Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Тақырыбы: ихтиофаунаның қазіргі кездегі жағдайы, даму келешегі



бет7/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)
Дәріс тезистері(1), Виды речевой деятельности (1), Багила кмж
Тақырыбы: ихтиофаунаның қазіргі кездегі жағдайы, даму келешегі

Дәріс жоспары:

Балық қорын бөлу.



  1. Балықтардың негізгі түрлері – өндіріс және спорттық аулау обьектілері, олардың биологиялық ерекшеліктері.

  2. Балық қорын қолдану динамикасы және тиімді жаңарту шарттары

  3. Балық қорын қолдануды заңды түрде реттеу.

  4. Республика территориясындағы тоғандық балықшаруашылығы, оның қалыптасуы және қазіргі кезгі жағдайы.

  5. Тоғандық балықшаруашылығының негізгі объектілері.

  6. Балық және тоған шаруашылығын жүргізудің экономикалық негіздері.

Қазақстанның балықшаруашылық қорының құрамына Каспий және Арал теңіздерінің елеулі акваториясы, Балхаш өзені, өзендердің Алакөл жүйесі, Бухтарминск, Капшағай, Шардара су қоймалары, және басқа халықаралық, республикалық және жергілікті маңызды су қоймалары кіреді. Каспий теңізін есептемегенде, су қоймаларының жалпы ауданы шамамен 5 млн. Га.

Қазақстан балық шаруашылық су қорына және балықшаруашылығы мен балық аулау шаруашылығына өте бай. Республика халқының болжамды өсуін ескерсек және халықты балықпен және балық өнімімен қамтамасыз етудің ғылыммен ұсынылған нормасын қанағаттандыру үшін аулау, тауарлық балықты жетілдіру және балықты импорттау көлемін жылына 272 мың тоннаға жеткізу керек.

Антропогендік фактор (өзен арналарын реттеу, басқа шаруашылық жұмысы) әсерінен келетін шығын орнын толтыру мақсатында, республикада 7 балықпитомнигі, 2 уылдырықтау-жетілдіру шаруашылығы, 2 бекіре балықсу шаруашылығы және республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын болып табылатын Қазақ өндірістік жерсіндіру станциясы бар, олар бағалы балық түрлерін (бекіре, карп, сазан, толстолобик, ақ амур) көбейтіп оларды табиғи су қоймаларына жіберумен айналысады. Жыл сайын жас балықтарды жіберу 143,6 млн данаға жетеді, оның ішінде 6 млн. дана жас бекіре Каспий теңізіне.

Кәсіпорын жұмысы мемлекеттік тапсырыстар есебінен және осы кәсіпорындардың шаруашылық ісінің табысы есебінен қаржыландырылады.

Елімізде 2004 жылдан 2007 жылға дейін уылдырық шашу-жетілдіру шаруашылықтарын мемлекеттік қаржыландыру жылдам өсуде (1 сурет). Дегенмен, 2007 жылы 2006 жылмен салыстырғанда уылдырық шашу-жетілдіру шаруашылықтарында жас балықтарды жіберу 14 пайызға төмендеді (сурет 2).

1965 ж. Республика су қоймаларында жалпы аулау 111,9 мың тоннаны құраған. 1990 жылдан 2004 жылға дейін балық аулау мөлшері 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейін бірден төмендеді. 2005 жылы бақылауды күшейту және балық қорын тиімді пайдалану нәтижесінде 2004 жылмен салыстырғанда 12,2 пайызға көбейді және 44,9 тоннаны құрады. (3 сурет). 2007 жылы республикада шамамен 50 мың тонна балық ауланды.

2006 жылы балық аулау және балық шаруашылығы өнімінің көлемі 1972297,4 мың теңгені құрады, ол 2005 жылмен 25952,4 мың теңгеге кем. (1-кесте). 1-кестеден көретініміз, ауланған балықтың басты бөлімі Атырау, Алматы және Шығыс- Қазақстан облыстарына келеді. 2006-2007 жылдары Атырау облысында балық аулау көлемі жалпы республика бойынша өнім көлемінің сәйкесінше 41,8% және 47%, Алматы облысында сәйкесінше 22% және 20,6%, Шығыс-Қазақстан облысында сәйкесінше 5,9% және 6,4% құрайды.

Республикамызға 43 шет елдерден балықтың және балық өнімі келеді. Балық өнімін жеткізушілердің негізгілері Ресей, Норвегия және Қытай.

2005 жылы балық және балық өнімінің импорты сәйкесінше 41,9 мың тонна және 23,3 млн АҚШ доллары болды, ал 2001 жылы 34,7 мың тонна және 16,0 млнб АҚШ доллары болған.2005 жылы алып келінген өнімнің көп бөлігі мұздатылған, консервіленген және дайын балық болды, ол келтірілген өнімнің 95 % құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет