Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы газет тақырыпаттарының прагматикалық Қызметі



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата06.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#81360
түріМонография
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
7-gazet-gramm

өткерген бұл ауылды көп елді мекеннің бірі ғана емес, бірегейі деуге 
болады. Олай дейтініміз, осы Қастек ауылының адамдары 1934 жылға 


57 
дейін Кеңес өкіметін мойындамай, Суықтөбе тауының жықпыл-
жықпылына тығылып алып, ақ гвардияшылармен де, қызылдармен де 
атысып, олардың ырқына көнбегені өз алдына бір әңгіме. Кейін Кеңес 
өкіметі тарапынан сол қылықтарының зардабын қастектіктер 
әбден көрді де. Біраз адамның қырғыз асып, жан сақтауға мәжбүр 
болуы бұл сөзіміздің бір айғағы. Тоқтасын ағамыздың әкесі Меңдебай 
ақсақал да сондай алмағайып заманда Қырғызстан асып кеткен екен. 
Ол Ұлы Отан соғысы басталған шақта ғана ауылға қайта оралыпты. 
Бірақ тағдыр тауқыметі, аштық пен қуғын-сүргін, ауыр жұмыс 
денсаулығына көп зардабын тигізсе керек, ауылға оралысымен-ақ 
дүниеден озған көрінеді. Тоқтасын ағамыз бен Күләй апамыз, міне, 
осылайша жетім-жесір атаныпты. Бірақ олардың бағына көп 
ұзамай соғысқа кеткен Меңдебайдың бауыры Нүсіпқұл жараланып, 
елге оралыпты. Жетімі мен жесірін жылатпаған ел емеспіз бе, 
Нүсіпқұл аға бауырының отбасын қамқорлығына алып, Тоқтасын 
ағаның алаңсыз ер жетуіне, оқып білім алуына көп көмек көрсетті. 
Ол кезде қазіргідей емес, ағайын мен туғанның, абысын мен ажынның 
өте тату кезі. Қатықсыз қара шайды, қатқан нанды қақ бөліп 
жейтін ауыл адамдары тағдыр тауқыметін бірге көтеретін. 
Тоқтасын ағаның құрдастары да ызғарлы соғыс жылдарының 
ауыр нәубетін арқалап өсті. Содан да олар қайыспайтын қара нардай 
берік болып қалыптасты. Ауылдағы Бұлантай атамыз ашқан 
бастауыш мектепте Әбуғали Монтаев, Тоқтасын Әбдіқалықов, 
Хамит Дөшкеев, Базарбай Спанов, Жамал Ысқақкеліні сияқты білікті 
ұстаздардан білім алған Тоқтасын Алматыдағы №12-ші қазақ орта 
мектебінде оқуын жалғастырды. Бұл мектепте де үздік оқыған ол 
1958 жылы Мәскеудің Бауман атындағы жоғары техникалық 
училищесіне оқуға түсті. Біз онда 3-4-сыныпта оқитынбыз. 
Көршілес тұратындықтан да болар, менің анам Сәлиха мен 
Тоқтасын ағаның шешесі Күләй апамыз өте тату болатын. Екеуі 
егіс алқабында да, қырман басында да темекі тізбесінде де бірге 
жүріп, бірге еңбек ететін. Таң бозынан кетіп, жұмыстан қас қарая 
оралатын екеуі үйдегі бір шәугім шайды да бірге іше отырып, шер 
тарқата сырласушы еді. Сондағы Күләй апамыздың көбіне айтатыны 
баласы Тоқтасынның жайы болатын. «Тоқтасыным оқуын бітірген 
соң келін аламын. Шіркін, сол күнге жетсем ғой», – деп армандап 
отыратын. Баласының жұрттың аяғы жете бермейтін Мәскеуде 
оқитынын мақтаныш көретін апамыз, тәубе, ол арманына жетті 
де. Алайда ол күнге дейін апамыздың талай қиналыстан өткені анық. 
Әлі есімде, бірінші курсты бітірген соң Тоқтасын аға ауылға 
келді. Жаз бойы тыным көрмей, ұжымның шөбін шабысты, астығын 


58 
орысты, темекісін жиысты. Бірақ күзді күні ақысын еңбеккүнмен 
алды. Онда колхозда ақша жоқ, еңбеккүн үшін әркімге мөлшерлеп 
арпа-бидай, шөп беретін. Қалтасында көк тиыны жоқ студент 
Мәскеуге қайтуға ақша таппай қатты қиналған. Біреуден ала тұруға 
да еш мүмкіндік жоқ. Себебі, елдің жағдайы бірдей. Сол кезде Күләй 
апамыз зыр жүгіріп, баласының қайтар жолына қажет тиын-
тебенді жылап-сықтап жүріп, зорға жинап бергені әлі көз алдымда 
тұр. Нүсіпқұл ағаның үйіндегі Тоқтасын ағаның жеңгесі Анаркүл 
тәтеміз де бұл әулетке оңынан кездескен екен. Күләй апамыздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет