Жоба: Қазақстанның «Қызыл кітабы». «Ілбіс. Ирбис. Uncia. Снежный барс»


Устюртский муфлон.Үстірт қойы. Горный баран. Тау ешкісі. Архар. Арқар. Ovis ammon collium



бет5/7
Дата08.06.2018
өлшемі10,52 Mb.
#41478
1   2   3   4   5   6   7

Устюртский муфлон.Үстірт қойы. Горный баран. Тау ешкісі. Архар. Арқар. Ovis ammon collium.

  • Дене тұрқы 160-168 см, шоқтығының биіктігі 105-112 см, салмағы 200 кг-ға жетеді. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Негізінен, көде, бидайық, қоңырбас, бетеге, қияқ, күйреуік, жусанмен қоректенеді. Жайылуға жазда таңертеңгілік пен кешкілікте, қыста күндіз шығады. Арқар 2.5 жаста жыныстық жағынан жетіледі. Қазан-қарашада күйлеп, 6 айдан соң аналығы, көбіне, жалқы қозықа табады. Арқар табиғи жағдайда 12-14 жыл тіршілік етеді. Арқар - биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар. Осы ерекшелігі ескеріліп, Қазақстанда арқар мен меринос қойды будандастыру арқылы қойдың ет пен жүнді мол беретін жаңа тұқымы – қазақы арқар-меринос қойы өсіріліп шығарылды. Республикада қойдың жаңа тұқымдарын одан әрі жақсарту үшін будандастыру жұмысына үлкен мән берілген. Арқар бағалы кәсіптік аң болғандықтан, оны аулауға тыйым салынған.

Арқарлар неге азайып кетті?

  • Бауырына алуан түрлі байлықты басқан асқар Алтай ежелден төсінен аңы, төбесінен құсы кетпеген құтты өңір еді. Шұрайлы өңірдің шырайын кіргізген сол құндылықтың бірі секі жартастардан секие қарап тұратын ай мүйізді арқарлар болатын. Бүгінде олардың да қарасы азайып бара жатыр... 
  • Соның кесірінен қоңыр аңы қойдай өретін қоңыр таулар құлазып тұр. Ең аяныштысы, дала серісі – арқарлардың азаюы.
  • Тасбұлақтың қайнарынан шөлін басып, алуан гүлдің нәрімен қоректенетін аң серісіне аңсары аумайтындар аз. Өйткені, табиғаты тазалықтан нәр алған бұл аңның еті дертке – дәру, жанға – шипа. Бірақ, біздің қызыл көз, қанды қолдарымыз оны бұл мақсатта емес, бір сәттік желіккен көңілдің құмарын басу үшін ғана қырып жүр. 
  • Нақты деректер өңірімізде мыңға тарта ғана арқар тұқымы бар екенін айтады. Аңның бұл тұқымы еліміздің біраз ғана облысында мекендейтінін ескерсек, жоғарыдағы сан өте аз көрсеткіш.
  • Бір кездері үйірімен үркіп жүрген бұл жұптұяқтының азайғаны ескеріліп, Қызыл кітапқа да енгізілген-ді. Соның нәтижесінде арнайы қорғаушылар шығып, заң тармақтарынан өздеріне тиісті еншілерін алған. Бірақ, бірақ... арқарлар адамдардан әлі қорқады...
  • Бұл бейуаз аңға деген ашкөздердің араны әлі де тыйылмай отыр екен. Негізі, белгіленген заңға сәйкес, бір арқардың құны үш миллион теңгені құрайды. Бірақ, қоңыр жонды осынау аң серісіне аузының суы құрыған «аңшы» ағайындар бәрін естен шығаратын көрінеді.

Біздің өңірде аңның бұл түрі негізінен Сауыр, Тарбағатай, Аягөз тауларын мекендейді. Әсіресе, соңғы екі таудың арқарлары «екі аяқты жыртқыштардан» бөлекше қорлық көріп келеді. Себебі, бұл өңірлердің таулары, қырқа-белдері жатаған келеді де, еріккендер жол таңдамайтын темір көлікпен жүріп-ақ арқарларды «тымақпен ұрып алатын» көрінеді. Ал тұлғасы биік Сауыр тауы темір көлікпен келген «қонақтарды» құшақ жайып қарсы ала бермейтіні анық. Атпен барғандарға арқарлар да алдыра қоймайды. Әттең, айлалы аңшының өзін қапы қалдырып кететін аса секемшіл де сезгіш хайуан дамыған техниканың жеміне айналып бара жатыр.

  • Біздің өңірде аңның бұл түрі негізінен Сауыр, Тарбағатай, Аягөз тауларын мекендейді. Әсіресе, соңғы екі таудың арқарлары «екі аяқты жыртқыштардан» бөлекше қорлық көріп келеді. Себебі, бұл өңірлердің таулары, қырқа-белдері жатаған келеді де, еріккендер жол таңдамайтын темір көлікпен жүріп-ақ арқарларды «тымақпен ұрып алатын» көрінеді. Ал тұлғасы биік Сауыр тауы темір көлікпен келген «қонақтарды» құшақ жайып қарсы ала бермейтіні анық. Атпен барғандарға арқарлар да алдыра қоймайды. Әттең, айлалы аңшының өзін қапы қалдырып кететін аса секемшіл де сезгіш хайуан дамыған техниканың жеміне айналып бара жатыр.
  • Атам қазақ қиын-қыстау заманда ошарлы отбасын аңмен асырағаны белгілі. Бірақ, оларда өзіндік тәртіп болған. Мысалы, төл ерткен аналық аңға немесе төлдейтін кезінде оларға қарата оқ атпаған. Таңдап тұрып тау ешкінің текесін, арқардың құлжасын атып, қанжығасын майлаған. Өкінішке орай, бұл қағиданы бүгінгі «аңшылар» саналарына сіңіріп жүрген жоқ. Неше шақырымдық жердегі нысананы қапысыз тауып тиетін қолындағы қаруына масаттанып, көзкөрім жердегі көлденең өткенінің бәрін баудай түсіреді. Бұл нағыз мәңгүрттік емес пе?! 
  • ...Құлжа қазан-қараша айларында үйірге қосылып, көктемге қарай арқарлар төлдейді. Қазақтың төрт түлік малының бірі – қойдың да сол мезетте тұқым жалғайтыны белгілі.
  • Арқарлардың ұрпақ қалдыруға кірісетін қазан-қараша айлары өздеріне ең көп қауіп төнетін мезгіл екен. Арқарлардың ішіндегі ең бағалысы – Алтай арқары. Бір кездері асқар Алтайдың барлық жерлерінде мекендеген арқардың бұл түрінің өткен ғасырдың басында тұқымы тұздай құрыған. Солардың ең соңғы тұяғы қазір біздің Күршім, Марқакөл өңірлерінде ғана қалғанын айтады арқармен айналысып жүргендер. Ал мамандар болса, шөптің сонысын жейтін текті жануардың құрып кетуін мал жайылымдарының кеңеюінен көреді.
  • Осылайша бұл күнде тек бертін ғана Қызыл кітапқа еніп, қорғауға алынған бұл жануардың халі қыл үстінде тұрған көрінеді. 

Неге десеңіз, тура біздің өңірдегідей айлалы «аңшылар» көрші жатқан үш елде де бар екен. Жан сауғалап, қашқан жануардың алдынан тағы да сол «екі аяқтылар» қарсы алып жатады. Сондықтан да Алтай арқарлары үшін «қайда барса да – Қорқыттың көрі» болып тұр. Тіпті, Moscow Times («Москоу Таймc») басылымының жазуына қарағанда, солтүстіктегі көршілер аңды тікұшақпен қуалап ататын көрінеді. Ал Шығыстағы көршілеріміз – арқар етінен дәрі жасаудың шебері. Біздегілерінің сиқын айтып жатудың өзі артық болар. Сонда тағдыры тәлкекке түскен арқардың, тіпті, барлық қоңыр аңның ертеңгі тағдыры не болады? Барлығын бүгін қырып салған соң ертеңгі ұрпаққа суретін ғана көрсетеміз-ау шамасы. 

  • Неге десеңіз, тура біздің өңірдегідей айлалы «аңшылар» көрші жатқан үш елде де бар екен. Жан сауғалап, қашқан жануардың алдынан тағы да сол «екі аяқтылар» қарсы алып жатады. Сондықтан да Алтай арқарлары үшін «қайда барса да – Қорқыттың көрі» болып тұр. Тіпті, Moscow Times («Москоу Таймc») басылымының жазуына қарағанда, солтүстіктегі көршілер аңды тікұшақпен қуалап ататын көрінеді. Ал Шығыстағы көршілеріміз – арқар етінен дәрі жасаудың шебері. Біздегілерінің сиқын айтып жатудың өзі артық болар. Сонда тағдыры тәлкекке түскен арқардың, тіпті, барлық қоңыр аңның ертеңгі тағдыры не болады? Барлығын бүгін қырып салған соң ертеңгі ұрпаққа суретін ғана көрсетеміз-ау шамасы. 
  • Бір жағымдысы, бұл қоңыр аңға бір жердің суын ішіп, бір таудың ауасын жұтып жүрген жергілікті қарапайым адамдар көп тиіспейді екен. Өйткені, олар біріншіден, арқарға қатысты қатал заңды білсе, екіншіден, туған жеріндегі бейбітшіліктің белгісіндей болып жүрген бейуаз аңның берекесін кетіргісі келмейтін сыңайлы. 
  • Еркіндігінен басқа ештеңені қаламайтын, өзі тектес ешбір аңға зәбір көрсетпейтін оның қоңырлығын қазақ мінезімен байланыстырады көзі қарақты аңшылар. Мінезін қайдам, маған сұқталған суық қарудың ұңғысына жұтылып, азайып бара жатқан арқар мен қолдан жасалған қырғындарда қынадай қырылған қазақтың мұң-зары бір, тағдырлары талайлас сыңайлы болып көрінеді де тұрады. Оның үстіне көшпенді бабаларымыз табиғаттың тосын мінезін немесе қылышын сүйреткен қыстың алдағы ахуалын арқардың жүріс-тұрысына қарап біліп отырған. Мысалы, қыс қатты болатын жылдары арқар тау етегіне ерте түсіп алса, қыс жайлы болатын жылдары тау басында қалып қойып отырған. Демек, ғылым мен техникадан бұрын-ақ дала академиктері күні бұрын күн райын арқарлар арқылы да айқындап отырғаны аян. Бұл сөзге дәлел етіп, ел аузында жүрген «Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар?» деген мәтелді айтуға болады. Бірақ, бүгінгі арқарлардың аяздан қорқып ауып жатқанынан, адамның қолынан азайып бара жатқаны басымырақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет