Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Дәріс № 2 Тақырыбы: жануарлар әлемін жүйелі түрде қарастыру



бет2/30
Дата18.05.2020
өлшемі99.59 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Дәріс № 2

Тақырыбы: жануарлар әлемін жүйелі түрде қарастыру.

Дәріс жоспары:

  1. Республика жануарлар әлемінің жүйелі құрамы, оның таралу ерекшеліктері

Қазақстанның қазіргі кездегі өсімдік әлемін қылқанды және ұсақ жапырақты ормандар құрайды. Геоботаникалық қатынаста олар қылқанжапырақты ормандар (Оңтүстік Алтай), Батыс сібір орман-жазықтары (Солтүстік Қазақстан), еуразия жазықтары (Волга-Орал, Мугоджар-Торғай, Есіл-Нұра, Ұлытау-Сарысу, зайсан көлінің жағалаулары) Азия шөлі (Тұран алқабы, Солтүстік Тянь-Шань, Қаратау) территориясын алып жатыр. Жануарлар әлемінің дамуы деңгейі бойынша Қазақстан палеарктикалық зоожағрафиялық аймаққа кіреді. Ондағы жануарлар әлемінің пайда болуы мен құрылуы өсімдіктер әлемінің даму тарихына ұқсас. Қазақстанның жануарлар әлемі алуан түрлі және сүтқоректілердің 178 түрінен, құстардың 489 түрінен, бауырымен жорғалаушылардың 49 түрінен, қосқұрлықтылардың 12 түрінен, балықтың 104 түрінен және омыртқасыздардың шамамен 50 мың түрінен тұрады. Жануарлар әлемі зоналармен таралған: орманжазық және жазық (Қазақстанның солтүстік жағы Ертіс өзені маңайы), шөл мен шөлейт (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалауы, Орал өзені аймағы, Балхаш, Зайсан өзендерінің жағалаулары, Сырдария және Сарысу өзендерінің аймағы, сонымен қатар Торғай үстірті, Қызылқұм, Бетпақдала, Үстірт, Алтай, Саур-Тарбағатай, Жоңғар Алатауы және Тянь-Шань етегі, Қаратау, Ұлытау және Қазақ ұсақ құмдығы).

Орманжазық құстары көп және алуан түрлі. Аққайыңдарға ақ құр, ұзақ, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар ұя салады. Ашық жерлерде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәукілдек тіршілік етеді.

Өзен жағалауларында, қамыс, құрақ, және басқа өсімдіктер арасында суда жүзетін құстар көп. Мұнда қаз, үйрек және шағала кездеседі.өзендерде аққулар (қиқылдақтар), ал батпақтарда сұр тырналар мен қамыс ителгісі тіршілік етеді. Орманжазықтар Қазақстанның ең жақсы меңгерілген табиғи зоналары.орманжазық аймақтарда сүтқоректілерден қояндар, су тышқаны, ақ тышқан, елік, қасқыр мен түлкі тіршілік етеді. Құстардан – барлық жерлерде кездесетін құр, бұлдырық тіршілік етеді. Аққайың ормаааны арасында тіршілік ететіндер жыртқыш құстар: қырғи, сұңқар, тоқылдақ, қарғалардың кейбір түрлері тіршілік етеді.

Алтай, Жоңғар, Тянь-Шань тауларында, Қазақ ұсаққұмдығында негізінен солтүстіктен, оңтүстіктен, Жерорта теңізінен, Қытайдан ауысып келген жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Бұл жерде мүйізсіз бұғы, тиін, орман тышқаны, саңырау құр, құр, қаршыға, тоқылдақтың кейбір түрлері және басқалары тіршілік етеді. Олар грек жаңғағымен, пістемен, бадаммен, және жергілікті өсімдіктермен қоректенеді. Олардан басқа, Алтайда қоңыр аю, тау күркетауығы – ұлар, дала бозторғайы тіршілік етеді. Жоңғар Алатау, Күнгей Алатау таулы аймақтарында марал, сілеусін, тышқан, торғай, сары шымшық; Батыс Тянь-Шаньда – мензбир суыры, ұзынқұйрықты тышқан, шыршалы ормандарда марал, сілеусін, елік, Альпі жазығында тау текесі, барс, арқар, құстардың кебір түрлері кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет