Ергали Сериктин аудармасы бабылдык бай



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата08.02.2022
өлшемі0,57 Mb.
#103539
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
[pdf] Жорж С.Клейсон — Байлық кілті (1)

№ 3 Сазбітік
Бұл кісілерге,бəрін қосқанда - жүз он тоғыз күміс, жүз қырық бір жез
бақыр қарызбын. Бұларды қайтару мүмкіндігім болмағандықтан, өзімнің
аңғырттығымның кесірінен, əйелімді төркініне жіберіп, ал өзім туған
қаламнан безіп, өгей өлкеге жеңіл байлық іздеуге аттандым, бірақ ол
сапардан масқараға ұшырап, абыройымды айрандай төккен құлдыққа
сатылдым.
Матон маған табыстан бөлінген ұсақ үлестермен қарызымды өтеу
жолын көрсеткесін ғана, мен өз ақымақтығымнан қашып құтылуға
тыраштанған ақылсыздығыма көз жеткіздім.
Сондықтан да, мен өзімнің қарызгерлерімді аралап шығып, оларға
өзімнің қорымның жоқтығын жəне қарызды бірден өтей алмайтынымды
айтып, өз табысымның оннан екі бөлігін əділ түрде бөліп отыратынымды
жеткіздім. Осы ғана қолымнан келді.Сондықтан олар да, мен өзімнің
міндеттемемді толық орындағанша, шыдамдылықпен күтулеріне тура
келеді.
Досым санайтын Ақпар мені ауызына келген былапыт сөздермен
балағаттап,дымымды қалдырмады, ал мен кірерге тесік таппастан,
ұнжырғам түсіп кеттім. Біретшік шаруа өзінің аса мүдделі жағдайын
айтып, бірінші есептесуімді сұрады. Үй жалдаушы Алқахат менің
жоспарыммен келіспейтінін айтып, тез арада қарызды өтемесем, маған
қорлық көрсететінін білдіріп, қоқан-лоққы жасады.
Қалғандары 
жоспарыммен 
қуана 
келісті.Сондықтан 
да, 
мен


бұрынғыдан бетер қарызымды қайтаруға мүдделімін, одан бұрынғыдай
қашқаннан гөрі.Тіпті, қарызгерлерімнің барлық талабын атқармағанның
өзінде, оларға мен əділ түрде берешекті төлеп отырамын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет