Төле би: « Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді».Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры берік ел едік. Іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол шығарып, бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық!
Қазыбек би: Үш жүздің басын біріктіріп кең пейілді, бауырмал халқымызды бір тудың астында жинайық.
Әйтеке би: Қадірменді ағалар, айқандарыңа мен де келісемін. Бірақ сол халқынды ұйыған айрандай бір құтыда жинақтап ұстайтын ел басшысын сайлайық.
( Сахнаға қайратты жас Сабалақ батыр шығады.)
Сабалақ батыр: Армысыздар, ардақты аға билер!
Төле би: Бар бол балам, өзің қай баласың?
Сабалақ: Мен бе? Мен.....
Мен бәйтеректен сытылған қисық бұтақпын,
Үйірінен безе қашқан саяқпын.
Бөктергіні бүре алмай жүрген бүркітпін,
Қайран жұртым үшін жан қияр бейбақпын!
Батаңды бер! Ел-жұртымнан ер жинап,
Ата жауға – нажағайша атылам!
Төле би: Болайын деген бала екенсің. Бердім батамды,бар, балам.
(Құрманғазының « Сарыарқа» күйі).
1 –Жүргізуші: (күй аясында)
« Абылайлап» Сабалақ қол бастады,
Абылай хан атанын ел басқарды
Ерлігінен хандардың басталады,
Егемендік, елдіктің сел бастауы.
( Сахна пердесі ашылады. Хан ордасы. Хан тағында Абылай отыр. )
Абылай хан (тұңғиық ой құшағында): Иә-ә-ә , ата- қонысты жау қолынан тазарту керек. Қайтіп? Қалай? Іргесі бүтін ел қалды ма ? Құрақ көрпедей қырық құрау, басы бірікпейтін елдің берекесі кеткен жоқ па ? сайда – саны , құмда ізі қалды ма ? Ойраттардың ойранына ұшырап, байтақ даланың сай – саласына сіңіп кетпеді ме ? Ал телім- телім боп тентіреген жұртымды тезектей теріп, қалай жинап алмақпын?
Қош......
Менің халқым намысқой халық. Ар- намысын басындағы бөркінен де биік ұстайды. Ұран тастап ел намысын ауызға алып ат қойсаң атойлап артыңнан еріп жүре береді.
Ел тізгінін ұстанған екенсің - еліңнің мінезін біл.
Қош.....
Жоңғарды былай қойғана, қырда – қытай, ойда – орыс отыр. Екі ұлы мемлекет екі өкпеңнен қысып турған жоқ па ? қазақты қалмаққа қалжалатып қойып, аңдысумен, арбасумен отыр. Қытай келіп қыдыңдамаса не қылсын...
Иә –ә –ә... Түптің түбінде, біреуіне көнген жөн болар...
( Абылай хан ойланып отыр. Сахнаға Бұқар жырау шығады.)
Достарыңызбен бөлісу: |