Erasmus+ темпус


ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ƏРІПТЕСТІК ҚҰРАЛЫ



бет3/11
Дата15.09.2017
өлшемі2,35 Mb.
#33873
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ƏРІПТЕСТІК ҚҰРАЛЫ


2006 жылға дейін Темпус бағдарламасы басты мақсаты демократияға, нарықтық экономикаға, құқықтық үстемдікке ауысу кезінде бұрынғы Кеңес Одағы елдеріне техникалық көмек көрсету болып табылатын ТАСИС тарапынан қаржыландырылды (1991-2006). 2007 жылдан бастап Темпус Даму саласындағы əріптестік құралы тарапынан қаржыландырылады(DCI).

DCI басты мақсаты - бағдарламаның серіктес елдеріндегі кедейлікті жою. Бағдарлама Мыңжылдықты дамыту мақсаттарының (МДМ) жетістіктеріне бағытталады жəне демократияны нығайтуға, адам құқықтарының сақталуына, заңның үстемдік етуіне септігін тигізеді. Серіктестікті дамыту құралы төмендегідей бірнеше тематикалық бағдарламаларды қарастырады:



  • Адамдарға инвестиция салу: бағдарламаның алты негізгі жұмыс бағыты: денсаулық, білім, мәдениет, әлеуметтік және жұмыспен қамтамасыз ету, гендерлік теңдік, жастар және балалар.

  • Қоршаған орта және энергетикамен бірге табиғатты тұрақты пайдалану: ұлттық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес табиғат ресурстарын басқару (энергетиканы қоса алғанда) және қоршаған ортаны қорғауға қатысты қолданылатын шараларды толықтыру үшін жасалған. Барлық серіктес елдерді қамти отырып (ЕО кіруге дайын елдер мен кіруі мүмкін кандидат елдерді қоспағанда) жаһандық маңыздылыққа ие шараларды өткізу және бағдарламаға қатысты серіктестік қарым-қатыснастың тиімділігін сақтау.

  • Мемлекеттік емес субьектілер және басқарудың жергілікті органдары: бағдарлама мемлекеттік емес субьектілер мен басқарудың жергілікті органдарының жобаларын қаржыландыру арқылы оларға қолдау көрсетуді қарастырады. Бағдарламаның үш бағыты бар: дамушы елдер мен аймақтардың жұмыстарын жетілдіру, Еуропада даму мәселесі бойынша білім мен ақпараттандыруды арттыру, азаматтық қоғам мен жергілікті билік желілері арасындағы үйоестіру жұмыстарына ықпал ету.

  • Миграция және баспана: үшінші елдердегі олардың миграциялық қозғалыстарының барлық аспектілерін басқаруды жақсартуға көмектесу.



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Қазақстан Еуразия материагінің орталығында бірдей екі құрлықта орналасқан. Аумағының 15% Еуропаға қарайды, ал қалған бөлігі Азия құрлығында жатыр. Қазақстан аумағы бойынша ең үлкен жер көлемінен алғашқы ондыққа кіреді, яғни Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Аустралия, Индия, Аргентина мемлекеттерінен кейінгі тоғызыншы орында. ЕО пен Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған жылдардан бастап серіктес елдер ретінде бір-бірімен тығыз байланыста сұхбаттар жүргізіп тұрады.

ЕО пен Қазақстанның серіктестігі 1995 жылы қол қойылып, 1999 жылы күшіне енген Ынтымақтастық және серіктестік туралы келісім (ЫСК) құжатына негізделеді.



Аумағы: 2 724, 9 мың км²

Халық саны: 2014 ж. Санақ бойынша 17 165 239 миллион адам.

Халық тығыздығы – 1 км² - 6,3 адам.

Жан басына шаққандағы ЖІӨ: 2014 ж. 15,219 дол.



Үлкен қалалары: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Өскемен

Мемлекеттік тілі: қазақ

Ұлттық валютасы : теңге (KZT)

Астанасы: Астана қ.


TEMPUSTrans-European Mobility Programme

for University Studies



ТЕМПУС - УНИВЕРСИТЕТТЕРГЕ АРНАЛҒАН TРАНС – ЕУРОПАЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ

Университеттерге арналған Транс-Еуропалық ұтқырлық бағдарламасы (Темпус) – университет аралық ынтымақтастық жобалары арқылы Шығыс еуропа, Орталық Азия, Батыс Балқан және Жерорта теңізі серіктес елдерінің жоғары білімді модернизациялау үрдістеріне қолдау көрсетуге бағытталған Еуропалық Одақтың бағдарламаларының бірі. Бағдарлама серіктес елдердің жоғары білім беру жүйесін ерікті түрде жалпыеуропалық үрдістерге енгізуге ықпал етеді. Темпус оқу орындарының барлық деңгейіндегі өзгерістерді қамтамасыз ете отырып, жоғары білім беру жүйесін реформалаудың маңызды бағыттарын қамтиды. Бағдарламада әр елдің ұлттық приоритеттерін анықтау арқылы Еуропалық бірлестіктің де, серіктес елдердің де мүдделері ескеріледі. Барлық елдер үшін жоғары білім реформасы, білім берудің сапасын арттыру, оқу орындарының аккредитациясы, халықаралық еңбек нормаларына сәйкес мамандар дайындау, оқу іс-әрекетінің мазмұны мен Болон үдерісінің негізгі ұстанымдары мен міндеттерінің үйлесімі сияқты мәселелер маңызды болып табылады.

Темпус бағдарламасы Эразмус Мундус бағдарламасымен өзара байланыста жүзеге асырылады, яғни үшінші елдердің студенттеріне ЕО елдерінде магистр немесе докторлық дәрежені алу үшін білім алу/сынақ мерзімінен өтуге стипендиялар тағайындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет