Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жүрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз



бет158/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш (атаушы) сөздерден де тиісті жүрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, арбаң, арсалаң. агараң, бал- паң, болпаң, дікең, елпең, жалтаң, жортаң, жалпаң, жылмаң, ирелең, көлбең, кірбең, қалтаң, қолбаң, қор- жаң, қызараң, қылмаң, қьитың, салбаң, салтаң, сылтаң, тарбаң, тарбалаң. ырсаң, ыржаң т. б.
Сөйтіп, туынды еліктеу сездер түбір (негізгі) елік- ітеу сөздерден де (мысалы: жалт-аң, арс-алаң, балп-аң, ^олп-аң, елп-ең, жылт-ың, қалт-аң, сьілт-ың, ырс-алаң г. б.), өзге атауыш сөздерден де жасалады (мысалы: ағар-аң, қызар-аң, иір-елең, бұра-лақ, соз-алаң т б ).
Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақта-р мы- налар:

  1. -ң, -ың, -ің, -аң, -ең жүрнағы. Бұл жұрнақ арқылы гуынды еліктеу сездер жасауға мынадай формалар не- гіз болады:

а) Негізгі (түбір) еліктеу сөздер. Бұлардан жасалған гуыкды формаларға мынадай еліктеуіш сездер жатады: йрс-аң, ырс-ың, борс-ың, борт-аң, бырт-ың, барп-аң, Ъолп-аң, елп-ең, жалт-аң, жымп-ың, томп-аң, быж-ың, ^ілт-ің, мырс-ьің, қалт-аң, қорс-аң, тарс-аң, корп-аң [. б.
ә) Кейбір атауыш сөздер (есімдер мен етістіктер). ^ларға, мысалы, мынадай туыиды еліктеу сездер жата- 5ьг. ала-ң, ағар-аң, былға-ң, дал-аң, домала-ң, жайқа-ң, 'иайна-ң, зкырт-ың, иір-ең, көлбе-ң, қара-ң, қызар-аң, ^рбе-ң, сыла-ң, шаңқа-ң т. б.
k б) Кейбір жеке-дара қолданылмайтыи формалар. Он-
рй формалар бейнелеу етістіктеріне де және баска есім-

353



дерге де негіз болған. Ол формалар қазіргі кезде жеке- дара түбір есебінде қолданылмайды, бірақ бастапқы кездерде еліктеу (бейнелеуіш) сездердін түбір форма- лары болған деп жорамалдауға болады. Оларға, мыса-' лы, мынадай туынды еліктеу сөздердің түбірлері жатады: арб-аң
(арбай), ерб-ең, (ерби), жарб-аң іжар- би), кірб-ең (кірби), қорб-аң (қорби), -адыр-аң (адырай, адырақ), ажыра-ң (ажырай), бадыра-ң (бадыран, ба- дырақ), бажыра-ң (бажырай), майм-аң, (майми, май- мақ), кірж-ің (кіржи, кіржік), қайқ-аң (қайқай, кайқи, қайқы, қайқақ), қиқ-аң (қиқаң, қиқи, қиқақ), күрж-ің (күржн күржік), ңылм-ың (қылми, кылымсы), соп-аң (сопай, сопи, сопақ), сид-аң (сиди, сида), іиоіи-аң (шо- шақ, шоштиған) т. б.

  1. -лаң, -лең, -алаң, -елең жұрнақтары кейбір етістік- терге жалғанып, туынды еліктеу сөздер жасайды, Мыса- лы: бур-алаң, иір-елең, соз-алаң, шұба-лаң, ора-лаң т. б.

Күрделі еліктеу сөздер деп жалац еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы, не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз.
Күрделі еліктеу сөздер компоненттерінің формалары- на қарай оларды мынадай негізгі төрт топқа бөлуге бо- лады:

  1. арс-арс, борт-борт, быж-быж, гүр-гүр, дур-дур^ дір-дір, жарқ-жарқ, жалт-жалт, елп-елп, зыр зыр, зырқ- зырқ, лап-лап, лып-лып, маң-маң, күмп-күмп, күрс-курс, селк-селк, тарп-тарп т. б.

  2. арс-урс, баж-буж, жарқ-жұрқ, шап-шуп, шалп- шулп т. б.

  3. арбаң-арбаң, алшаң-алшаң, ағараң-ағараң, далаң- далаң, елең-елең, елбең-елбең, ербең-ербең, балпаң-бал- паң, бортаң-бортаң, бүрсең-бүрсең, жалаң-жалан, жал- баң-жалбаң, жалтаң-жалтаң, қызараң-қызараң, көлбең- көлбең, қожаң-қожаң, қоқаң-қоқаң т. б.

  4. Арбаң-ербең, арбаң-тарбаң, адыраң-едірең, Қиңаң-j қиқаң, олпаң-солпаң т. б.

Еліктеу сөздерден ©зге сөз таптарына тән баскд да жаңа сездер жасалады. Мысалы: тарсыл, дүрсіл, күрсіл, тырсыл, бажыл, шыжыл сияқты зат есімдер -ыл (-іл) жұрнағы арқылы тарс, дүрс, күрс, тырс, баж, шыж деген еліктеуіш сездерден жасалған. Сондай-ақ, жалтақ, бу*' тақ, шыжық, бурқақ сияқты есімдер де жалт, булт, шьЛ бурқ деген еліктеу сөздерден -ақ (-ық) жұрнағы аркыль1. туған. Еліктеу сөздерден басқа сөз таптарына тәи осый‘1

354

дай туынды сөздер жасайтын басты-басты жұрнақтар мыналар:

  1. -ыл -іл (ырыл, бажыл, дарыл, дүріл, гүріл, күрсіл, тарсыл, тырсыл, қорсыл, сыртыл, күжіл, іиыжыл, ыңқыл, сүңқыл, шүңкіл, сырыл, пысыл, бақыл, зуыл, суыл, гуіл, іиарыл. иіырыл, шіңкіл, дүңкіл т. б.).

  2. -ыр, -ір (жалтыр, жылтыр, былбыр, сылбыр, та- қыр. тықыр іиақыр, иіықыр, сытыр, т. б.).

  1. -ақ, -ек, -ық, -к (адырақ, елбек, бүлкек, бүлтсщ, ясалтақ, қаліақ, салпақ, бүрқақ, ыржақ. қылжақ, тар- баң, балпаң, жалпақ, қалпақ, қоқақ, тықақ т. б.).

  2. -ғыр, -гір (даңғыр, дьщғыр, дүңгір, қаңғыр, мың- гыр, сыңғыр, иііңгір т. б.).

  1. -кыр, -кір (бақыр, кекір, шақыр, жекір, өкір, түш- кір. пысқыр, осқыр, ысқыр, т. б.).

  1. -ыра, -іре (балбыра, былбыра, елбіре, желбіре, салбыра, сылбыра, жылбыра, үлбіре, солбыра, қолбыра, бүрқыра, жарңыра, күркіре, дүркіре, эырқыра, сырқыра, маңыра, мөңіре, еңіре т. б.).

  2. -ырай, -ірей (бақырай, бақшырай, шақырай, түкьі- рай, кскірей, кекшірей, бүкірей, тьщырай, шоқырай, қо- қырой, бажырай, күжірей т. б.)-

  1. -ый, -ій (арби, ерби жарби, тарби, арси, ырси, тор- си, тырси, жылти, қылти, кілти, қылқи, кеңки, теңки, бырти. қоңңи, шоңқи, быржи, қоржи т. б.).

  2. -й, -ай, -ей (арбай, адырай, едірей, ежірей, қоқай, шоқай, сбпай, қиқай, крңай, балпай, жалпай т. б.).

  3. -да, -де'арбаңда, ербеңде, бураңда, ирелеңде, сүй- релеңдс, жалпаңда, адыраңда, қоқаңда т»б.).

Еліктеу сөздерден баска туынды сөздер тудыратын өзгеөнімсіз жұрнақтар да бар. Мысалы: кісіне, қужына,
быжына, пысына етістіктерін алсақ, олар -ыка (-іне) кұрнағы арқылы кіс, қуж, быж, пыс деген еліктеу сөз- Дердеіі жасалған.
Еліктеу сездерден сөз тудыратын жұрнақтардың кей- 5іреулері жалаң, кейбіреулері қүранды болып келеді. Мы- іалы, жалтыра, салбыра, сылбыра, былбыра дегендердегі ■ьіра жүрнағын -ыр (жалтыр, салбыр, сылбыр, былбыр) ‘Дәне -а (жалтыра, салбыра...) деген екі жалаң жұрнақ ten қарауға болса, елбіре, үлбіре дегендердегі -іре жұр- йағын теориялық жағынан олайша бөлшектеуге болға- “ымеіі, практикалық жағынан саралап боршалауға бол- ^йды. Сол сияқты, кекірей, бүкірей, тықырай, тыжырай ргендердегі -ырай (-ірей) жұрнағын саралап, -ыр (-ір)

355


және -ай (-ей) деп белшектеуге әбден болады (кекір, ты- қыр, тыжыр). Ал, кекшірей, бүкшірей, тықиіырай, бажы- рай, күжірей дегендердегі -ырай (-ірей) формасын олай бөлшектеуге болмайды.


Қазіргі кезде жеке-дара сез (түбір) ретінде қолда- нылмайтын кейбір түбірлер көптеген туынды есімдер мен туынды етістіктердің жасалуына негіз болуымен катар, туынды еліктеу сөздердін. жасалуына да непз болады. Мысалы, қоқиған, қоқырайған, қоқсыған, қоқшиған, қоқ- іиырайған деген етістіктердід де, қоңым, қоқыс, қоңтық, қоқай, қорқыр, қоқақ деген есімдердің де, қоқшаң, қоқы- раң, қоқшыраң дегеи еліктеу сөздердің де бастапкы түбірі — қоқ деген форма. Ал осы туынды сездерден жүр- нақ арқылы туатын езге формаларды сөз етпей-ақ (мысалы: қоқаңдаған, ңоңшыраңдаған т. б.), ңоқақ-қо- қақ, қоқаң-қоқаң, қоқіиаң-қоқіиаң, қоқыраң-қоқыраң, ңоқшыраң-қоқшыраң, қоқым-соқым, қоқыр-соқыр, қоқақ- іиоқақ, қоқтық-соңтың, қоқаң-соқақ тәрізді қосарланған формалар жасалатынын еске алсак. осындай «бейтарап» түбірлердің де сөздікті байытудағы кызметі мол екенін бағдарлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет