Еркіндікке бет түзеген көш- керуен Н. Тілендиевтің «Көш- кеуен»



бет8/9
Дата05.12.2016
өлшемі1,05 Mb.
#3255
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ана : Өсіріп пе ем сені мен

Майданда үнсіз жатсын деп

Қарсы шықпай жауына,

Жерге бетін бассын деп.



( Жарық сөніп, ақ сәуле құлап жатқан жігітке түседі. Жігіт қинала орнынан көтеріледі.)

Жігіт: Ант еттім де қорғадым мен,

Жасқанбай – ақ жауымнан,

Көргенім жоқ бой алдырып

Бүгілмедім, мейлі батпан ауырдан.

Бақытына мызғымайтын,

Тас қамал боп қаландым

Сақтап қалам елімді мен,

Өртті, жойқын дауылдан.





( Қолындағы гранатасын алға қарай лақтырады да құлайды. Граната жарылысы, уралаған дауыстар естіледі. Н.Тілендиевтің «Сөнбейді, әже, шырағың» әні орындалады. Сахна жарықтанады.)

1-Жүргізуші: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы.

Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!

Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар елдің,

Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!



2-Жүргізуші: 1986-жыл. 16 желтоқсаңда Алматыдағы Республика алаңында дүние жүзін дүр сілкіндірген оқиға болды.Халық тағдырымен тікелей байланысты бұл көтеріліске алты алаштың алақанына салып ардақ тұтқан жас азаматтары Қайрат Рысқұлбеков, Түгелбай Тәшенов, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжановалар халық жадында мәңгі сақталады.

(«Желтоқсан желі» әні . Желтоқсан құрбандарының суреттері көрсетіледі.)

1-Жүргізуші: 1991 жыл. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде конституциялық заң қабылданып, Қазақстан тәуелсіздігін салтанатты түрде жариялады. Төрткүл дүниені дүркіретіп жетпіс жыл бойы көзімізді көлегейлеген перде сыпырылды.

Тергеуші: Тұтқындағы Рысқұлбековты алып келіңдер!

Қайрат: Тұтқынға түстім жаутаңдай

               Жоламай ешкім қасыма

               Бара қалсаң сәлем айт,

               Елдегі құрбы-досыма ( тергеуші мен Қайраттың диалогы)



Тергеуші: — Айыпкер Рысқұлбеков тұр! Шыныңды айт, Савицкийді өлтірдің бе?

Қайрат: Жоқ, өлтіргенім жоқ. Савицкийдің өліміне қатысым жоқ.

Тергеуші: Өлтіргеніңді мойында. Мойындасаң жазаң жеңілдейді. Ақтық сөзіңді айт! Сен 18-күні сағат 10-да қайда болдың?

Қайрат: Жолдастарыммен Фурманов көшесінде болдым.

Тергеуші: Жоқ, сен өтірік айтасың, сен Сәтбаев көшесінде милиционерді ұрдың! Сен кінәлісің, білесің бе? (ұрып жібереді)

Қайрат: жоқ, мен ешкімді көргенім жоқ, ұрғаным да жоқ.

Тергеуші: Ақымақ! Әкетіңдер! Көзін құртыңдар! Атыңдар!

Қайрат: Кінәдан таза басым бар

              Жиырма бірде жасым бар.

              Қасқалдақтай қаным бар

              Бозторғайдай жаным бар.

              Атам десең атыңдар!

              Қайрат деген атым бар

              Қазақ деген затым бар,

              Еркек тоқты құрбандық



              Атам десең атыңдар!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет