БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Бағдарламаның жалпы мақсаты – Лиссабон конвенциясы мен Болон үдерісінің ұстанымдарына негізделген жоғары білім саласында университтердің ерікті түрде еуропалық елдердің жоғары білім саласындағы өзгерістерімен сәйкестендіру. Бағдарлама жоғары білім саласындағы бірыңғай жалпыеуропалық кеңістікті дамытуға бағытталған.
Осы мақсаттарға жету үшін бағдарлама төмендегідей міндеттерді атқарады:
серіктес елдердегі жоғары білім модернизациясы мен реформасына ықпал ету;
жоғары білім берудің сапасын арттыру және серіктес елдердегі қоғам мен еңбек сферасына сәйкес қажеттіліктерін арттыру;
халықаралық серіктестік слаасындағы, жоғары білімді модернизациялау, еңбек саласы мен қоғамға қолжетімділікке байланысты ЕО елдері мен серіктес елдердің оқу орындарының потенциалдарын арттыру.
ТЕМПУС ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
ТЕМПУС I - 1990-1993 жж. – «қолдау көрсету» бағдарламасы Орталық Азия мен Шығыс Еуропаның Польша, Венгрия, Чехославакия (кейіннен Болгария, Румыния, Югославия, Латвия, Литва, Эстония, Словения, Албания) елдеріндегі жоғары білім реформасының қажеттіліктеріне жауап берді.
ТЕМПУС II - 1994-1998 жж. - «өтпелі кезең» бағдарламасы Орталық Азия мен Шғыс Еуропа елдерінің демократия мен нарық экономикасына өтуі, Еуропалық Одаққа енуге дайындық кезеңінде пайда болды. Оның әрекет ету уақытында Темпус бағдарламасының серіктес елдері қатарына Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Армения, Әзірбайжан, Грузия, Монғолия, кейіннен Босния мен Герцеговина, Македония, Түркіменстан, Тәжікстан мемелекеттері енді. Бағдарламаның 2-кезеңін сипаттайтын кілт сөздер: «интернационализация», «университеттік басқару мен қаржыландыруды реформалау», «жаңа заңнаманы енгізуге байланысты мамандар даярлау».
Достарыңызбен бөлісу: |