Табиғатқа қамқорлықпен қарауға, оны аялауға тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру;
Қазақстан Республикасының аумағында жойылу қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен құстардың сипаттамасы;
Оқушы зейінін табиғатқа аудару, өсімдік және жануарлар әлемінің күрделігі мен байлығын көрсету, қоршаған ортағңа құрметпен және ұқыптылықпен қарау сияқты экологиялық адамгершілік әрекеттерді қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
Күтілетін нәтиже:
Білімі терең, білікті, ұлттық игіліктер мен азаматтың құндылықтардың, рухани-мәдени мұралардың сабақтастығын сақатай отырып ой-өрісін, дүниетанымын кеңейте білетін тәрбиелі, өнегелі азамат тәрбиелеу.
Инабатты, ел-жұртын, атамекенің сүйетін нағыз ұлттық намысы жоғары азамат болып шығады.
Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы. Мектеп оқушылары табиғат және табиғат құбылыстары туралы терең білім дағдыларын игереді.
Оқушылардың сезімі, танымы, дағдылары өсіп дамиды.
Жобаның өзектілігі:
Жобаны іске асыруда оқушылар жан-жануарларды оның тану барысында қорғау қажеттігін, оқушылардың табиғатты қорғау және қоршаған ортамен байланысты туралы білімдерін қалыптастыруда өзектілігі қарастырады.
Оқушыларға табиғатты қорғау және оны зерттеу қажеттілігін түсіндіру болып табылады. Оқушылар жер бетіндегі өсімдіктер мен жануарлардың түрлерімен толық танысады, өсімдіктер мен жануарларды асырау және өсіру, күту бойынша теориялық дағдыларын меңгереді, әдебиеттермен жұмыс істеу тәсілдерін игереді.
Оқушылар табиғатты бақылау, өсімдік түрлерін ажыратып үйренеді.
Жобаның міндеттері:
Табиғат жөніндегі білімдерін кеңейту және тереңдету, оқушыларды белсенді білім алу дағдысына тарту, оқу-танымдық іскерліктері мен дағдаларын дамыту, ой-өрісін кеңейту.
Оқушының туған өлке табиғатына деген қызығушылығы, табиғат дүниесін аялау, құрметтеу, оны көркейту және баптап күту сияқты сезімдері қалыптасады. Олар экологиялық тәрбие алады, республикамыз бен қаламыздың экологиялық ахуалымен танысады, салауатты өмір салтына қалыптасады.
Оқушылар жануарлар мен өсімдіктер әлемі туралы білімдерін тереңдетеді, туған өлкесінің экологиялық ерекшеліктері туралы кең мәлімет алады. Жергілікті табиғатты қорғау мәселелері арасындағы байланысты анықтауды қамтамасыз етеді.
Алтын-Эмель
Баянаульский
Боровое
Иле-Алатауский
Каркаралинский
Катон-Карагайский
Кокшетау
Чарын
Ақсу-Жабағылы қорығы
Наурызым қорығы
Алматы қорығы
Барсакелмес қорығы
Қорғалжын қорығы
Марқакөл қорығы
Үстірт қорығы
Батыс-Алтай қорығы
Алакөл қорығы
Қаратау қорығы
Национальные парки Казахстана
Заповедники Казахстана
І бөлім: Қорықтар.
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы
Алматы мемлекеттік табиғи қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы
1926 жылы ұйымдастырылды. Бұл - Қазақстандағы ертеден келе жатқан қорық. Қорық Оңтүстік Қазақстан облысының Талас Алатауы мен Өгем жотасында 131,9 мың гектар жерді алып жатыр. Қорык төрт биіктік белдеуді камтиды. 1500 м биіктікке дейінгі төменгі белдеу өзіне тән өсімдіктері мен жануарлар дүниесі бар ла, 1500-2000 метр - даланың шалғынды, бұталы ағаш өсімдіктері өседі. Мұнда ағаш тәрізді арша(биіктігі 20 м аралығында), бадам бұтасы, жабайы жүзім, жабайы алма және басқа да оңтүстік өсімдіктері өседі. Жануарлардан мұнда елік, карақұйрық, борсық, бұғы, қабан, ақ тырнақты және т.б. жануарлар кездеседі.
2000-2300 метр биіктікте субальпілі шалғыны жатыр. Бұл белдеуде төселіп өсетін түркістан аршасынан басқа ағаш өсімдіктері жок. Онда таутеке, ілбіс, суыр, шақылдақтар, ал құстардан ұлар, кезеген торғай, шауқарға, қозықұмайлар мекендейді. Қорыктың аумағындаөсімдіктердін 1404 түрі бар, оның 47 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Құстардың 239 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 9 түрі және сүтқоректілердің 51 түрі, балықтың 2 түрі бар екені есепке алынды. Сүтқоректілерден қорғауға алынған аса бағалысы арқар, сібірдің таутекесі, бұғы, елік, жыртқыштардан ілбіс, ала мысық, борсық. Ең жоғарғы белдеу - биік таулы қарлы және мұзды шыңдар. Бұлардан аңғарларға құлап ағатын көбікті сарқырамалы тау өзендері басталады. Қорықтың Қаратау жотасы беткейлерінде палеонтологиялық филиалы бар. Бұл өңір 120 млн жыл бұрын теңіз түбі болған. Қазір оның орнында әр түрлі сирек кездесетін балықтар мен былқылдақ денелілердің, юра дәуіріндегі өсімдіктердің таңбалары сакталған. Қорықтың бұл бөлігінің органикалық дүние эволюциясын зерттеу үшін ғылыми маңызы бар.