Әріптік жүйе Балл эквиваленті


Дәріс № 11 Тақырыбы: сүтқоректілердің түр құрамы және таралуы



бет12/30
Дата18.05.2020
өлшемі99,59 Kb.
#69289
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30
Байланысты:
Дәріс тезистері(1)
Дәріс тезистері(1), Виды речевой деятельности (1), Багила кмж
Дәріс № 11

Тақырыбы: сүтқоректілердің түр құрамы және таралуы.

Дәріс жоспары:

  1. Республика территориясында сүтқоректілердің түр құрамы және таралуы.

Тері өнеркәсібі объектілеріне 72 түрі жатады – бұлғын (соболь), кәмшат (куница), қаракүзен (норка), қама (выдра). Басқа түрлерінің терісі аса бағалы емес, бірақ олардың саны көп (ондатра, қарапайым саршұнақ, күзен, каспий итбалығы).

ТМД бойынша тері дайындаудан Қазақстан аңдары екінші орынға ие болған, жылына 10-12% тері берген.

Тері өнеркәсібі маңызды, экономикалық тиімді «еркін» шет ел валютасының көзі. Асыл теріні «жұмсақ алтын» деп атау да негізсіз емес. Терінің көптеген түрлері асыл экспорттық шикізат.

Қазақстнда жабайы құс шаруашылығын және ет, тері және аң мүйіздерін дайындау шаруашылығын дамытуға мүмкіндіктері зор. Жабайы тұяқты аңдардың етін дайындаудан Қазақстан одақта бірінші орын алатын. ТМД-да тіршілік ететін тұяқты аңдардың 22 түрінің 13-і республикада тіршілік етеді (қабан, елік, бұғы, марал, ала бұғы, сайғак, джейран, тау текесі, азия муфлоны, құлан).

Қазіргі кезде сайғак, қабан, елік, маралдың қоры өнеркәсіп ұйымдастыруға және 7 мың т. алуға мүмкіндік береді. 60 жылдары тек сайгак өндірісі 1200 астам дана беретін. Тері өнеркәсібі кейбір жылдары 5 мың тоннаға дейін ет және тубуркулез, силикоз сияқты аурулар кезінде ішетін дәрумендерге бай май беретін. Қазіргі өлшемдерде сарытышқан терісін дайындау, олардың майын жинау 75 тоннаны (1967 жылы – 28 тонна) құрайды.

Жергілікті фаунаның көптеген аңдары ел ішінде зооэкспорт және зоосауда үшін өте бағалы (қар барсы, гепард, каракал, құлан, архар, марал т.б.).

Қазақстан жануарларының бай фаунасы – жануарлардың жаңа тұқымын шығаруға ірі және құнды генофонд, мысалы, Оңтүстік Алтайда жас мүйізін – пант – алу үшін қолға үйрету жануарлар шаруашылығының жаңа саласының – марал шаруашылығының пайда болуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Шығыс Қазақстанда марал шаруашылығымен айналысады және жыл сайын панкреатин дәрісін алу үшін тонналап пант өткізеді.

Меринос қой мен рхарды будандстыру нәтижесінде архаромеринос тұқымы пайда болды, саны 1,2 млн жетеіп асады. Шошқа мен қабанды будандастырудан – ет-майлы қазақ гибридтік тұқымы.

Сүтқоректілердің үш тобының (жәндікпен қоректенуші, жарқанат, жыртқыштар) өкілдері ауыл шаруашылығына белгілі бір пайдаын тигізеді. Мысалы, жер қазғыш кірпілер тышқандарды, сұртышқандарды, жарқанаттар – зиян жәндіктерді, жыртқыштар – көптеген зиянкес кемірушілерді жояды. Мысалы дала тышқаны бір күнде бір сұртышқанды жейді, бір аққалақ (ласка) бір жылда 3 мыңға дейін ұсақ кеміргіштерді жояды. Пайдасымен қатар, кейбіреулері ауыл шаруашылығына үлкен зиян тигізеді. Мысалы Батыс Қазақстанда кіші сарытышқаннан шығын бидай өнімінің 5-10 пайызы. Сарытышқандар жайылымның қауіпті зиянкестері. Гектарына 20-30 сарытышқан деп алғанда, олар қоректік қордың жартысын жояды. Сарытышқаннан басқа техникалық бидай алқабына кәдімгі тышқан, құмдық, сарышұнақ, тышқан, қабан, борсық т.б. зиян тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет