Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Дәріс № 10 Тақырыбы: құстардың қор түрлерінің мониторингі



бет11/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)
Дәріс тезистері(1), Виды речевой деятельности (1), Багила кмж
Дәріс № 10

Тақырыбы: құстардың қор түрлерінің мониторингі

Дәріс жоспары:

  1. Аңшылық шаруашылықты жүрізудің экономикалық негіздері.

  2. Аңшылық кәсіп; кәсіптік аңшылық өнімді өңдеу және сату.

Қазақстанда күндізгі жыртқыш құстардың 39 түрі кездеседі, соның ішінде 33 ұя салады, соңғы жылдары олардың көпшілгінің саны біршама қысқарды. Құстардың осы түрлері антропогендік әсерге (тың жерлерді игеру, ормандарды қырқу, мелиорация және құрғату, қоршаған ортаны ластандыру) осал болып шықты. Оларды «зиянкес» ретінде мақсатты түрде қыру мен браконьерлік үлкен роль ойнады. Қазақсттанның Қызыл Кітабына қазіргі кезде күндізгі жыртқыш құстардың 15 түрі енгізілген. Бірқатар түрлері жойылу шегінде, адамдардың қатысуынсыз популяциясын қалыптастыру мүмкін емес.жыртқыш құстар биоценоздағы ролінен басқа, дамушы экологиялық туризм үшін бақылау объектісі ретінде қызықты, ал кей түрлері – ірі сұңқарлар, бүркіт, тұйғын аулаушы құстар ретінде қолданылады.Қазақстанда аулаушы құстармен аңшылық мыңдаған жылдық дәстүрге ие және бүгінде бөлек ынтагерлермен қайта жандануда; сұңқармен аңшылық Шығыс араб елдерінде, Еуропаның кей жерлерінде танымал, келешекте кейбір түрлері республикамыздың валюталық кіріс көзі болуы мүмкін. Қазірде, көптеген жыртқыш құстардың популяция жағдайының қауіпті жағд айын ескере отырып, оларды сақтау мен қаайта жандандыру бойынша іс-шаралар өткізу керек, оның нәтижелілігі олардың биологиясын терең зерттеуге байланысты.

Берілген көптеген жылдық келешегі бар Бағдарламаның мақсаты, Қазақстан халқына тиімді қолдануға мүмкіндік беретін жан-жақты ғылыми негіздер базасында жыртқыш құстарддың популяция жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету, сақтау және қайта жандандыру. Көрсетілген мақсаттарға жету бойынша мәселелерді орындағанда ең бірінші жойылу алдында тұрған құстарға көңіл бөлу керек.

Бірінші этапта - балобан, шахин және бүркіт.

Балобан – Персу шығанағы елдерінде аулаушы құстардың ең бағалы түрі. Қазақстанда 1992 жылға дейін оның популяциясы тұрақты болған, бірақ 1992-1994 жылдары олар көп ауланды, түр күтпеген жерден жойылу шегінде болды.

Шахин – Қазақстандағы жыртқыш құстардың ең сирек кездесетін түрі, олардың тек екі ғана ұясы белгілі.

Бүркіт – қазақстардың дәстүрлі аулаушы құсы, әзірге оның популяциясы тұрақты, бірақ онымен аңшылық қайта байланысты ерекше назарды талап етеді.

Қазақстан Республикасы экология және биоресурс Министрлігі Қазақстан Республикасы «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және қолдану туралы» Заңының 16 бабы негізінде қызығушылық танытқан ұйымдардың қатысуымен жыртқыш құстарды қолдану және қайта жандандыру, жан-жақты қорғауды көрсететін, арнйы нормативтік құжат жасап бекітуі қажет:



  1. Аулаушы құстармен аңшылық ережелері;

  2. Жыртқыш аңдарды қамауда ұстау, бағу және сату ережелері;

  3. Жартқыш аңдардың саны мен таралуы туралы мәліметтерді сақтау және қолдану, жинақтау ережелері;

  4. Жабайы аңдар мен құстардың тіршілік ету ортасына келтірілген шығын көлемін анықтау туралы Қаулы.

Ғылыми зерттеулер қорғау мен қайта қалпына келтірудің тиімді бастамасы болып табылады. Түрдің популяциялық құрылысын зерттемей тұрып олардың жағдайына нысаналы әсер ету мүмкін емес. Тіршілігін түбегейлі зерттеу, табиғи және антропогендік әсерлерге бейімделу механизмін бағалауға, керек жғдай болса қамауда көбейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда жыртқыш құстар бойынша барлық ғылыми зерттеулерді ғылым Министрлігінің жануарлар генофонды және зоология Институты – Қазақстан Республикасы ғылым Академиясы жетекшілік етеді. Қазақстан Республикасы территориясында жыртқыш құстар бойынша зерттеу жүргізетін барлық мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар және жеке адамдар алдымен Қазақстан Республикасы экология және биоресурс Министрлігіне және ғылым Министрлігінің зоология және жануарлар генофонды Институты – Қазақстан Республикасы ғылым Академиясына мәлімдеме жасауы керек, ғылыми жобамен таныструлары керек, ал жұмыс аяқталған соң – зерттеу нәтижесі туралы есеп берулері керек. Шет ел азаматтары мен зерттеуді шет ел мамандары көмегімен өткізетін ұйымдар сонымен қатар Қазақстан Республикасы экология және биоресурстар Министрлігінен мұндай жұмыс жүргізуге жазбаша рұқсат алулары қажет. Есептегі жыртқыш құстардың саны, оларды таңбалау мен сақиналау туралы мәліметтер мәліметтер базасы компьютеріне мәліметтеушіні көрсете отырып енгізіледі.

Бағдарлама шегінде халықаралық қызметтестік және жыртқыш құстар бойынша халықаралық жобаларға қатысу жүзеге асады. Зерттеуді бастар алдында қойылған мақсатқа байланысты әдістемелік дайындық жүргізіледі: бақылау әдістерін таңдау және қолданып көру, сандарын санау және басқа. Бағдарламаға қатысушыларға ерекшелігі, қажет болса – жаңа әдістемелерді жетілдіру. Бағдаламаны орындаушылардың әдістерін жетілдіру және біліктілігін көтеру үшін машықтандырулар мен семинарлар ұйымдастырылады.

Жыртқыш құстарды сақтау, қайта қалпына келтіру және тиімді пайдалану үшін ең алдымен қажет:

Жыртқыш құстардың қаупті жағдайдағы түрлерін анықтау, қазіргі кезде популяциясының жағдайын анықтау үшін санақты бірыңғай әдіспен жүргізу;

Қазақстан Республикасы экология және биоресурс Министрлігінде және ғылым Министрлігі зоология Институты – Қазақстан Республикасы ғылым Академиясында компьютерлік мәліметтер жинағын жасау.

Ғылым Министрлігінің зоология және генофонд Институтының – Қазақстан Республикасы ғылым Академиясының базалық орнитологиялық жинағын сақтайға және толықтыруға көмек көрсету, ол жерге ғылыми ммақсатта, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Қызыл Кітабына енгізілген түр дарақтары, зообақтарда өлген дарақтар беріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет