Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Қазақстанның балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау



бет8/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)
Дәріс тезистері(1), Виды речевой деятельности (1), Багила кмж
Қазақстанның балық шаруашылығын мемлекеттік қолдау

Балық шаруашылығы облысында өкілетті ретінде елімізде Қазақстан РеспубликасыҮкіметі 2003ж. 18 шілдедегі № 714 қаулысымен құрылған балық шаруашылығы Комитеті балық шаруашылығын мемлекеттік басқару мақсатында қызмет етеді. Тиімді қорғау және ірі балықшаруашылық су қоймаларында балық қорын басқару үшін Комитеттің құрылымдық бөлімдері ұйымдастырылған. Бассейндік және облыстық аймақтық ұйымдарда, балық қорының жағдайы, олардың қоршаған ортасы бойынша әрдайым ихтиологиялық мониторинг жүргізу үшін және жылдам басқарушылық шешім қабылдау үшін ихтиологиялық мониторинг қызметтері ұйымдастырылған.

Еліміздің балық комплексін дамыту мақсатында балық шаруашылығы Комитетімен 2007-2015 жылдарға балық шаруашылығын дамыту Концепцияысы жасалып, Үкіметтің 2006 ж. 6 қазандағы № 963 қаулысымен бекітілген. Сонымен қатар заңнамаға өзгертулер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Балық өсіру және оны өңдеу кәсіпкерлігінің субъектілері үшін салық көлемін төмендету туралы Салық кодексіне ұсыныстар дайындалып жатыр.

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігінде қарастырылуда «Балық шаруашылығы бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасы жатыр.



Ауыл шаруашылығы Министрлігінің мәліметтері бойынша 2008ж. Балық саласын дамытуда басыңқылық тауарлық балық шаруашылығына беріледі. 2008 жылы бюджетте жаңа бекіре зауытын салуға 2,5 млрд тенге және істегі бекіре зауытын қайта жөндеуге 2 млрд тенге қарастырылған. Олардың басты мәселесі – жылына 15-20 млн. дана бекіре жас балығымен қорды толықтырып отыру. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық Министрлігінде 2009 жылы елімізде тағы жүз шақты өзен-тауарлық шаруашылық құрылады.

Орталық Азия республикаларының су қоймалары өзінше керемет ихтиофаунамен (балықтың 150 түрі және амфибияның 15 түрі) қоныстанған. Балық кластарының ең көп түрлік алуандығы Қазақстанда (117 түр), ең төмені Тәжікстанда (49 түр) байқалады. Түркменстан, Өзбекстан және Қырғызстанда түр саны сәйкесінше 107, 83 және 74. Пайыздық қатынаста әлемдік түр санына қатынасы 0,26-0,61% құрайды. Көптеген түрлері региондық немесе локальдық эндемика болып табылады, кейбіреулері түрлердің табиғи ареалы шекарасында тіршілік етеді. Соңғы жылдары (1990-1995жж.) табиғи су қоймаларынан балық аулау регион бойынша 60,2% кеміді. Мұнда негізгі әсер Аралдағы экологиялық кризистен болды. 60-жылдары Арал теңізінің ауданы 66 мың кв.км, көлемі – шамамен 1000 куб км, максималды тереңдігі – 68 м., орташа тұздылығы – 10-12%; ұсақ шығанақтарда 14% болды. Суда күкірт тұздары көп, ал хлор тұздары аз. Жазда су беті 26-28оС, ал шығанақтарда 30оС дейін және одан жоғары ысиды. Қыста теңіздің басым бөлігі қатады. Арал теңізінің ихтиофаунасы Каспийдікіне жақын болған. Онда балықтың 20 түрі тршілік ететін, бірақ балық өндірісі тек балықтың үш түріне – табан балық, сазан, арал шабағына жүргізілетін. Арал теңізінен өте құнды балық – арал қаязы мен айнакөз ауланатын. Балық аулау жағалау региондары және өзен сағалуарында жүргізілген. Жыл сайын 300-400 мың центнер балық ауланған. Табиғи қорды шектен тыс қолдану нәтижесінде, келетін судың бірден азаюынан теңіз деңгейі 60 жылдардан бастап 16 м төмендеді, ауданы 50% қысқарды, ал көлемі 75 % кеміді, орташа тұздылығы 25 мг/л жетті, жағалау сызығы 70-150 км шегінді. Арал теңізіне тұзданудың теріс әсерінің алғашқы көрсеткіштері60 жылдардың ортасында, тұздығы 12-14% болғанда байқалған. Ұсақ су уылдырық шашу орындарында тұздану теңіздің ашық аймақтарына қарағанда жылдам өсті, және 1967 жылы 15% жоғарылап, балық уылдырығының дамуына кері әсерін тигізді. 1971 жылдан бастап, теңіздің ашық аймағында тұздануы 12% жетті, тұздың ірі балықтарға кері әсері байқалды. Балық түрлерінің көбінде өсу тоқтап қалды, олардың саны азайды. 70 жылдардың ортасына қарай теңіздің орташа тұздылығы 14% асты, арал балықтарының табиғи көбеюі толығымен бұзылды, осының салдарынан 70 жылдардың 2-жартысында көптеген балық түрлерінің көбеюі болмады. 1980 жылы тұздылығы 18% асты. Арал теңізі өзінің балық шаруашылық мәнін толық жоғалтты. Аралдың ихтиофаунасы құрамында аборигендік түрден – тікен, жерсіндірілгдерден – бычки, атерина, салака қалды. Тек Сырдария және Амудария өзендерінің шағандарында өндірістік балықтың ірілері аулаған жағдайлар болды. КазНИИРХ Арал бөлімі қызметкерлерімен 70 жылдардың ортасынан бастап балықтың эвригалдық және тұз жақтыратын түрлерін таңдау жүргізілді. Тәжірибелер каспий бекірелеріне, куринс лсосесіне, шалғай шығыс кижучіне, азов-қаратеңіз камбалсына, глоссаға және камбала-қалқанға жүргізілді. Ең келешектісі 17-60% тұздылықта көбейе беретін камбала-глосспен жұмыстар болды, қазіргі кезде аулау мөлшері жалпы саннан 30% құрайды (кестені қараңыз). Камбала сапасы өте жоғары, Даниядағы лабораториялық зерттеулер онда пестицидтер мен ауыр металдардың жоқ екенін көрсетті.
Кіші Арал теңізінде балық аулау (тонна)


Жылдар

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

Барлығы

3680

2539

2163

1519

570

471

805

Камбала

50

116

55

8

0

190

370

Өзен өндірісі өзен шығанақтарының ішкі су қоймаларында сақталған. Дегенмен, соңғы жылдары су келуі болмағандықтан балық аулау өзендерде де азайды.

Кіші Аралды жасау бойынша жұмыстар алғашқы рет 1992 жылы жүргізілді. Арал ауданының құрылыс ұйымдарымен салынған «Қаратерең-Көкарал» перемычкасы 9 ай ғана тұрды: 1993 жылы көктемде су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде ол қирап қалды, бірақ біраз уақыт өткен соң перемычка қайта салынды. Қазірде су деңгейі 1,5 метрге көтерілді, тұз мөлшері 5 г/л тоқтатылды. Құрғап қалған шығанақтарды толтыру жалғастырылған, су Арал қаласына шамамен 10 км жақындады. Осы региондағы экологиялық оң әсерлер байқала бастады: жаңбырлар жиіледі, жағалауларда өсімдіктер қайта қалыптасты, жаңа туындаған су қоймасында тұздану деңгейі төмендеді, бұл балық қорын толықтыруға мүмкіндік береді. Орталық Азия республикаларында балық қорының азаюна Каспий теңізінің экологиялық жағдайы көп әсер етті.

Теңіз бен онда тіршілік ететіндерге теңіз суының және жағалаулардың шаруашылық қалдықтармен, мұнай-газ комплексінің өзен жүйелеріне және тікелей теңіз акваториясына тазартылмаған өндірістік және коммуналдық-тұрмыс ағындардың түсірілуімен ластануы кері әсерін тигізді.

Каспий теңізінің мұнай өнімдерімен (теңіз суындағы құрамы 10-100 мкг/л шамасында), ауыр металдармен, оның ішінде басымдылары – темір, мырыш, мыс (құрамы 20 мкг/л дейін), фенолдармен (20 мкг/л дейін) ластануы, бентоста, планктонда, балықтарда токсиканттардың жинақталу көзі болып табылады.

Популяция санын тұрақтанд ыру үшін (табиғи көбею) балық қорын қорғаудың басқа әдістерімен бірге жасанды балықтандыру қажет, мысалы, тіршілік ортасын жайландыру (қоректің болуы, ластануды болдырмау, уылдырық шашатын жердің болуы, оттегінің жеткілікті мөлшері, судың жағымды температурасы және тағы басқа).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет