37
қышқылдау иісі шықса, саусақпен басқан кезде жабысқақ болса,
онда 5 балын алып тастаймыз.
Еттің беті аз мӛлшерде кілегейлі қапталған, саусаққа
жабысқақ, кескен кезде жабысқақ және іркілдек, етті саусақпен
басқан кездегі шұңқыр 1 минуттан кейін қалпына келсе, иісі
шамалы шірікті болса, онда 7 балды алып тастаймыз.
Беті кеуіп қалған, кескенде түрі қаралау, ет іркілдеп
саусақпен басқан кездегі шұңқыр қалпына келмейді, еттің
майының иісі қышқылдау болса, онда 13 балды алып тастаймыз.
Егер еттің беті жасыл түсті, кескенде қатты жабысқақ,
саусақпен басқан кездегі шұңқыр тегістелмейді, таза шіріктің иісі
болса, еттің майы жасыл түсті және сасық иісті болса, онда
балдарды шегермей-ақ етті тастау керек.
Бактериоскоппен
және
микроскоппен
жұғындыларда
(мазоктарда) микрофлора санын және ыдыраған ұлпалардың
қалдығын кӛруге болады. Микроскоп тағы да еттің құрамындағы
фини мен трихинелланы анықтау үшін қолданылады.
Осы барлық тексерулер қорытындысына байланысты мына
үш санаттағы бір бағаны қоюға болады. Жаңа сойылған ет - 21-25
балл, жаңа сойылғандылығына күдік туғызатын ет - 10-20 балл;
ескі (тұрып қалған) ет 0-9 балл.
Достарыңызбен бөлісу: