КІРІСПЕ
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ ЖƏНЕ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
2007 жылы "ЕО пен Орталық Азия арасындағы жаңа серіктестік стратегиялары" бекітілгеннен кейін Еуропалық Одақ пен Орталық Азия бір-бірімен тығыз байланыста пайдалы жұмыстар атқарып келеді. (http://www.eeas.europa.eu/central_asia/docs/2010_strategy_eu_centralasia_ru.pdf)
Стратегия нақты жұмыстарды атқару кезінде екі жақтың қажеттіліктеріне орай əрекет етеді. Мұндай жұмыстарға қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрақты экономикалық даму, кедейлікпен күрес, аймақтың ішіндегі жəне ЕО мен Орталық Азия арасындағы тығыз амақтық кооперация жатады.
Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ бүкіл аймақты жəне жекелеген елдерді қаржыландыруды жалғастыруда. 2007 - 2013 жж. аралығында ЕО жекелеген елдерде түрлі аймақтық бағдарламалар мен жобаларға 719 млн.евро көлемінде қаржы бөлді.
ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚ
(ЕУРООДАҚ, ЕО)
28 еуропалық мемлекеттің экономикалық жəне саяси бірлестігі. Аймақтық бірігу мақсатында Одақ Еуропалық ұйымдардың ұстанымдарына сəйкес 1993 жылы Маастрихт келісім шартының негізінде бекітілді. Аумағы: 4 324 782 км² - əлемде 7-орында.
Халық саны: 2014 жылы Еуропалық одақтың саны 507 416 607 адамды құрады . Адам басына шаққандағы ЖІӨ: 32021 $.
Тілдер: веуропалық институттарда ресми түрде тең дəрежеде 24 тіл қолданылады. Саяси орталықтары: - Брюссель, Люксембург, Страсбург. ЕО ең маңызды институттары: Еуропалық парламент, Министрлер кеңесі, Еуропалық Одақ кеңесі, Еуропалық кеңес, Еуропалықи есеп палатасы, Еуропа орталық банкі.
2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап ЕО тоғыз сыртқы көмек құралдары əрекет етеді, оның төртеуі географиялық сипатта, яғни дер шарының əр түрлі географиялық аймақтарына арналған.
Сыртқы көмек құралдары:
1. Кіру құралы (КҚ) - ЕО кіруге кандидат елдер мен потенциалды кандидат елдерге арналған
2. Экономикалық серіктестік құралы(ЭСҚ) - экономикалық дамыған елдермен қарым- қатынасжасауға арналған
3. Еуропалық тату көршілік жəне серіктестік құралы (ЕТСҚ) - ЕО көрші мемлекеттері мен аймақтары үшін (Əзірбайжан, Ажир, Армения, Белорусия, Египет, Грузия, Израиль, Иордания, Ливан, Марокко, Молдова, Палестина автономиясы, Ресей, Сирия, Тунис жəне Украина).
4. Даму саласындағы серіктестік құралы (ДСҚ) - КҚ мен ЕТСҚ кірмейтін елдер
5. Ядролық қауіпсіздік саласындағы серіктестік құралы (ЯҚСҚ) - үшінші елдердің ядролық қауіпсіздіктерін қамтамасыз етуге ықпал ету
6. Тұрақтылық құралы (ТҚ) - үшінші елдердегі кризистік жағдайды ескерту үшін.
7. Макро-қаржылық көмек құралы (МҚКҚ) - үшінші елдердегі нарық экономикасының қалыптасуына жəне қаржылық жағдайды тұрақтандыруға арналған
8. Гуманитарлық көмек құралы (ГКҚ) - əскери қақтығыстар мен түрлі апатқа ұшыраған адамдар үшін үшінші елдерде гуманитарлық көмек көрсетуге арналған.
9. Демократия жəне адам құқықтары саласы құралы (ДАҚҚ) - азаматтық қоғамға қолдау көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |