Ересек «Ақбота» тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Білім беру саласы: «Қатынас» «Әлеуметтік орта»


Тәрбиеші: Егер де ауа ластанса не болады? Балалар



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі23,2 Kb.
#83084
түріКонспект
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
табиғат семинар

Тәрбиеші: Егер де ауа ластанса не болады?
Балалар: -Адамға, жануарларға, тыныс алу үшін ауа қажет.Біз ауасыз тіпті бірнеше минутқа да шыдай алмаймыз.Ауаны біз көре алмаймыз,бірақ сеземіз.Біздің айналамызды түгел ауа қоршап тұр.
Ауа мөлдір, түссіз, иісі болмайды.
Тәрбиеші: -Балалар ауа туралы кім тақпақ біледі.
Жер шары дәу әлем
Қоршаулы ауамен
Ауасыз кім шыдар,
Ауасыз тұншығар.
Тәрбиеші: Егерде су ластанса не болады?
Балалар: Сусыз өмір жоқ,онсыз өсімдіктер өспейді. Суды ішеміз,кір жуамыз,тамақ істейміз.Адамдар да тіршілік ете алмайды.
Тәрбиеші: -Су қандай зат? Су қайдан көруге болады?
Балалар: Су сұйық зат ,ол бұлақ ,өзен,көл,теңіз,мұхиттарда болады.Аспаннан жауын ,қар түрінде түседі.Күн суытқан кезде су қатып мұзға айналады.
Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар,бізге су өте қажет .Суды ластауға, ысырапсыз төгіп, жұмсай беруге болмайды. Суды адам барлық тіршілігіне пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет