Еркебаев Мырзақұл 627 жтд



Дата16.04.2022
өлшемі12,34 Kb.
#139476
Байланысты:
Сыртқа акушерлік зерттеу


Еркебаев Мырзақұл 627 ЖТД
Сыртқы акушерлік зерттеу (Леопольд әдістері)

Жабдықтау: кушетка, фантом, қуыршақ.

Орындау әдісі:

1. Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен аяқтарын созып жатқызу.


2. Жүкті әйелдің оң жағына бетіне қарап кушеткаға отыр.
3. Жатыр түбінің биіктігін және сол жердегі нәрестенің мүшесін анықтау үшін Леопольдтің бірінші әдісін жүргіз.
Ол үшін екі қолымыздың алақандарын жатыр түбіне саусақтарымызды бір-біріне қаратып түйістірмей орналастырамыз, сәл батынқырап жатыр түбінің семсер тәрізді өсіндісі немесе кіндікке қатынасына биіктігін және жатыр түбіндегі нәрестенің мүшесін анықтау.
4. Нәрестенің позициясын және түрін анықтау үшін Леопольдтің екінші әдісін жүргіз.
Ол үшін екі қолыңыздың алақандарын жатыр түбінен жылжытып жатырдың оң немесе сол жақ бүйіріне орналастырып алақандарыңмен кезек сипаланықта, арқасыын (тегіс, ұзынша) және ұсақ мүшелерін (аяқ және қолдарын) және қорытындыла. Арқасы сол жақта - 1 позиция, арқасы оң жақта – 2 позиция, арқасы жатырдың алдынғы жағында болса - алдыңғы түрі, арқасы артқы жақта болса -артқы түр.
5. Нәрестенің кіші жамбас кіре берісіне жақын орналасқан мүшесін анықтау - Леопольдтің үшінші әдісін жүргіз.
Ол үшін оң қолыңнын алақанын қасағаның үстіне 4 саусақтарыңды бір жағына, үлкен саусағынды екінші жағына қойып орналастыр, сәл батынқырап алдынғы бөлікті үлкен және ортаңғы саусақтарыңмен ұстап бас не жамбас екенін анықта. Егер бас болса – домалақ, тығыз, қозғалмалы, жамбас - жалпақтау, жұмсақ, аз қозғалады.
6. Алдынғы бөліктің кіші жамбас кіре берісіне ара қатынасын анықтау үшін Леопольдтің төртінші әдісін жүргіз.
Ол үшін бетімізбен әйелдің аяғына қарап тұрамыз. Екі қолымыздың алақандарын жатырдың төменгі жағына саусақтарымызды бір-біріне қаратып, түйістірмей орналастырамыз, алдыңғы бөлікті сипап сезе отырып оның орналасқан орнын анықтаймыз.

Нәрестенің жүрек соғуын тыңдау

Істей білу керек: нәрестенің жүрек соғуын есту орнын табуды, 1 минуттағы жүрек соғу санын, ырғақтылығын, анық екендігін бағалауды, іштегі нәрестенің гипоксиясы қауіпі төнген жағдайда дер кезде тіркеуді.

Жабдықтар: фантом, қуыыршақ, акушерлік стетоскоп, секундамер, кушетка.

Орындау әдісі:
1. Жүкті әйелге зерттеудің мәнін ескерт.
2. Жүкті әйелді кушеткаға арқасымен аяғын созып жатқыз.
3. Нәрестенің жүрек соғуын акушерлік стетоскоптың көмегімен естиміз, тыңдаймыз, ол үшін стетоскопты іштің алдыңғы қабырғасына нәрестенің арқа жағыына қойып, басына жақынырақ (баспен кеуде-кіндіктен төмен, жамбаспен кеуде-кіндіктен жоғары).
Стетоскопты жылжыта отырып нәрестенің жүрек соғуы жақсы естілген жерге орналастырып тыңдаймыз.
4. Бір мезгілде әйелдің пульсін санаймыз (нәрестенің жүрек соғуымен шатастырып алмау керек).
5. Нәрестенің 1 минуттағы жүрек соғуын санын есептеу.
6. Егіздерде нәрестелердің жүрек соғуы екі жерден, ырғақтары әр-түрлі болып естіледі (екеуінің ортасында «дыбыссыз аймақ» болады).
7. Алынған мәліметтерді белгілеу.
8. Әйелдің кушеткадан туруына көмектес (бір қырына бұрылып).
9. Қолыңды жу.
10. Стетоскопты заласыздандырғыз ерітіндіге малынған ветошьпен сүрт.
11. Өлшемнің қорытындысын медициналық құжатқа жаз.

Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлшеу

Істей білу керек: Тазомердің көмегімен жамбастың негізгі өлшемдерін өлшеуді.

Жабдықтау: тазомер, кушетка, фантом.



Орындау әдісі:
1. Жүкті әйелге процедура мәнін түсіндіру.
2. Жамбастың көлденең өлшемдерін өлшеу үшін әйел арқасымен аяқтарын созып жатуы керек.
3. Әйелдің оң жағына, бетпен бетіне қарап тұру керек.
4. Тазомерді шкаласын жоғары қаратып қолыңа ал, үлкен және сұқ саусақтарың тазомердің түймесінде болуы керек.
5. Сұқ саусақтармен өлшенетін жердің ара қашықтықтарының нүктелерін тауып, тазомер түймелерін орналастыр және шкаладағы көрсеткішті оқы.
6. Мықын сүйегі қырларының алдыңғы - жоғарғы өсінділері арасын (Distancia spinarum) өлшеу үшін тазомер түймелерін алдыңғы-жоғарғы өсінділерге орналастыр. 25-26 см болу керек.
7. Мықын сүйегі қырларының арасын өлшеу үшін (Distancia cristarum) тазомер түймелерін мықын сүйегі қырларын ең алшақ нүктелеріне (қолтық асты сызықпен) орналастыр. 28-29 см болу керек.
8. Сан сүйегінің ұршықтарының басының арасын олшеу үшін (Distancia trohanterica) сан сүйегінің үлкен ұршықтарының басын тазомер түймесін орналастыр. 30-31 см болу керек.
9. Сыртқы тік өлшемді - сыртқы коньюгатаны (Conjugata externa) өлшеу үшін әйелді сол жақ қырына астыңғы аяғын сан және тізе буындарыымен бүгіп, үстінгі аяғын созып жатқызу керек.
10. Тазомердің 1 түймесін симфиздің сыртқы жоғарғы қырына, екіншісін V - бел омыртқаның өсіндісінің астына орналастыр, Михаэлс ромбасының жоғарғы бұрышына сәйкес. 20-21 см. болу керек.
Шын коньюгатаны (Conjugata vera) анқтау үшін алынған мәліметтен 9 санын шегереміз, сонда 11 см.
11. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа жаз.
12. Қолыңды жу.
13.Тазомерді залалсыздандыр.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет