Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


Атау септікті меңгеретін септеуліктер



бет166/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

Атау септікті меңгеретін септеуліктер. а) Үшін сеп- теулігі негізінде атау септік формасындағы зат есімдер- Мен, есімдіктермен, -с (-ыс, -іс), -у формалы қимыл атау-

371


ларымен, -мақ (-мек), -ған (-қан, -ген, -кен) формалы есімшелермен тіркесіп жұмсалады да, оларға көбінесе себеп, мақсат, арнау мағыналарын жамайды. Ал үшін септеулігі негізінде -у, -мақ (-мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек) формалы сөздерге және -мас (-мес, -бас, -бес...) формалы болымсыз есімшелерге тіркескенде максаттық мағына бе- реді. Мысалы: Сатай ылғи ас берген сіуылда даяіиьі болу үшін туғандай еді (С. Сейфуллин); Қазір тіпті қарап стырмас үшін олАбайдың тобылғы сапты ңамшысы- на бүлдірге тағып отыр (М. Әуезов).


ә) Сайын септеулігі зат есімдермен, өте-мөте мезгіл атауларымен және -ған (-қан, -кен, -ген) формалы есім- шелермен тіркескенде, ол сөздерге даралау, саралау ма- ғынасын үстейді немесе белгілі бір іс-әрекеттің дүркін- дүркін қайталанып отыруын я үдей түсуін білдіретіндей қосымша мағына жамайды. Мысалы: Басқалар бізден үлгі алсын деп жиналыс сайын қанша қақсадым (Ә. Әбішев); Мал ауылдың ңорасындо көлеңке сайын топтанып, көбі салған түтінге ықтасындап тур (Б. Май- лин).
б) Сияқты септеулігі сөйлемде зат есіммен, есімдік- пен, қимыл атауларымен, тұйық етістікпен және -ған (-қан, -ген, -кен), -тын (-тін) формалы есімшелермен тір- кесіп қолданылады да, негізінде ұқсату мағынасын білді- реді. Мысалы: Украина жырлары да қозақ жырлары сияқты арнаулы әнмен ғана сійтылады (С. Мұканов).
в) Туралы септеулігі көбінесе зат есіммен, есімдік және қимыл атауымен тіркесте белгілі бір хабар, ой, пі- кір, зат я іс-әрекет жөнінде айтылатынын аңғартады. Осы туралы септеулігімен мағыналас турасында, турасынан жайында, жайынан, жанлы, жөнінде, жөнінен дегей шы лаулар да бар. Мысалы: Десятник Гаврилов туралы се- німен ақылдасайын деп едім (С. Ерубаев).
г) Арқылы септеулігі зат есіммен, есімдікпен жән« қимыл атауымен (түйық етістіктермен) тіркесіп, оларға «көмегімен», «жәрдемімен» деген сияқты қосымша мағы- на үстеп, бүтіндей тіркес белгілі бір баспалдақтық, саты- лық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Әуе труба арқылы келеді (Ғ. Мұстафин); Мейрам әлдекімге телефон арқы- лы әмір етті (Ғ. Мүстафип).
ғ) Бойы, бойымен септеуліктері көбінесе мезгіл мәнді зат есімдермен, есімдіктермен және -ғаи (-қан, -кен, -ген) формалы есімшелермен тіркесіп қолданылады да, белгілі бір мерзімнің бас-аяғын камтитындай мағынаны аңғар-

372

тады. Мысалы: Өмір бойы жулық жалап, етік тіккен Жүмабай жүр (С. Мұканов); Қартаң Каспий ңалғыған бойымен Терекке көзін аиіып үндсмейді (Абай).
д) Шамалы, шақты, қаралы септеуліктері негізінде сан есімдермен тіркесіп қолданылады да, санның негізгі ұғымына жуық, тарта деген сияқты мөлшсрлік мағына үстейді. Мысалы: Бізден басңа жиналған отыз шамалы кісі бар екен (С. Мұканов); Әскерше киінген он ишқты адам топтала қалды (Ғ. Сланов)).
е) Ғүрлы (ғүрлым) септеулігі атау формадағы зат есімдермен, есімдіктермен, -ған формалы есімшелсрмен және субстантивтенген өзге де сөздермен тіркеседі де, оларды басқа бір сезбен шендестіреді. Мысалы: Менің үзатылуым жетім қыздың тойы ғүрлы болмағанына күлкім келеді (Ш. Хұсайынов); Жалын үйтіп жатса-да- ғьі сирағьін шыбын шаққан ғүрлы оған болмады. (А. Хангелдин).

  1. Барыс септікті меңгеретін септеуліктер а) Шейін (дейін) септеулігі зат есімге, көбінесе мезгілдік үғымдар- дыц атауларына, сан есімге, есімдікке және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшслерге тіркесіп, негізіндс мез- гілдін, я мекеннің белгілі бір аралық шегін (катынасын) білдіреді. Мысалы: Жақып Рабиғаны пәтеріне шейін шығарып салатын болды (Б. Майлин).

ә) Қарай, таман септеуліктері барыс септіктегі зат есімге, соның ішінде мезгіл атауларына, көмекші есімдер- ге, есімдіктерге және үстеу сөздерге тіркесіп, белгілі бір мекендік бет алыс пен бағытты және мезгілдік орайды білдіреді. Мысалы: Сәду кейіншектеп топ арасынан үйі- не қарай бет алды (С. Ерубаев).
б) Өз ара мағыналас салым, тарта, жуық, таяу сияк- ты септеулік шылаулар да өздері тіркескен негізгі (атау- шы) сездердің барыс септік формасында тұруын қажет етеді. Мысалы: Күзге салым туған ауылды ойлады (С. Ссйфуллин) т. б.

  1. Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер. а) Гөрі септеулігі зат есіммен, есімдікпен, кейде -қан (-ған) -кен (-ген) формалы есімшелермен тіркесе қолданылып, бір затты я құбылысты екінші бір затқа салыстырып, таңдау, талғау үшіи жұмсалады. Мысалы: Бул урған сайын күм- ше беретін борсық секілді, тілден гөрі гаяқты сүйеді {Ә. Әбішев); Алатау Динаға күйден гөрі күйшіні елес- тетеді (С. Бақбергенов).

ә) Бері септеулігі негізінде мезгілдік шектің басталу-

373



ына, кейде тұтас камтылуына байланысты ұғымды біл- діреді де, көбінесе мезгіл атауларына, есімдіктерге және -қан (-ған, -кен, -ген) формалы есімшелерге тіркесіп, уа- қыттың я мерзімнін, басталу шегін ацғартады. Мысалы: Кеиіеден бері жапалақтап жауған
қар бүгін күн еңкейе басылды (3. Шашкин); Бір жылдан бері Үлболсын жөн- ді ойын-той көрген емес (Б. Майлин).
б) Кейін септеулігі зат есімге, мезгіл атауларына, есімдіктерге, кимыл атауына -ған (-қан...) формалы есім- шелерге тіркесіп, белгілі бір фактінің соцынан болатың мекендік я мезгілдік ұғымды білдіру үшін қызмет етеді және соң, артынан сөздерімен мағыналас болып келеді. Мысалы: Жүмыстан кейін жалғыз ғана жан тынысосы (Ғ. Мұстафин).
в) Соң септеулігі колданылу ыңғайына қарай, бірде мезгілдік қатынасты білдірсе, бірде себептік мағынада қолданылады. Мысалы: Жаңағы сөзден соң кейбіреуле- рі қуанды (С. Ерубаев).
г) Бұрын септеулігі белгілі бір амалдың я уакиғаныц басқа бір амалдың я уақиғаныц алдын ала болуын білді- ру үшін қолданылады. Мысалы: Институтты мерзімінен бүрын бітіріп, биыл осы колхоздың орталау мектебіне оқу меңгерушісі болды (Ғ. Мұстафин).
г) Бетер септеулігі белгілі бір іс-әрекеттің бұрын іс- тслген іс-әрекеттен анағүрлым күшті болатынын білдіру үшін жұмсалады. Мысалы: Гүлжан бойьін одан бетер жиды (X. Ерғалиев).

  1. Көмектес септікті менгеретін септеуліктер. Қөмек- тсс септікті меңгеретін септеуліктер — қатар, бірге шы- лаулары. Бұлар ез ара мағыналас септеуліктер. Олар белгілі бір іс-әрекеттің басқа бір-әрекетпен кабаттаса, жарыса жасалуын аңғартып, қоса деген сөзбен мәндес форма тудырады. Мысалы: Барлың егіс көлемінде егіннің шығымдьілығын арттырумен ңатар, тың және тыңайған жерлерді игеру қажет деп тапты («Лениншіл жас»).

  1. Демеуліктер

Демеуліктер деп өздері тіркесетін сөздерге эр қилы қосымша реңктер (мағыналар) жамайтын сөздерді айта- мыз. Лексика-грамматикалык мағыналары жағынан де- меулік шылаулар сұраулык, шектік, нақтылык, күшепт- кіш, болжалдық болымсыздық, комсыну демеуліктері болып бөлінеді.

  1. Сұраулық демеуліктер. Сұраулық мәнде колданы-

374

латын демеуліктердің қатарына ма (ме, ба, бе, па, пе, ше) шылау сөздері жатады. Бұл демеуліктер контексте колданылу жүйесіне карай, әр килы грамматикалық формадағы әр түрлі сөздермен тіркесе береді.
а) Ма (ме, ба, бе, па, пе) демеулігі зат есімдермен, сын есімдермен, үстеулермен, етістіктің бұйрық, ашык., шартты райлары және кимыл атауы, есімше, көсемше формаларымен тіркесіп колданыла береді және тіркесетін негізгі сөздер жіктік жалғауларында, оларға тән басқа әр түрлі формаларда түра береді. Ондайда ма шылауы тір- кесетін сөздер өзді-өздеріне тән категориялық формала- рының (мысалы, септік я тәуелдік формаларында, шырай түрінде т. б.) қай-кайсысында болсада қолданыла бере- ді. Мысалы: Немен ңазасыңдар? Қайламен
бе, жоқ, мыс қазғандай темірмен бе? (С. Сейфуллин); Ерте ме, кеш пе, пайдаға ма, зиянға ма, сен де барыңды бересің (Ғ. Мүсірепов); Жел қуған қаңбақ бөгелсін бе? (Қазақ ертегілері).
ә) Ше демеулігі әр қилы сөздермен тіркесіп, оларға сұраулык мән беріп отырады және үнемі көтеріңкі ек- пінмен ерекше бөлініп айтылады да, онын, сұраулык мә- ні де әлдеқайда күшті болып келеді.
Мысалы: Егер ісіңді реттеймін. деп тұрса иіе?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет