақанас өзені мен Жәнібек өэенінің екі арасьі тай шаптырымдай-ақ жер
(М. Әуезов); Жеті іріңдей ат түгіл, жеті тулақ та ала алмай улып қайттық (бұ да) де- ген екі сөйлемнің алғашқысын алсақ, ондағы мен, -аң, тугіл, та сөздері лексикалық мағыналары жағынан да, грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздер- ден, әрине, өзгеше. ! Ал ол өзгешелік — бұл сөздердің дексикалық та, грамматикалық та сипаттары жеке-дара тұрғанда айкындалмай, тек атаушы сездермен тіркес- кенде ғана, солардын аркасында ғана анықталады. Мы- салы, жоғарыдағы мен, та тәрізді сөздер жеке-дара тұр- ғанда дербес лекснкалық үғымдарды білдіре алмайды, тек әр алуан қатыстық мағыналарды ғана білдіреді және оларда синтаксистік жағынан да дербестік бол- иайды.
Өзді-ездеріне тән лексикалық және грамматикалық мағыналары олқы болғандарымен, бұл сөздердің атқа- ратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі, мысалы, атаушы сездер де, өзге грамматикалық форма- лар да (қосымшалар да) атқара алмайды.
Бүл сездердің көмекшілік қызметтері, тарихына қа- рағанда, әрине, олардын әрдайым атаушы сөздермен тір- ьесуге бейімделуі нәтижесінде пайда болған. Соның ар- қасында көмекші сездер, бір жағынан, лексикалық ма- ғыналары солғындап, екінші жағынан, грамматикалық қызметі ауысып, өз алдына категория болып қалыптас- қан. Осындай категориялық ерекшеліктеріне қарай, де- мек, үнемі жәрдемші сездер есебінде қолданылуларына Карай, олар көмекші сөздер деп аталады. 4
Көмекші сөздердің кейбіреулерінде, грамматикалық иағынадан гері лексикалык мағына басым болса, кейбі- реулерінде, керісінше лексикалық мағынаға қарағанда, грамматнкалық мағына басым болады. Осы қағидаға сәйкес, лексикалық мағынасы басым көмекші сездер, адетте, атаушы сөздерге бір табан жақын тұрады да, грамматикалық мағынасы басым көмекші сөздер семан- ійка жағынан олардан (атаушы сөздерден) аулакта- ^ып, таза грамматикалық кызмет атқаратын формаларға ІҚосымшаларға) бір табан жақын түрады. Бүған, ^ысалы, көмекші сөздердін кейбіреулері әрі атаушы сөз Ретіндс, әрі көмекші сөз ретінде қызмет ететіні (жан, кет, бер, қой, әрі, бері, соң т. б.), кейбіреулері тек 'ана көмекші сездер ретінде жүмсалатыны (дейін, үшін,

359


сайын, ғана т. б.) да айғақ бола алады. Осындай ерек- шеліктеріне карай, алғашқылары өздері тіркесетін атау- шы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына (рен.) үстеп, аналитикалық тәсіл арқылы күралған бір- тұтас лекснка-грамматикалық күрделі тұлғаның кұра- мындағы кемекші компонент есебінде жұмсалса, соңғы- лары көбінесе таза грамматикалық мағына ғана жамал- ған күрделі аналитикалық форманың құрамындағы көмекші компонент есебінде қызмет етеді.Юсы белгіле- рімен байланысты, кемекші сөздер, ен. алдыМ^н, атаушы кемекшілер (көмекші сөздер) және шылаулы кемекші- лер (шылау сөздер) деген екі топқа бөлінеді.


Жоғарыда айтылғандай, грамматикалық мағынадан гөрі лексикалык мағынасы басым болғандықтан, атаушы көмекшілер ©здері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лекснка-грамматикалык мағына үстейді. Мысалы: уйіші, тау асты, жұмыс басы, оқып бер, жазып ал, оқып шық деген күрделі формалардың әркайсысының соңғы ком- поненттері алғашқы компоненттеріне косымша лексика- грамматикалық мағына жамап тұр. Сол себептен осы күр- делі формалардын қай-кайсысына болса да тиісті кате- горияларға тән грамматикалық формаларды жалғастыра беруге болады. Мысалы: үй іиііне, уй ішінің әңгімесі, тау астында, жумыс басынан деген тәрізді формалар, ды қажетіне қарай қолдана беретініміз сияқты, оқып бердім, жазып алған екен, оқып шыңса деген форма- ларды да қолдана береміз.
Бұл күрделі (аналитикалық) формалардың құрам- дарындағы көмекші сөздер де, әрине, біркелкі емес. Өйт- кені олардын. алғашқы үшеуінің құрамындағы іші, асты, басы сездері лексикалық мағыналары тек солғындағағ көмекші есімдер болады да, олар семантикасы жағынағ да, түрлену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да заі есімдерге әрі ұқсас, әрі жакын болумен қатар, үнем сол есімдермен тіркесіп жұмсалады Ал, бер, ал, шыһ сөздері, лексикалық мағыналары солғындаған көмекш етістіктер болғандықтан, семантикасы жағынан да, түр лену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да негізгі етіс- тіктерге әрі ұксас, әрі жақын болумен бірге, үнемі соі етістіктермен тіркесіп қолданылады.
/Осыған орай, көмекші сөздердің бүл тобы іштей кө- мекші есімдер жэне кемекші етістіктеі деген екі салаға белінеді.
Грамматикалық сипаттары мен формалары жақта

360

рынан өздерінің шыққан теркіндерінен біржола кол үзіп кетпегендіктен, көмекші есімдерді зат есімдермен бай- даныстыра қарау теорлялық жэне практнкалык жақта- рынан қандай қолайлы болса, көмекші етістіктерді не- гізгі етістіктермен байланыстыра қарау да сондай орай- лы Сол себептен де, бұл жағдайларды еске ала отырып, оларды зат есім мен етістікке арналатын тиісті гарауларда талдау мақұл деп саналады. Бірак бұған карап көмекші есімдер мен кемекші етістіктерді көмек- щі сөздер емес екен деп есептеуге болмайды. Өйткені ке- мекші есімдер мен көмекші етістіктердің семантнкалық жағынан да, синтаксистік жағынан да олқы көрініп, өз алдарына дербес сөздер есебінде колданылмау ерекше- лігі — тек оларға ғана емес, жалпы көмекші сез атау- лыныц бәріне де тән касиет. Лл, көмекші есімдер мен кемекші етістіктерде бұл екі қасиеттің екеуі де бар! Онын. бер жағында, кемекші сөздердің әрбір тобын алсак, олардың ©здерінде де семантикалық және синтак- систік дербестік біркелкі емес. Мысалы, ал, бер, кел тә- різді кемекші етістіктер мен бол, еді, де кемекші етістік- тері, кай жағынан болсын, өзара еш уақытта да бірдей де, біркелкі де бола алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет