Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы



бет3/3
Дата16.09.2022
өлшемі40,94 Kb.
#149756
1   2   3
Байланысты:
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың отбасының қарым-қатынасы

ҚОРЫТЫНДЫ
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз, әр баласы еліміздің ертеңі екенін ескерсек, әрбір ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың сапалы білім алып, азамат болып қалыптасуына жағдай жасау —  біздің міндетіміз. Инклюзивті оқыту – ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы балаларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Сонымен қоса, инклюзивті оқыту үрдісі балаларды толеранттылыққа тәрбиелеудің бастауы болмақ. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар жандарға деген мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек етек жинап, ел болғалы толастамақ емес. Дегенмен бұл әрине мұндай жағдайда аздық, әлі де болса ойланарлық жағдай. Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардан болашақта қолдарынан іс келетін саналы азаматтар мен азаматшалар шықпасына кім кепіл? Ерекше білім беруге қажеттілігі бар жандардың қозғалыс мүмкіндігі шектелгенімен, жан-дүние кеңістігі аясының тарылып, күйзеліске ұшырауына жол бермеу − белгілі бір ұйымдардың міндеті ғана емес, қоршаған ортаның, қалың бұқараның басты парызы. Соңғы уақытта елімізде атқарылып жатқан істер инклюзивті білім беру жүйесінің қалануына негіз болары анық. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтар мен азаматшалар тәрбиелеу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет