Ерманова с. А


Ел тҧратын жерді тазарту жҥйесі



Pdf көрінісі
бет70/99
Дата11.01.2022
өлшемі0,84 Mb.
#111118
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99
Байланысты:
ERMANOVA su topyrak aua got na PDF
Казахский национальный университет имени аль, Ситуационные задачи, Дәріс
5.7. Ел тҧратын жерді тазарту жҥйесі 
 
Лас  қалдықтар  2  топқа  бӛлінеді  - 
сҧйық 
және 
қатты. 
Сұйығына  -нәжістер,  ыдыс-аяқ  жуындысы,  монша  суы,  кір 
жуындысы, ӛндірістен шыққан сулар, атмосфера сулары жатады. 
Қаттысына - үйден шыққан қалдықтар, кӛше сыпырындысы, 
малдың  қиы,  ӛндіріс  қалдықтары,  малдың  ӛлексесі,  мал 
бауыздаудан қалғандары жатады. 
Сұйық  қалдықтарды  не  алып  кетеді,  не  құбырмен  ағызып 
жібереді.  Қатты  қалдықтарды  машинамен  немесе  басқа 


111 
 
транспортпен  сырт  жаққа  алысқа  апарып  (салауаттандырады) 
тастайды. 
Барлық қалаларда құбырмен тасымалдау қолға алынған. Таза 
суларды 
ластықтан 
қорғау 
үшін 
сұйық 
қалдықтарды 
салауаттандыратын  құрылыстар  салынады.  Бұлардың  үстінен 
санитарлық бақылау жүргізіледі. 
Сұйық қалдықтарды тасымалдау 3 жолмен жүреді: 
- жинау және уақытша сақтау
- тасымалдау; 
- қалдықтарды салауаттандыру және жою. 
Сұйық  қалдықтарды  жинау  және  уақытша  сақтау  үшін 
нәжісхана (шіріту) пайдаланылады. Олардан тасымалдауға арнайы 
автоцистерна  жұмысқа  қосылады.  Қалдықтарды  салауаттандыру 
үшін даладан ассенизациялық жер бӛлінеді, ол жерде егістік ӛсіру 
қолға  алынады.  Немесе  ол  жерге  шашылғаннан  соң  айдалып 
тасталады, сонда ластық салауаттандырылады. 
Шаруашылықта  ауылдарда  сұйық  қалдықтарды  егістікке 
шашу  қолданылады.  Бұл  тағамдық  ӛсімдіктерді  ластайды  (ағза 
үшін  де  зиян).  Олардың  денсаулыққа  зияны  болмау  үшін 
компостау әдісін пайдаланған жӛн ( жерге кӛміп шіріту). 
Егер бұлай істеу  қиындыққа  түссе, нәжісжайды басқа  жерге 
ауыстыру керек. Бір жылдан соң ондағы қалдық егістікке шашуға 
дайындалады.  Егер  сұйық  қалдық  шашылса  (салауаттанбаған) 
егістікті күзде бір рет, кӛктемде екінші рет қопарып егіс егу керек. 
Сонда жер ӛзін-ӛзі салауаттандырып үлгереді. 


112 
 
Гигиеналық  тұрғыдан  қарағанда  сұйық  қалдықтарды 
құбырмен айдап алып кету тиімді. Алысқа алынып кеткен ластық 
ауылдың  ауасын  да,  жерін  де,  суын  да  былғамайды. 
Канализацияның негізгі элементтері: 

үйдегі қабылдағыштар; 
- құбырлар жүйесі; 
- қалдықтарды салауаттандыратын құрылыстар.  
Ӛндірістің қалдық ағын сулары  құбырларды жарақаттамауы 
үшін  алдымен  тазартылады  (қышқыл-сатілерден,  жарылғыш 
заттардан,  радиобелсенді  қалдықтардан).  Ол  үшін  мұнай-май 
ұстағыштар,  тұндырғыштар  пайдаланылады,  суға  реагенттер 
қосады, майда сүзектер және ионды сүзгіштер іске қосылады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет