Жоба: Қазақстанның «Қызыл кітабы». «Ілбіс. Ирбис. Uncia. Снежный барс»


Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы



бет3/7
Дата08.06.2018
өлшемі10,52 Mb.
#41478
1   2   3   4   5   6   7

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы

  • 1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алатайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдынықұрайды. Өкінішке орай, шығысында 1,5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін , бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

Құрылған жылы: 1984

  • Құрылған жылы: 1984
  • Көлемі, га: 223342
  • Орналасқан жері: Маңғыстау облысы
  • Тіркелген аңдар мен құстар: устірт муфлоны, қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан, қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі.
  • Pеспубликадағы ең жас қорықтың бірі. Ол Маңғыстау облысында 1984 жылы құрылды. Ауданы 223,3 мың гектар республикадағы ең үлкен бұл қорық Үстірт жерінде орналасқан. Қорықта сүтқоректінің 227, құстын 11 түрі, өсімдіктің 261 түрі кездеседі. Климаты солтүстік шөл зонасына тән: жазы ыстық, ұзақ, қысы қатаң, жауын- шашын мөлшері тым аз (жылына 120 мм). Қорыкты ұйым дастырудағы мақсат Қазақстандағы Қызыл кітапқа тіркелетін шөл зонасындағы 12 түрлі аң мен құстарды корғау мен сақтау. Жануарлар арасынан қорғауға жататыны: жабайы койдың ерекше түрі -үстірт муфлоны және қарақұйрық, ұзын тікенді кірпі, шұбар күзен, төрт жолақты қарашұбар жылан. Құстардан үялайтыны: қарабауыр шіл, кекілік, ителгі, шөл кекілігі. Қорықтың аумағында бір кезде осы арада кеңінен тараған жыртқыш ірі мысық қабылан мен құланның санын қалпына келтіру белгіленді. Ғалымдар шөлдің қатаң климат жағдайына бейім жануарлар мен өсімдіктің өмір сүруін зерттеу үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізбекші.
  • Үстірт мемлекеттік қорығы

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы

  • Құрылған жылы: 1992
  • Көлемі, га: 86122
  • Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы
  • Тіркелген аңдар мен құстар: марал оты, алтын тамыр, бұлғын, аю, сусар.
  • 1992  жылы құрылған, ауданы 56 мың гектар. Қорық Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында орналасқан. Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігінің солтүстік-батыс жағын, Холзун, Көксу және Иванов жоталарын қамтиды. Батыс Алтайға тән өсімдік жамылғысының бірнеше типі (қылқан жапырақты ормандар, субальпі және альпі шалғындары) сақталған. Қорықта жоғары сатыдағы өсімдіктердің 564, жануар дүниесінің 161 түрі, құстардың 120, сүтқоректілердің 20, балықтың 5 түрі кездеседі. Өсімдіктерден марал оты, алтын тамыр, жануарлардан бұлғын, аю, құндыз, сусар, борша  және т.б. сирек аңдар кездеседі. Ондағы жарыққылқанды (Сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.
  • Құрылған жылы: 1998
  • Көлемі, га: 65217,9
  • Орналасқан жері: Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
  • Тіркелген аңдар мен құстар:аққу, реликт шағала, қаз, тырна.
  • Қорық Алматы облысындағы Алакөл ауданында орналасқан. Атыраулық сулы-батпақты ландшафтылары қорғалады. Құстардың 257 түрі (олардың 12-сі «Қызыл кітапқа» енген), өсімдіктердің 270 түрі, сүтқоректілердің 21 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 3 түрі бар. Қорықтың негізгі мақсаты Алакөл жүйесіне енетін көлдерді мекендейтін су құстарын (аққу, реликт шағала, қаз, тырна және т.б.) қорғау.
  • Алакөл мемлекеттік табиғи қорығы
  • Құрылған жылы: 2004
  • Көлемі, га: 34300
  • Орналасқан жері: Алматы облысы және Шығыс Қазақстан облысы
  • Тіркелген аңдар мен құстар:
  • қарақұйрық, арқар, қоңыр тянь- шань аюы, қар барысы, тас сусары. 
  • Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы

  • 2004 ж. құрылды. Көлемі 34,3 мың гектар. Қорық шөлді ландшафты зонаның қоңыржай белдеуіндегі таулы жерде орналасқан. Қорықты құру себебі - аймақтың эндемикалық өсімдіктерін сақтау үшін және Қаратау жотасы республикада саны бойынша көне жерортатеңіздік өсімдік элементтерінің таралу жағынан бірінші орын алуында. Қорықта 1500 өсімдік түрін, жануарлар дүниесінен омырткалылардың 227 түрі, соның ішінде сүтқоректілердің 42 түрі, құстардың 114 түрі, балықтың 3 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 16 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа қарақұйрық, арқар, қоңыр Тянь- Шань аюы, қар барысы, тас сусары кірген. 114 құстың 80-і ұшатын оның 11 түрі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

Ілбіс. Ирбис. Снежный барс. Uncia.

  • Қар барысын қазақтар Ілбіс деп те атаған. Орталық Азияның Гималай, Памир, Тянь-Шань, Алтай Батыс Саян, Үлкен Кавказ секілді таулы аймақтарын мекен етеді. Түрік тілінен аударғанда (ирбиз) қар мысығы дегенді білдіреді. Қазіргі қар барысы атауы осы мағынадан туса керек.
  • Ілбіс — әлі толық зерттелмеген, сыры жұмбақ аң. Адам аяғы жете бермейтін биік шатқалдар мен құздарда тіршілік етеді. Үнi мысықтiкiне ұқсайды, айырмашылығы жуандау естiледi. Дене тұрқы – 120-130 сантиметр, салмағы 30-40 келi тартады. Қазақстанда Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы жоталарында, Үлкен Алматы шатқалында, Тарбағатайда, Оңтүстік Алтайда, Күршім жотасында, Бұқтырма өзенінің бастауында, Марқакөл атырабында ғана кездеседі. 

Каталог: uploads -> doc -> 1166
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1166 -> Білім беру саласы: «Қатынас» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Ағылшын тілі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет