Үерахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 2. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ



бет3/173
Дата10.01.2023
өлшемі0,69 Mb.
#165228
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173
Байланысты:
АХМЕДИ-ЫСҚАҚОВ-Қазіргі-қазақ-тілі

§ 2. СӨЗДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖАҒЫ
Сөз дегеніміз — қыры-сыры мол, күрделі тілдік кате- гория. Сездің мағыналық, дыбыстық, шығу төркіні, да- му тарихы, қолданылу ерекшелігі, жасалу жолы, езгері- лу жүйесі және басқа алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы түрғыдан қарап тексереді. Мысалы, сездің дыбыстык жағының сыр-сипатын оның белгілі бір дыбыстьщ комялекс арқы- лы айтылатынынан, сол дыбыстық комплекс арқылы кү- лаққа естілетінінен байыптаймыз. Дыбыстык. комплекс дегеніміз — сөздің сыртқы дыбыстық жамылышыі Бір тілде сейлейтін адамдардың бәрі де белгілі бір үғымды, белгілі бір дыбыстық жамылыш арқылы айтып, сол ды- быстық жамылыш арқылы естіп, сол арқылы сез түрін- де кабылдайды. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыстық жа- мылыш белгілі бір үғымның аты я атауы (сөз) ретінде қызмет атқарады.
Дыбыстық комплекс, біріншіден, бір түтас комплекс- тік түлға болса, екіншіден жеке-жеке дыбыстарға бөл- шектенетін немесе, керісінше, жеке-жеке дыбыстардан қүрылатын түлға (единица).
Сездің осындай дыбыстық жақтарьшен байланысты мәселелерін зерттеу — тіл білімінің фонетика тарауынын міндеті.
Белгілі бір үғымның атауы (белгісі я танбасы) ретін- де қолданылатын дыбыстық комплексті сөз дейміз.

6

Әрбір сездің бір-бірімен тығыз байланысты екі жағы болады: оның бірі — сөздің сыртқы дыбыстық жағы
(сыртқы дыбыстық жамылыіиы), екіншісі — сол дыбыс- хық жамылыш арқылы айтылатын я ұғынылатын ішкі мазмұны, мағына жағы.
Сөздің дыбыстық жағы белгілі бір үғымньщ сыртқы материалдық жамылышы (формасы) болса, сол арқылы біздің санамызда белгілі бір үғым байыпталып отырады.
Сездің сыртқы дыбыстық қүрамы мен сөздің. ішкі ма- ғынасы үнемі бірлікте болады.
§ 3. СӨЗДІҢ МАҒЫНАСЫ
(Лексикалық мағына мен грамматикалық мағына)
Сөз айналамыздағы зат я қүбылыс жайындағы үғым- ньщ аты я атауы болса, әрине, ол атаудың қоғамдық өмірде өзіне телінген мағынасы да болады. Бірақ ол ма- ғына өзі атайтын затпен я құбылыспен тікелей табиғи байланыста болмаса да, сол үғымды білдіретін белгі (таңба) я сол үғымның мазмұнының бейнесі ретінде қа- лыптасатындықтан, бір тілде сейлейтін адамдардың бәріне де бірдей түсінікті болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздерді алсгіқ^-олдрдьГң әрқайсысы — әрі нақтылы, әрі жалпы атау. Өйткені ағаиі деп көз алды- мыздағы (я қолымыздағы) белгілі бір нақтылы ағашты да, сондай-ақ, жалпы, ағаш атаулыны да атай береміз.
^рбір сөздің өзге сөздермен қарым-қатынасқа түс- пеи, жеке-дара түрғандағы (статикалық күйдегі) нақты- лы я негізгі мағынасы, әдегге, лексикалық я rtjpa мағы- на деп аталады.
Тілдің сездігі осындай әр алуан мағыналары бар сөз- дерден құралады. Тілдегі сөздерді, олардың жүйесін, даму заңдарын, қоғамдық түрмыстың сала-салаларымен байланыс-қатысын, сондай-ақ, жеке сездердіғс лексика- лық мағыналарын, сездердіц шығу тарихы мен мағына- ларының даму, колданылу өзгешеліктерін лексикология ғылымы тексереді.
Лексикалық мағыналары басқа-басқа сөздерді әрі Қарай топшылай түсіп, топ-топқа бөліп, олардың әр то бына тән жалпы және жалқы сипаттарын анықтауға болады. Мысалы, тас, ағаш, топырақ деген сөздердің ма- ғыналары жоғарыда лексика түрғысынан қаралса, енді олардың бэрін де заттың атын білдіретін жалпы белгісі* не қарай, бір ғана топқа жатқызып, зат есімдер деп,

7



грамматика турғысынан топшылауымызға әбден болады. Сөздерді зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, шылау деген сияқты грамматикалық топтарға бөлу салты — осылайша топшылаудан туған дәстүр. Екінші сөзбен айтқанда, сөздерді грамматикалық топ- тарға бөлу рәсімі оларға грамматикалық түрғыдан қа- рап (грамматикалық мағыналарын ашып), соған сәйкес категориялық сыр-сипаттарын анықтаудан туған. Мы- салы: Кен асылы
жерде, сөз асылыелде (мақал); Елде болса, ерінге тиер; Ауылда болса, ауызға тиер (мақал); Тау тауға қосылмас, адам адамға қосылар (мақал) деген сөйлемдердегі жерде, елде, ауылда, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға сөздері мен тиер, қосылар сөз- дерін грамматикалық түрғыдан салыстырып топтауы- мызға әбден болады. Мысалы, жерде, ауылда, елде, ерін- ге, ауызға, тауға, адамға деген сөздердің лексикалық мағыналарында айырмашылық бола түрса да, бүл жеті сөздің алғашқы үшеуінің (жерде, елде, ауылда) грамма- тикалық мағыиаларында өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын, кейінгі төртеуінің (ерінге, ауыз- ға, тауға, адамға) грамматикалық мағыналарында да өзара іштей әлдеқандай бір жалпылық барлығын аң- ғару қиын емес: жерде, елде, ауылда сөздерінің бәріне тән жалпы грамматикалық мағына жатыс септік жал- ғауы арқылы байланысса, ал ерінге, ауызға, тауға, адам- ға сөздеріндегі жалпы грамматикальіқ мағына барыс септік жалғауы арқылы топтанып айтылып тур. Оның бер жағында, осы сөздерді тек жатыс я барыс септікте ғана емес, шығыс, ілік, табыс, көмектес септіктерінде де, сондай-ақ, көптік я тәуелдік жалғауларында да қол- дануға болады. Жалпы грамматикалық мағыналары жа- ғынан бірыңғай болып келетін жоғарыдағыдай сөздерді зат есімдер деп атап, бір топқа белеміз.
Екінші топтағы тиер, қосылар деген сөздердің лекси- калык мағыналары баска-басқа бола тұрса да, екеуінде де іс-әрекетті я амал-козғалысты білдірулерімен байла- нысты ортақ бір жалпы мағына бар. Бул жалпы мағына оларға жалғанып турған есімшенің -ар (-ер) қосымша- сынан тіпті айқын керініп тур. Сондай-ақ, осы сөздерді ешбір іріктеместен тисе, қосылса, тиген, қосылған, тие- тін, қосылатын; тиді, қосылды деген тәріздендіріп бірдей езгерте беруімізге де болады. Іс-әрекетті білдіретін бул сняқты сездердің бәрі де етістік деп аталатын сез табы категориясына жатқызылады, ейткені олардың әрқай-

8

сысына есімше, кесемше, етіс, шақ секілді грамматика- лық категориялардыц қай-қайсысы да жат емес.
Сөздің лексикалық мағынасына тікелей байланыса- тын, осындай жалпы грамматикалық мағыналарын, сон- дай-ақ, сол жалпы грамматикалық мағыналарды білді- ретін формаларды грамматика ғылымы зерттейді.
Лексикалық мағына да, грамматикалық мағына да бір сездің бойында жарыса емір сүре береді. Мысалы, көршіні көрші шақырды
(Абай) деген сейлемдегі үш сөзді алсақ, алғашқы екі сездің лексикалық мағынасы бір де, соңғы сездің лексикалық мағынасы өз алдына басқа. Алғашқы екі сөздің лексикалық мағыналары бір болғанымен, грамматикалық магыналарында өзгешелік- тер де бар. Бул екеуінің грамматикалық мағыналарын- дағы жалпы үқсастықтар мыналар: екеуі де — зат есім, екеуі де — жекеше мағынаны білдіреді. Ал, ол екеуінің грамматикалық мағыналарыпдағы езгешелік сол екі сездің сыртқы түрлеріндегі (формаларындағы) айырма- гаылыққа байланысты. Әрине, көрші сезінен көршіні де- ген сөздің -ні бөлшегі артық. Осы артық бөлшек екінші сөздің тек сырткы түріне ғана емес, грамматикалық ма- ғынасына да өзгешелік енгізіп тұр. Демек, көршіні сө- зінде жоғарыда айтылған грамматикалық мағыналар- дан басқа, қосымша табыс септіктің мағынасы да бар. Осыған орай, бул екі сездің сейлем мүшелік қыз- меті жағынан қүралатын грамматикалық мағыналары да ажырап, біреуі сейлемнің бастауышы (көрші), екін-7 шісі сөйлемнің толықтауышы (көріиіні) болып тур. Соң- ғы іиақырды деген сөздің де бірнеше грамматикалық мағынасы бар: бул сез ■—етістік, ол әрі өткен шақтың мағынасы, әрі үшінші жақтың мағынасын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   173




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет