Этикеткасы жоқ, жарамдылық мерзімі өткен, түсі өзгерген, қалқып жүрген заттары бар дифтерияға қарсы сарысуды қолданбайды.
I байқау. 0,1 мл араластырылған 1:100 сарысуды білектің ішкі жағына тері ішіне енгізеді. 20 мин ішінде аурудың жалпы жағдайын және жергілікті реакциясын бақылауын жүргізеді.
II байқау. І байқаудың теріс нәтижесінде ғана өткізіледі. Егер папуланың диаметрі және (немесе) терінің гиперемиясы 10 мм кем болса, реакция теріс деп саналады. 0,1 мл араластырылмаған сарысуды иықтың орта бөлігіне тері астына енгізеді. 45±15 мин ішінде аурудың жалпы жағдайын және жергілікті реакциясын бақылауын жүргізеді.
ІІІ байқау. ІІ байқаудың теріс нәтижесінде ғана (аллергиялық реакция және асқынулар жоқ) өткізіледі. Дифтерияға қарсы араластырылмаған сарысуды 36оС жылытады. Дәрігердің тағайындауы бойынша сарысудың емдеу дозасын бұлшықетке енгізеді.
Дифтерияға қарсы сарысуды Безредко әдісімен енгізгенін науқастың стационарлық медициналық картасына тіркейді (енгізу күні, препараттың атауы, сериясының нөмірі, дозасы, жарамдылық мерзімі, препаратты енгізу кезінде реакцияның сипаты, шығарушы ел).