ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ
5В050400-журналистика мамандығы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі мен нәтиже бағасының
__________________________________________________________________
ЕРЕЖЕСІ
Е 089-2017
Қостанай
Алғысөз
1 А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасымен ҚҰРАСТЫРЫЛДЫ
2 А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасымен ЕНГІЗІЛДІ
3 28.04.2017 жылғы № 86 НҚ ректордың бұйрығымен БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛДІ
4 ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: А.Жусупова - журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты; О.Кунгурова - журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының доценті Г.Маркабаева - журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының аға оқытушысы
5 САРАПШЫЛАР:
А.Исмаилов – оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасының басшысы, техникалық ғылымдарының кандидаты; С.Берденова – гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің деканы,педагогика ғылымдарының кандидаты;
6 ТексерІС мерзімДІЛІГІ 2 жыл
7 алғаш рет енгізілді
Осы ережені «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» РМК ректорының рұқсатысыз толық немесе бөлшектеп қайта шығаруға, тираждауға және таратуға жол берілмейді.
© А. Байтурсынова атындағы Қостанай
мемлекеттік университет, 2017
Мазмұны
1 Қолданылу саласы ....................................................................................4
2 Нормативтік сілтемелер............................................................................4
3 Анықтама....................................................................................................4
4 Белгілер мен қысқартулар.........................................................................5
5 Жалпы ережелер.........................................................................................5
6 Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі.........................................6
7 5В050400-Журналистика мамандығына түсуші талапкерлерге
арналған шығармашылық қабылдау емтиханының бірінші кезеңі (шығарма)....................................................................................................8
8 5В050400-Журналистика мамандығына түсуші талапкерлерге
арналған шығармашылық қабылдау емтиханының
екінші кезеңі (әңгімелесу)........................................................................10
9 Келісім, сақтау және жеткізілім...............................................................12
|
|
|
|
|
1 Қолданылу саласы
Аталмыш ереже А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің (ары қарай –А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ) кредиттік технологиялар жағдайында оқитын 5В050400-Журналистика мамандығына қабылдауға бағытталған шығармашылық емтиханды өткізуді ұйымдастыруға арналған және келесі сұрақтарды нақтылайды:
Шығармашылық емтиханды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізудің әдістемелік тәсілдемесін;
Шығармашылық емтихан нәтижесін бағалауды.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы ережеде келесі нормативті құжаттарға сілтемелер көрсетілген:
- Қазақстан Республикасы 27.07.2007 № 389-1 «Білім туралы» Заңы (13.02.2012 ж. өзгерістер мен толықтырулар берілген);
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 № 1080 Қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік білім беру стандарты ;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 № 1080 Қаулысымен бекітілген Жоғары білім беруден кейінгі мемлекеттік білім беру стандарты ;
- ҚР МЖББС– 5.03.005-2009 Қазақстан Республикасының білім жүйесі. Кәсіби тәжірибе. Негізгі ережелер. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 31.07.2009 ж. № 365 бұйрығымен қабылданып, бекітілді.
- ҚІ 133.025-2015 Құжаттық іс-шара. Құжаттарды басқару;
- Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 «Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтардың тізімін бекіту және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу ережесі» бұйрығы.
3 Анықтама
Аталмыш ережеде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 № 1080 Қаулысымен бекітілген Жоғары білімнің мемлекеттік білім беру стандарты ; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 23.08.2012 № 1080 Қаулысымен бекітілген Жоғары
білім беруден кейінгі мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес терминдер мен ережелер қолданылды.
4 Белгілер мен қысқартулар
Аталмыш ережеде келесі қысқартулар қолданылған:
- ҚР – Қазақстан Республикасы;
- БжҒМ – Білім және ғылым министрлігі;
- МЖББС– Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
- А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ- «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті " Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі;
- ОЖТ- оқытудың жаңа технологиялары;
- ОКЖ-оқытудың кредиттік технологиясы
- ТБ- тіркеу бөлімі
5 Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 153 «Арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтардың тізімін бекіту және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу ережесі» бұйрығына сәйкес 5В050400-Журналистика мамандығы шығармашылық дайындықты қажет ететін бағытталған мамандық болып табылады.
5.1 5В050400-журналистика мамандығы бойынша шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі мен нәтиже бағасының аталмыш ережесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы 111 қаулысының 03.07.2017 ж., №412 өзгертулері мен толықтыруларының жоғары оқу орнына кәсіби оқу бағдарламасын жүзеге асыруға білім ұжымына білім алуға қабылдаудың типтік ережесіне сәйкес дайындалған. Аталмыш құжат арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу ережесін анықтайды.
5.2 Шығармашылық емтихан А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ «Журналистика» мамандығына түсуші, арнайы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін түлектерге арналған.
5.3 Шығармашылық емтиханның мақсаты түлектердің шығармашылық қабілетін және шығармашылық бағыттағы мамандықты игеруге жеке икемнің болуын анықтау.
5.4 Шығармашылық емтиханды жоғары оқу орнының пәндік комиссиясы өткізеді.
5.5 Мамандық бойынша өткізілетін шығармашылық емтихан саны екеу.
5.6 Түлектерден шығармашылқ емтиханға өтініш қабылдау өздері таңдаған ЖОО-ның тұрған жеріне байланысты қабылданады.
5.7 Шығармашылық емтиханның мазмұны мен өткізу түрі аталмыш ережеге сәйкес анықталады.
5.8 Шығармашылық емтиханды ұйымдастыру мен өткізу үшін құрамы ректордың бұйрығымен бекітілген пәндік комиссия құрылады.
5.9 Шығармашылық емтихандардың кестесін (пәннің атауы, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар, нәтижелерді жариялау күні) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттар қабылдау басталғаннан кешіктірілмей талапкерлердің назарына жеткізіледі.
5.10 Шығармашылық емтихандар баллдық жүйемен бағаланады.
5.11 Шығармашылық емтиханның бірінші бөлігінен көрсетілген балдан төмен алған түлектер келесі емтиханға өтпейді.
5.12 Шығармашылық емтиханды тапсырған түлектер болашақта тек қана 5В050400-Журналистика мамандығы бойынша білім ала алады.
6 Шығармашылық емтиханды өткізу тәртібі
6.1 Шығармашылық емтихандар өткізу аудиториясына жіберуді және емтиханды өткізу кезінде осы қағидаларды сақтауды қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы және оның орынбасары, емтиханды өткізуге тартылған арнайы кезекшілер, техникалық хатшылар қамтамасыз етеді.
6.2 Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде аудиторияда бөтен тұлғалардың болуына жол берілмейді.
6.3 Талапкер шығармашылық емтиханға кестеде көрсетілген мерзімде келеді. Талапкер аудиторияға емтихан басталғанға дейін 30 минут бұрын жіберіледі.
6.4 Талапкер шығармашылық емтихан өткізу аудиториясына жеке басын куәландыратын құжатты және құжаттарын қабылдағаны туралы қолхатты көрсеткен жағдайда жіберіледі.
6.5 Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде бір орыннан басқа орынға ауысуға, емтихан материалдарымен алмасуға, көшіріп алуға, аудиторияға оқулықтарды, басқа да әдістемелік әдебиеттерді, мобильді байланыс құралдарын кіргізуге және қолдануға тыйым салынады.
6.6 Шығармашылық емтихандар тыныш және қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіледі, талапкерлерге өз білімі мен білік деңгейін толық көрсете алуына барынша мүмкіндік жасалады.
6.7 Шығармашылық емтихандарды өткізу кезінде талапкерлерге және оны өткізу үшін тартылған жоғары оқу орнының қызметкерлеріне өзімен бірге байланыс және электрондық-есептеу техникаларын алуға және пайдалануға тыйым салынады.
6.8 Шығармашылық емтихан басталғаннан кейін талапкерлерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеуге ұсынылған тәртіптер түсіндіріледі, сондай-ақ шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыттары, нәтижелерді жариялаудың және аппеляция өткізудің уақыты мен орны көрсетіледі.
6.9 Шығармашылық емтиханды өткізу кезінде талапкерлер мынадай талаптарды сақтайды:
тыныштық сақтау және өз бетінше жұмыс істеу, емтихан алушымен және басқа талапкерлермен сөйлеспеу;
аудиторияда жүрмеу, басқа орынға отырмау;
шығармашылық емтиханның аяқталғанға дейін емтихан алушының рұқсатынсыз емтихан аудиториясынан шықпау.
6.10 Осы қағидаларды бұзғаны үшін талапкер аудиториядан шығарылады. Бұл ретте емтихан жұмысының тутулдық парағына емтихан алушының қолымен расталған шығару себебі туралы жазылады. Талапкердің бұл жұмысы жойылады.
6.11 Талапкер дәлелді себептермен емтиханға кешігіп немесе келмеген жағдайда ол шығармашылық емтиханды жазбаша өтініші мен шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептерін растайтын құжаттарды ұсынуы негізінде ректордың рұқсаты бойынша бекітілген кесте шеңберінде басқа уақытта тапсыруға жіберіледі.
Шығармашылық емтиханды жіберіп алуына дәлелді себептер мыналар болып табылады:
1) талапкердің ауырып қалуы (емдеу мекемесінен ауырып қалғандығы туралы анықтаманы ұсынумен расталады, анықтама емдеу мекемесінің мөрімен бекітіледі);
2) төтенше жағдайлар, сондай-ақ жол-көлік оқиғасы (мемлекеттік мекемеден төтенше жағдайдың немесе жол-көлік оқиғасының болу фактісін айғақтайтын анықтама ұсынумен расталады).
3) жақын адамының қайтыс болуы(ата-анасы, жұбайы, баласы, асырап алушы мен асырап алушылар, туған және туыс аға-апасы, атасы мен әжесі) анықтама қағазы бойынша.
6.12 Дәлелді себептер бойынша шығармашылық емтиханға келмеген тұлғалар оған шығармашылық емтихандарды өткізу мерзімінен кешіктірілмей қосымша анықталған күні жіберіледі.
6.13 Дәлелсіз себептермен шығармашылық емтиханға келмеген талапкерлер емтихан тапсыруға жіберілмейді.
6.14 Шығармашылық емтиханға қайта қатысуға және қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
6.15 Емтихан жұмыстарын тексеру тек жоғары оқу орнының ғимаратында жүргізіледі.
6.16 Шығармашылық жұмыстарды тексеруді тек пәндік комиссияның мүшелері жүргізеді.
6.17 Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары еркін нысандағы бағалау ведомосымен және пәндік комиссия хаттамасымен ресімделеді.
6.18 Тексерілген жұмыстар, бағалау ведомостері және бағалары мен тексеруші емтихан қабылдаушылардың, пәндік комиссиясы төрағасының қолдары қойылған хаттамалар жауапты хатшыға (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі.
6.19 Шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткеннен кейін келесі күні хабарланады.
6.20 Талаптарды сақтауды және шығармашылық емтихандарды бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешуді, емтихан өткізу кезеңінде шығармашылық емтихандар тапсырушы тұлғалардың құқығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында апелляциялық комиссия құрылады.
6.21 Апелляциялық комиссия шығармашылық емтиханның нәтижелерімен келіспейтін тұлғалардың өтінімдерін қарастыру үшін құрылады. Апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамы жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен бекітіледі.
6.21 Апелляцияға өтінімді аппеляциялық комиссия төрағасының атына шығармашылық емтихан тапсырушы тұлға жеке береді. Өтінім
шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия бір күн ішінде қарастырады.
6.22 Апелляциялық комиссия әрбір тұлғамен жеке тәртіпте жұмыс істейді. Тұлға апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда оның өтінімі апелляцияға қарастырылмайды.
6.23 Шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссия мүшелерінің барлығының қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
7 5В050400-Журналистика мамандығына түсуші талапкерлерге арналған шығармашылық қабылдау емтиханының бірінші кезеңі (шығарма)
7.1 Бірінші кезең ұсынылған 4-5 тақырыптың біреуіне шығарма жазудан тұрады. Шығарма көлемі А4 форматтағы 3 беттен аз, 5 беттен көп болмауы керек. Тақырыптар мектеп бағдарламасындағы нақты бір автордың немесе шығармаға бағытталмаған, еркін тақырыпта. Талапкер 3 астрономиялық сағаттың ішінде таңдаған тақырыбын (эссе, суреттеме, кунделік жазбасы және т.б ) жанрында жазуы тиіс және шығармасында тарих, мәдениет, публицистика, көркем әдебиеттен өзінің білім деңгейін көрсете білуі керек. Жазған шығармасы тақырыпты ашып, қазіргі таңдағы мәселені айқындап, қоғамдық ойды қамтып, құндылықтар мен өмірлік тәжірибеде қаншалықты орын алғанын, әрі ақыл-ойын аңғартып, журналистикаға деген көзқарасын баяндап, өз сауаттылығын көрсетуі қажет.
Шығарма келесі талаптарға сай болу керек:
Тақырыпқа сай;
Тақырыптың толығымен ашылуы;
Мәтінде деректерді дұрыс қолдана білу ;
Тақырыптың терең ашылуы, мазмұндылығы мен ықшамдылығы ;
Айтылған ойдың дәлдігі, көрсетілуі жағынан негізділігі;
Баяндаудың қисынды реттілігі;
Өзіндік ойлау;
Ерекшелік, баяндаудың мәнерлігі мен стильдік бірлігі ;
Сілтемелердің орынды қолданылуы;
Сөздерді дұрыс қолдану, грамматикалық сауаттылық, әдеби тіл нормаларының сақталуы.
7.2 Шығармашылық емтихан шығармасының болжамдық тақырыптары:
- Отан-мен өмір сүріп жатқан әлем.
- Өз еліңді сүю нені білдіреді.
- Ғаламтор- ұлы және қорқынышты.
- Бәрін білгім келеді. Білім әлеуметтік және жеке қажеттілік ретінде
- Менің сүйікті кейіпкерім. Менің өмірімді өзгерткен жан жайлы.
- Әр күннің ерлігі. Өмірде ерлікке әрқашан орын табылады.
- Мен ұнатпаймын... Өмірде не нәрсені қабылдамайтының жайлы.
- Журналист болу-ол...
7.3 Шығармашылық шығарма төмендегі критерийлер бойынша бағаланады:
100%: Тақырыптың жан-жақты әрі терең ашылуы. Танымдық деңгейінің жоғарылығы. Авторлық позициясының көрсетілуі мен пайымдауының дербестігі. Ашылған тақырып пен білім деңгейінің өзара байланысы. Ерекешелігі мен шығармашылық міндеттің орындалуы. Шығарманың толық лингвистикалық бірлігі,композициялық құрылымы,анықтығы мен ойдың мазмұндылығы.Сөздік қордың кеңдігі мен әр түрлілігі. Жазу нормалараның толықтай сақаталуы (қате болмау; немесе бір орфографиялық қате; немесе бір пунктуациялық қате; немесе бір грамматикалық қате рұқсат етіледі;).
90%: Тақырып ашылған. Мәтіндік құрылымды дұрыс сақтауы, ойды логикалық түрде дамыта алуы. Дербес пайымдауы, авторлық позициясының көрсетілуі. Тақырыпты ашудағы ерекше көзқарасы. Сөздік қордың кеңдігі мен әр түрлілігі. Жазу сауаттылығының жоғары деңгейі (2-3 қате рұқсат етіледі, орфографиялық, пунктуациялық,грамматикалық).
80%: Баяндау формасының өрбітілетін тақырыпқа сәйкестігі. Құрылымдық және мағыналық логикагның болуы. Сөздік қордың кеңдігі мен әр түрлілігі. Сауаттылығы мен жазу нормаларын жақсы білуі.(екі орфографиялық және екі пунктуациялық қателер; немесе бір орфографиялық қате және үш пунктуациялық қателер; немесе төрт пунктуациялық қателер,бірақ орфографиялық қатенің болмауы; немесе екі грамматикалық қателердің рұқсат етілуі.
70%: Тақырыпты үстірт ашу. Ойды мазмұндауда нақтылықтың болмауы. Логиканы бұзу. Сөздердің қайталануы, даяр сөз орамы. Таптаурын ойлау. Сауаттылық деңгейі орташа болуы.(төрт орфографиялық қателер және төрт пунктуациялық қателер; немесе үш орфографиялық және бес пунктуациялық қателер; немесе жеті пунктуациялық қателер,егер орфографиялық қате болмаса;немесе төрт грамматикалық қателер).
60%: Мазмұнының тақырыпқа сәйкес келмеуі. Тақырыпты ашуда ерекше көзқарастың болмауы. Тіл кедейлігі, стилінің біркелкілігі, құрылымдық аморф, шаблонды ойлау. Сауаттылықтың орташа деңгейі және жазу нормаларын білуі.(төрт орфографиялық қателер және төрт
пунктуациялық қателер; немесе үш орфографиялық қателер және бес пунктуациялық қателер; немесе жеті пунктуациялық қателер,егер орфографиялық қате болмайтын болса; немесе төрт грамматикалық қателер).
50%-дан төмен: Тақырып ашылмаған. Шығармашылық ізденіс элементтері мен құрылымдық және мағыналық логиканың болмауы.Тілдің жұтаңдығы мен бірқалыпты стильдің байқалуы. Сауаттылық пен жазу нормасының төмен деңгейі.(жеті орфографиялық қателер және жеті пунктуациялық қателер; немесе алты орфографиялық және сегіз пунктуациялық қателер; бес орфографиялық және тоғыз пунктуациялық қателер; немесе сегіз орфографиялық және бес пунктуациялық қателер; немесе тоғыз пунктуациялық қателер; немесе жеті грамматикалық қателер).
8 5В050400-Журналистика мамандығына түсуші
талапкерлерге арналған шығармашылық қабылдау
емтиханының екінші кезеңі (әңгімелесу)
8.1 Екінші кезең талапкердің коммуникативті мәдениетін, мамандыққа деген қырын байқау мақсатында әңгімелесу түрінде өтеді. Талапкермен әңгімелесу барысында ол замануи бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына және журналисттің міндетіне байланысты бірнеше сұрақтарға жауап беруі керек; саясат деректер, тарих, мәдениет, қоғамдық өмір жайлы өз ойын білдіру; өз қызығушылығы туралы бөлісу; бейнелі және қауымдастық ойлау қабілетін көрсету.
1) Шығармашылық әңгімелесу үшін талапкер өзінің жетістіктерін дәлелдейтін құжаттары салынған портфолио дайындауы қажет (пәндерді оқудан мақтау қағазы, спорттан жеістіктер, пікірсайыстан, көркем шығармашылықтан, БАҚ немесе мектепте шыққан басылымдар және т.б)
Әңгімелесу мақсаты:
мамандыққа деген уәждемесі мен санала таңдауы;
талпкердің әлеуметтік бағдары;
БАҚ саласындағы бағдары
Жалпы мәдени даму деңгейі, ой өрісінің деңгейі;
Талапкердің қызығушылық айналасы;
Болашақ мамандыққа қажетті қасиеттер;
азаматтық ұстанымның белсенділіг.
Әңгімелесу барысында қабылданушыға:
мамандықты қаншалықты саналы таңдауын анықтайтын сұрақтар;
талапкердің саяси-қоғамдық мәселелерден қаншалықты хабардар екенін, бұқаралық ақпарат құралдарын ажыратуы мен дербес пайымдауын анықтайтын сұрақтар;
талапкердің жалпы пәндерден:тарих,география,мәдениет, экономика, құқық салаларынан білімін тексеретін, өз ойын қорыта білуін анықтайтын сұрақтар;
талапкердің қызығушылық ортасы мен ой өрісін анықтайтын сұрақтар;
тұлғаның психологиялық деңгейін, байқампаздығын,байланыс орта алуын,талдап ойлау қабілетін анықтайтын сұрақтар.
елде және аймақтағы қоғамдық мәселерден хабардар екенін анықтайтын сұрақтар.
8.2 Шығармашылық әңгімелесу кезінде қойылуы мүмкін сұрақтар құрылымы:
- Заманауи қоғамдағы БАҚ-тың рөлі қандай?
- Журналистика мен саясаттың өзара қалай байланысты?
- Журналист не істемеуі керек?
- Заманауи қазақ журналистикасының ерекшелігі( баспасөз, радио, теледидар, ғаламтор).
- Қостанай журналистикасының ерекшелігі ( баспасөз, радио, теледидар, ғаламтор).
- Журналист имиджі: бұл не және қалай қалыптасады?
- Журналист шығармашылығы ( қазіргі таңдағы бір журналисттің шығармашылығының ерекшелігі).
- Заманауи қазақ жарнамасының ерекшелігі (баспасөздегі жарнама, радиодағы, теледидардағы, ғаламтордағы).
- Қазақстандағы мемлекеттік басқару органдары
- ҚР атқарушы биліктің құрылымы?
- ҚР заң шығарушы биліктің құрылымы?
- «2050 - стратегиясының» жалпы ережесі қандай?
- Бұдан басқа елімізге маңызы бар қандай құжаттарды білесіз?
- Қазіргі заман картасындағы «шиеленіс нүктелерін» атаңыз және сол жайлы толығырақ айтып өтіңіз?
- Халықаралық қақтығыстарға байланысты Қазақстанның ұстанымы қандай?
- Ядролық қару үрдісіндегі Қазақстанныің рөлі қандай?
- Әлемдік мәдениеттен қандай жауһарларды білесіз(әдебиет,музыка,сурет өнері және т.б) ?
- Қандай әлемдік көркемдік әдебиет сізге ұнады? Неліктен?
- Қазақ әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосқан жазушылар кімдер?
- Ахмет Байтұрсыновтың Қазақстан тарихы мен мәдениетіндегі рөлі қандай?
- Ғаламтордың мүмкіншіліктері қандай?
- Заманауи онлайн-кеңістікте Сіздің көңіліңізден не шығады?
- Сіз қандай әлеуметтік желіде тіркелгенсіз және қандай мақсатпен?
8.3 Әңгімелесу келесі критерия бойынша бағаланады:
40-35 балл: Өз ойын еркін жеткізу, ой өрісінің кеңдігі, ойын анық жеткізу, сөйлеу мәнерінің жоғарғы деңгейі. Логикалық ойлау және қорытынды жасай білу. Қазіргі БАҚ жайында толық ақпаратқа ие болу. Газет және теле-радио бағдарламаларының мәтіне сараптама жасай білу. Өз шығармаларын БАҚ бетінде жариялау.
34-30 балл: Сөйлеу мәнерінің жоғарғы деңгейі, соған сәйкес мәтін құрау қабілеттілігі. Қазіргі БАҚ жайында толық ақпараттану. Газет және теле-радио
бағдарламаларының мәтіне сараптама жасай білу. Мамандыққа деген қызығушылығы.
29-25 балл: Сөйлеу мәнерінің жоғарғы деңгейі. Қазіргі БАҚ жайында толық ақпараттану. Өз ойын еркін жеткізу. Жалпы білімділік. Газет және теле-радио бағдарламаларының мәтіне сараптама жасай білу.
24-20 балл: орта деңгейіндегі сөйлеу мәнері. Сөздік қордың жұтаңдылығы. Белгілі бір оқиғаға баға бере алмау. Ойлау қаблетінің баяулылығы. Журналистика жайында білімінің жетіспеушілігі. Газет және теле-радио бағдарламаларының мәтіне сараптама жасай білу.
19-15 балл: орта деңгейіндегі сөйлеу мәнері. Ойлау қаблетінің баяулылығы. Қазіргі БАҚ жайында білімінің таяздығы. Газет және теле-радио бағдарламаларының мәтіне сараптама жасай білмеу.
Менее 15 балл: Төмен деңгейдегі сөйлеу мәнері. Логикалық ойлай алмау, өз ойын жеткізе білмеу. Қорытынды жасай алмау. Шығалмашылық жұмысының барысын білмеу, дүниетаным шеңберінің тарлығы. Медиа сауаттылығының төмен деңгейі. Қойылған сұраққа дұрыс жауап бермеу.
Шығармашылық экзаменнің қорытындысы ҚМУ-дың комиссия мүшелерінің шешімі бойынша шығарылатын болады.
8.4 Емтиханды ұйымдастыру және өткізу ережесі бұзылған жағдайда немесе қабылдау сынағына әсер ету дерегі тіркелген уақытта шығармашылық байқаудың нәтижелері жойылып кетеді.
9 Келісім, сақтау және жеткізілім
9.1 Ережелердің келісімі ғылыми жұмыс және сыртқы байланыс проректоры, оқу және тәрбие жұмысының проректоры, заңгер-кеңесші, профориентация және кәсіби даму бөлімінің басшысы, ҚҚБ басшысы арқылы жүзеге асып, «Келісім парағында» рәсімделеді.
9.2 Аталмыш Ереженің алғы сөзінде көрсетілген сарапшылардың жобасын құрастырушылар жүзеге асырады.
9.3 Аталмыш Ережені сақтау үшін құжатпен қамту бөліміне жеткізуде жауапкершілікті құрастырушылар алады.
9.4 Аталмыш Ереженің электронды нұсқасын құжатпен қамту бөлімінің қызметкерлері: ГӘФ деканатына, профориентация және кәсіби даму бөліміне, журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасына, тіркеу бөлімі және оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру басқармасына, мұрағатқа таратады.
Достарыңызбен бөлісу: |