Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Дәріс № 14 Тақырыбы: сирек және бағалы түрлердің генофондын тұрақты пайдалану және сақтау



бет15/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)
Дәріс тезистері(1), Виды речевой деятельности (1), Багила кмж
Дәріс № 14

Тақырыбы: сирек және бағалы түрлердің генофондын тұрақты пайдалану және сақтау.

Дәріс жоспары:

  1. Жануарлар қорын сақтау, тұрақты жаңарту және пайдаланудың жалпы принциптері, оның заңды реттелуі.

  2. Қазақстан территориясындағы ғаламдық қауіптегі жануарлар түрі, олардың қоры және сақтау келешегі.

  3. Жануарлар қорын тұрақты пайдалану және қорғау облысында халықаралық қызметтестік.

Биоалуан түрлілік бойынша Халықаралық Конвенция қол қою үшін 1992 жылы ашылған. Конвенцияның мақсаты – сирек және жойылу алдындағы жануарларды, олардың тіршілік ортасын, биологиялық және ландшавттық алуандығын өмірлік маңызды қор ретінде қорау. Қазақстан Республикасы 1994 жылы ұлттық стратегия, биологиялық түрді пайдалану және сақтау бойынша іс-шара жоспар құрып, Конвенция бекітті. Одан ертеректе (1975ж.) жойылу алдында тұрған фауна және флора түрлерін халық аралық саудаға шығалу туралы Конвенция жетілдірілген. Биоаландықтың азаюының маңызды факторы сирек жануарларды, өсімдіктерді, олардың бөлшектерін саудаға салу болды.

Қазақстан 2000 жылы Конвенцияға қол қойды.

Жануарлар әлемінің даму деңгейі бойынша Қазақстан палеарктикалық зоогеографиялық аймаққа кіреді. Ондағы жануарлар әлемінің пайда болуы мен қалыптасуы өсімдіктер әлеміне ұқсас. Неогенде Қазақстанда тропикалық және субтропикалық жануарлар болған. Олар Үнді мен Африка жануарларына ұқсас болған.мұз кезеңінде кейбір жылусүйгіш түрлері жойылған, ал кейбіреулері жылы жаққа көшкен. Олардың тек кейбір түрлері ғана Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінің таулы аймағында (Жоңғар Алатау, Іле Алатау, Кетмень) сақталған.

Ары қарай даму мұздар кеткеннен кейін жалғастырылған. Бұл топқа дикобраз, жолбарыс, қабан, марал , ақ және қызыл құтан жатады. Мұздану кезеңінде солтүстіктен Қазақстанға суыққа төзімді жануарлар ауысқан. Мұздықтар кеткеннен кйін Қазақстанға жануарлар мен құстардың ортаазиялық түрлері келе бастаған. Олардың арасында кейіннен жазыққа көшкен ақ қоян, құр, тоқылдақ, кедровка бар.

Қазақстанның жануарлар әлемі өте бай, онда сүтқоректілердің 178 түрі, құстардың 489 түрі (оның ішінде 396 осында тіршілік етеді, қалғандары қыста ұшып келеді немесе көктемде, күзде ұшып өтеді), бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі, қосқұрлықтылардың 12 түрі, балықтың 104 түрі, домалақ ауыздының – 3 түрі және омыртқасыздардың 50 мың түрі бар.

Қазақстан фаунасының инвентаризациясы тек омыртқалылар үшін аяқталған, басқа класстар үшін жалпылама мәлімет жасалған. Популяция жағдайын жүйелі бағалау тек кәсіптік маңызы бар түрлерге жүргізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет