Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет7/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

медиа-
мәтін
деп атауға болады. Жалпы БАҚ-тың ақпаратты жеткізу 
формасына қарай үш түрге бөлінетіні белгілі: телевизия, радио және 
мерзімді баспасөз. БАҚ тілі нысанаға алынғанда лингвистика 
ғылымындағы негізгі ұғым мәтінге бұқаралық коммуникацияда жаңа 
мағыналық реңктер үстеледі. Сөйтіп, БАҚ арқылы таралатын 
аудиалды және визуалды түрде қабылданатын хабарламалардың бәрі 
біріге келіп вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде 
медиа-мәтін
ұғымын құрайды» [70, 3], – дейді. 
Сонымен қатар ғалым публицистикадағы адресат факторы, газет 
мәтінінің интерпретациялануы, ақпаратты кодтау және оның оқырманның 
ашуы сияқты мәселелерге жекелей тоқталады. Аталған еңбекте 
адресант пен адресат арасындағы рөлдік қатынастар да тереңінен 
қарастырылып талқыланған. Мұнда Қ.Ө. Есенова журналист пен 
оқырман арасындағы қатынастардың бірнеше түрін көрсеткен: 

Газет мәтініндегі адресант пен адресат – субординациялық 
коммуниканттар; 

Газет 
мәтініндегі 
адресант 
пен 
адресат 
– 
пікірлес 
коммуниканттар; 

Газет мәтініндегі адресант пен адресат қарсы пікірдегі 
(оппонент) коммуниканттар. 
Ғалым сондай-ақ публицистикалық мәтіндегі модальділік 
категориясын сөз етіп, бұл категорияға қатысты негізгі міндеттерді 
және осы модальді-прагматикалық аспектінің үш параметрін бөліп 
көрсетеді. Одан басқа автор газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін 
сипаттайтын тәсілдердің бірі – қарқындылық мәселесіне жекелей 
тоқталып, оның контраст принципі, тілдік қайталаулар, сөз ойнату 
сияқты үш тәсілінің қазақ медиа-мәтінде қалай көрініс табатындығына 
талдау жүргізеді. 
Автор зерттеу нысанына алған тағы бір мәселе – баспасөз 
мәтініндегі концептілердің берілу ерекшелігі. Айта кететін бір жайт, 
ғалымның зерттеулері жалпы заманауи газет тіліне емес, ондағы саяси 
дискурсқа шоғырланған. Сондықтан мұнда қазіргі қазақ баспасөзіндегі 
саяси концептілерге көбірек көңіл бөлінген. 


29 
Қ. Есенова аталмыш еңбектің үлкен тарауларының бірін мақала 
атауларының прагматикалық қырын тануға арнап, оны «Қазақ 
газеттеріндегі тақырыпаттық кешеннің прагматикасы» деп атайды. 
Мұнда ол тақырыпат кешенінің әрбір сатысына, олардың маңызы мен 
атқаратын міндеттеріне тоқталады. Сонымен қатар оқырмандар 
тарапынан газет мәтінін қабылдаудағы тақырыпаттың қызметі жан-
жақты қарастырылып, қазақ басылымдарынан жиналған тілдік 
материалдар негізінде дәйектелді. Ғалымның көрсетуі бойынша, 
«Тақырыпат медиа-мәтіннің ажырамас маңызды бір бөлігі бола 
отырып, атауыштық, ақпараттық және прагматикалық қызметтер 
атқарады» [70, 38]. Диссертацияда публицистикалық тақырыпат 
прагматикасындағы тыныс белгілері, фразеологизмдер, сөзойнатым 
және бейлингвистикалық құралдардың ролі сарапқа салынып, 
әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері нақты мысалдар жүзінде 
көрсетілген. 
Н.Ж. Дәулеткереева өзінің диссертациялық жұмысы аясындағы 
зерттеулерін әрі қарай тарқатып, «Газет тақырыпаттарындағы 
қайталамалардың прагматикалық қызметі» атты ғылыми мақаласын 
тілдік қайталамалардың публицистикалық мақала атауларында 
қолданылу ерекшеліктерін, олардың оқырман санасына, мақаланы 
қалай қабылдауына әсерін сөз етуге арнайды. Ғалымның ойынша, 
қазіргі баспасөз тақырыпаттарында кездесетін тілдік қайталамалар 
оқырманның назарын аудару, мәтінде берілетін негізгі ойдан хабар 
беру, негізгі мәтінге сілтеме жасау, адресант көзқарасы мен характерін 
таныстыру сияқты қызметтерді атқарады. «Аталған міндеттерге қоса 
қайталамалар негізінде адресант факторының жекелік ұстанымдары 
анықталады. Олар: өзгеге деген сенімсіздік, өнеге тұту, мақтан ету, 
сүйсіну, жирену, шенеу, жирендіру, таңдану, қастерлеу, жай ғана 
хабарлау, 
ескерту, 
жоқтау. 
Сонымен 
қатар 
қазіргі 
баспасөз 
тақырыпаттары мен айдарларындағы қайталамалық құрылымдар, 
қайталамаға негізделген фразеологиялық тіркестер, мақал-мәтелдер, 
дайын өлең үзінділері адресатқа жеткізер ойдың нақты да жинақы, әрі 
әсерлі болуын қамтамасыз етеді» [71, 65]. 
Осылайша, газет тақырыпатын зерделеуге арналған ғылыми 
еңбектерді зерттеу нысандары (аспектілері) бойынша шартты түрде 
мынадай түрлерге бөліп қарастыруға болады: 


30 
Кесте 1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет