84
Шынымен де, күнделікті өмірдің өзінде бір емес,
екі рет
қайталанып айтылған сөз есте жақсы сақталып, алынған ақпараттың
сапасы да анағұрлым жоғары болатыны сияқты публицистикада да
тілдік қайталама ақпаратты дұрыс сарында таратып,
оның оқырман
тарапынан қалай қабылданатындығына сәйкесінше әсер етеді.
Н.Ж. Дәулеткереева
публицистикалық
мәтіндерде
тілдік
қайталамалардың қолданылу ерекшеліктерін зерттей келе, осы
тақырыпта «Газет тақырыпатындағы қайталамалық қолданыстың
прагматикалық мәні» атты еңбегін жазады. Аталмыш еңбекте автор
газет тіліндегі қайталамалардың дыбыстық (фонетикалық), морфологиялық,
лексикалық және синтаксистік түрлерін бөліп көрсетеді [143].
Дыбыстық (фонетикалық) қайталаулар
–
мақала атауында
жекелеген бір (кейде екі-үш) дыбыстың қайталанып келуі. Мұндай
қайталаулар тақырыпаттың экспрессивтілік табиғатында өз көрінісін
табады: фонетикалық бірліктердің қайталануы негізінде туындайтын
«ырғақтылық» реципиенттің оны қабылдауын жеңілдетеді. Газет
тақырыпаттарында
аллитерация, ассонанс, анафора, эпифора сынды
дыбыстық қайталау түрлері мейлінше көп кездеседі.
Морфологиялық қайталаулар
– газет тақырыпатында өзара
ұқсас морфемалары бар бірліктердің қайталанып келуі. Мысалы: «
Мен
қазақпын, биікпін, байтақ елмін, қайта тудым, өмірге қайта
келдім…
» (ЕҚ. – 31.05.2012), «
Өсемiз бе, өшемiз бе?
» (П. – 1994. №8)
Лексикалық қайталамалар,
Қ.Ө.Есенова тілімен айтсақ,
«сөйлемнің бөліктерін байланыстырушы
қызметін атқара отырып іс-
әрекеттің қарқындылығын немесе басқыштана сатылануын, өрбуін
көрсетеді» [70, 30]. Кейде авторлар мақала атауында бір сөздің түрлі
тұлғалық формаларын қолданып жатса, енді бірде оның әртүрлі
мағыналық реңктерін, кейде тіпті
омонимдерді өзара іргелес
жымдастырып, қолданып, нәтижесінде «ойнақы» тақырыпаттар да
туындап жатады: «
Достарыңызбен бөлісу: