«Еркеназ»қыздар
ұйымының
Мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу.
2015-2016оқу жылы
«Еркеназ» қыздар ұйымының І жарты жылдық есебі.
Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн. Ұйымның мақсаты: Ізетті, инабатты, адамгершіліктің асыл қасиеттерін терең түсіне білетін, қазақ қыздарына тән қасиеттерді, ары таза, сымбатты да сұлу, сыпайы, биязы, өнерлі, болашаға жарқын қыздар тәрбиелеу.
Осы мақсатқа орай мектебімізде қыздармен жұмыстар жүргізіліп жатыр.Қыздар ұйымында 11 қыз жұмыс жасайды.Ұйымның жетекшісі мектеп психологы М.Б. Талаптанова. Ұйымның басшысы 9сынып оқушысы Ерболатқызы Дина. Ұйымның құрылған жоспары бойынша жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Ұйымдастыру жұмыстары бойынша;«Тазалық,тәртәп басты талап» тазалық қарау, бақылау апатасына екі рет жүргізілді онда ұйым мүшелері тазалықшылары атқарылды және мектеп медбикесі мен әңгіме жүргізілді.Қыздар жиналысын өткізу айына бір рет. Мерекелік қабырға газеттерін шығару. Мереке күндері қарсаңында мерекелік газеттер шығару.
Өткізілген шаралар; «Бой түземей –әуелі ой түзеу» баяндама оқылды. Қыздар жиналысы өтілді. Онда қыздар ұйымының тазалықшыларды,оқу секторларын сайланды. «Қызға қырық үйден тыю» баяндама оқылды.Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Ұстазым менің ұстазым» мерекесіне құттықтауға ат салыса қатысты.Жиналысында «Өмір қымбатсың маған!»ағымдағы мәселелер айтылды. «Арулар асыл жандар» сабақ өтілді. «Салауаттылық салтымыз баяндама» оқылып қыздардың мектеп формасын киулерін, шаштарына ақ бантик тағуларын ұсынылды. «Қыздар сұлу көрінер қылығымен» қыздарға арналған қарапайым кеңестер берілді. «Қыз тәрбиесі ұлт тәрбиесі» баяндама оқылып талданды. «Қыздың көркі шаш» оқушы қыздарға арналған шаш сән үлгісі туралы пікіралмасу өтілді. «Сен қалай өсіп жетілесің»қыздарға арналған кеңестер беру Мектептегі медбике Сабырова Нуркамал қатысуымен өткізіліліп кеңес берілді. Алдағы уақыттарда «Асыл аналар» ұйымының қатысуымен жұмыстар жүргізіледі.
Қыздар ұйымының жетекшісі:М.Б.Талаптанова
Бекітемін:
Мектеп директорының м.а
Б.Т.Уалканова
---------------------