«Әріптестер алға, қанаттарың талма!» (жас мамандарға арналған сайыс)
1-Жүргізуші: Құрметті әріптестер! Бүгінгі «Әріптестер алға, қанаттарың талма!» атты жас мамандарға арналған сайысымызға қош келдіңіздер. Балабақшадағы педагог міндеттерінің көлемі өте ауқымды, әрі қуыныш пен жеңістен гөрі қобалжу мен қиындықтарға толы. Осы ыстығы мен суығы қатар жүретін жолды таңдаған жас мамандардың өзара бәсекесіне куә боламыз.
2-Жүргізуші: Тәрбиешілер елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілін анасынан кейінгі сіңірушісі, үйретушісі.
Жас мамандар ортаға,
Төрлетіңдер, келіңдер!
Бір - біріне еріңдер,
Білімінді тексеріп,
Ойынға қатысып көріндер!
1-Жүргізуші: Ендеше ортаға бүгінгі кештің қатысушыларын шақырамыз!
Бұлақ көрсе, көзін аша білетін,
Бала десе, бірге ойнап күлетін.
Айнагүл Ғазизқызы бар мінекей,
Мейірімімен елжіретіп жүретін.
2-Жүргізуші: Жас та болса іскер әрі өнерлі,
Жүректерде күй қалдырған әсерлі.
Шақырайық зор құрметпен сахнаға
Музыка жетекшісі Жасталапқызы Әселді!
1-Жүргізуші: Жер құлпырып хош иісті гүлімен,
Ұйықтамаған сайыс үшін түнімен.
Сап - салмақты педагогты Ильинична Айнұрдай
Шақырамыз әсем саздың үнімен.
2-Жүргізуші: Қандай бақыт тобың болса жан - жақты,
Білімімен салса ойға «қармақты».
«Құмырсқаларды» алға бастап келеді
Людмила Валерьевна тәрбиеші ардақты.
1-Жүргізуші: Сайысқанда тату болған жеңеді,
Татулықпен әрбір ісің өнеді.
«Сұңғарға» таң қалады барлығы
Киселёва Сандуғаштың тобы ғой ол себебі.
2-Жүргізуші: Жүректен өлең төгіп, қосқан жырға,
Тұлпардай топтан озған жүйрік тұлға,
Қошеметтеп, халайық қол соғыңдар,
Абілхайрқызы Альбина тәрбиеші қызымызға.
1-Жүргізуші: Ақыл, көрік бойында бір жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Дефектолог Тілекқабылқызы Бағила.
Жаны дарқан балаларды зерттейді.
2-Жүргізуші: Жас мамандар өнерін салыстырып,
Жеңіс үшін өнерін шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік қазыларды таныстырып...........................................................................
1-Жүргізуші: Байқау шарттарымен таныстыру
2-Жүргізуші: Қатысушыларды ортаға реттік номерін анықтауға шақырамыз.
1-Жүргізуші:Портфолиода жинақталар педагогтың еңбегі,
Ұқыптылық талап етер ертеңі,
Жетістік пен нәтижелер қоры бұл,
Педагогтың жұмысынан сыр шертеді,-дей отыра алғашқы кезең «Портфолиомен таныстыру» кезеңін бастаймыз.
2-Жүргізуші: ІІ кезең- «Педагог қызметкерлердің біліктілігін тексеру тест сұрақтары».
1-Жүргізуші:Ал, педагог мамандар сайысқа қалайсыздар,Сіздер өтер әліде көп сын бар,-дей отыра ІІІ кезең-«Педагогикалық жағдаяттар» сайысына жеттік.Қатысушылар ортаға шығып, үстел үстіндегі педагогикалық жағдаяттарды суырып, сол жағдайдан шығу жолын айтады. Ойлануға 2 минут уақыт беріледі.
2-Жүргізуші: Мамандықтың сан түрлі әдісі бар,
Оның сырын біледі ме, қатысушылар
Өздері таңдап алған ертегіні
Ал, қане сайыскерлер сахналаңдар - дей отырып, келесі кезекті IV кезең-«Қойылым» атты сайысымызға береміз.
1-Жүргізуші:Сайысымыздың V кезеңі- «Үй тапсырмасы» сайысын бастаймыз. Шарты: күнделікті балаларды тәрбиелеу мен оқытуда қолдана алатын, қатысушының өз қолымен жасалған дидактикалық материалы.
2-Жүргізуші: Сөз кезегі әділқазы мүшелеріне беріледі. Марапаттау.
1-Жүргізуші:Бүгінгі оздырылған «Әріптестер алға, қанаттарың талма!»атты жас мамандар байқауы өз мәресіне жетті. Қатысушылардың барлығына алғыс айтамыз, жүлделі орындарымен құттықтаймыз. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуда әрқашан жұмыстарыңыз жемісті болып, қанаттарыңыз талмасын! Келесі кездескенше сау болыңыздар! Назарларыңызға рақмет!
№13«Золотой ключик» бөбекжайының қазақ тілі мұғалімі:
Саменова Гүлжан Болатқызы
Достарыңызбен бөлісу: |