Ерманова с. А


Топырақтың ластануы және ӛздігінен тазаруы



Pdf көрінісі
бет69/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF
Казахский национальный университет имени аль, Ситуационные задачи, Дәріс
5.6. Топырақтың ластануы және ӛздігінен тазаруы 
 
Топырақ  ӛсімдіктердің  қалдықтарымен  және  құстардың, 
жануарлардың,  сүтқоректілердің  нәжістерімен,  құрттардың 
тұқымдарымен, дернәсілдерімен, микроағзалармен ластанады. 
Халық  тұратын  жерлерде  бұларға  тұрмыс  қалдықтары 
қосылады.  Осының  барлығы  топырақта  ӛздігінен  тазару 
құбылысы болып тұрмаса ӛте зиянды болған болар еді. 


108 
 
Топырақтың  ӛздігінен  тазаруы  күрделі,  ұзақ  мерзімге 
созылатын  биологиялық  құбылыс.  Ол  қалай  ӛтеді?  Органикалық 
заттар  ыдырап  суға,  кӛмірқышқыл  газына,  минерал  тұздарына 
және шіріндіге айналады, зиянды заттардың барлығы ӛледі. 
Топырақ  ластанғанда  сұйық  бӛлігі  жерде  сүзіледі, 
органикалық  қалдықтар,  микроағзалар  және  ішек  құрттарының 
тұқымдары  жерде  қалып  қалады  және  сонда  енеді,  минералдану 
құбылысы  басталады.  Минералдану  оттегімен  және  оның 
қатысуынсыз жағдайда ӛте алады. 
Оттегінсіз  ӛткен  жағдайда  органикалық  заттар  шіріп,  одан 
жаман  иіс  шығады.  Сондықтан  оттегінің  жетіп  тұруына  жағдай 
туғызу керек, ол үшін қалдық қалың үйіліп қалмауы жӛн. 
Қалдыққа  оттегі  қосылғанда  микрооағзалар  кӛмірсуды 
кӛмірқышқыл  газы  мен  суға  ыдыратады.  Ал  оттегі  қатыспаса 
бұлардан басқа метан және жаман иісті газдар пайда болады. 
Ӛсімдіктердің талшықтары метандық ашуға ӛтеді, сүйтіп газ 
бен  су  пайда  болады.  Олардан  гуминді  (шірінді)  заттар  да 
шығады. 
Майлар  глицерин  мен  май  қышқылдарына  ыдырап  болған 
соң (оттегінің қатысуымен) кӛмірқышқыл газы мен суға айналады. 
Ал  оттегінің  қатысуынсыз  майлар  иісі  жаман  жеңіл  май 
қышқылдарына ӛтеді. 
Ақуыздың ыдырауы 2 жолмен жүреді. 
1. 
Аммонификация 
сатысында 
ақуыздар 
аминқышқылдарына  ажыратылады  да  аммиак  пен  оның  тұздары 


109 
 
пайда болады. Бұл ӛзгерістер оттегіні керек етпейді. Мочевинаның 
амминификациялануы 
уробактериялармен 
және 
басқа 
микробтармен іске асады. 
Оттегіні  қажет  етпейтін  микробтардың  қатысуымен 
ақуыздардан  иісі  ӛте  жаман  индол,  меркаптан,  жеңіл  май 
қышқылдары, күкірт сутегі бӛлінеді.  
2. 
Оттегінің  қатысуымен  бірінші  сатыдағы  ыдыраумен 
қатар  екінші  сатыдағы  бӛлшектену  бірге  жүріп  отырады.  Мұны 
нитрификация сатысы деп атайды. 
Оттегіге  мұқтаж  микроағзалардың  арқасында  ақуыздардан 
нитраттар,  сульфаттар,  фосфаттар,  карбонаттар  да  пайда  болады. 
Оларды  ӛсімдіктер  бойына  сіңіріп  отырады.  Демек,  органикалық 
заттардың  ыдырауынан  минералды  заттар  пайда  болады  да 
оларды  ӛсімдіктер  азық  ретінде  пайдаланады.  Осылайша  әлемде 
тоқтаусыз  құбылыс  жүреді.  Нитрификация  -3°  пен  +56°  С 
жағдайда тоқтап қалады. 
Топырақта  органикалық  заттардың  үздіксіз  ыдырауымен 
қатар  органикалық  заттардың  қорытылуы  да  байқалады,  соның 
арасында микроағзаларға қажет ақуыздық заттар болады. 
Органикалық заттардың ыдырауының ең соңында топырақта 
шірінді  пайда  болады,  бұл,  әрине,  микробтардың  қатысуымен 
болғаны  белгілі.  Шіріндінің  құрамында  гемицеллюлоза,  майлар, 
органикалық  қышқылдар,  минералды  заттар  және  ақуызды 
қоспалар  бар.  ІШіріндіде  сапрофитті  микробтар  кӛп,  ол  жақсы 
тыңайтқыш, баяу ыдырайды. 


110 
 
Санитарлық  тұрғыдан  қарағанда  гумус  (шірінді)  ӛзінің 
құрамында  органикалық  заттары  болғанымен  одан  ары 
ыдырамайды,  жаман  иісі  болмайды,  оған  шыбын  да  қонбайды. 
Осымен қалдықтардың қауіптілігі тоқталады.  
Топырақтың ӛзіндік тазарылуына әсер ететіндер: 
- жерде болатын бактериофаг пен дәрі-дәрмектер
- күннің сәулелері; 
- жердің қурап кебуі
- жер қыртысының аударылып шабылуы, 
Жердің  осындай  тамаша  қасиеттерін  біздер  санитарлық 
жағдайға тиімді пайдалана аламыз, мысалы, қалдық суларды және 
қатты  қалдықтарды  тазарту  үшін  жерде  биофильтрлер 
жасалынады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет