Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар



бет4/14
Дата08.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#121111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Ақсу-Жабағылы қорығы

  • 1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша (биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрык, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
  • 2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағында өсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет