Ерте жастағы балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу



бет23/23
Дата25.05.2022
өлшемі0,74 Mb.
#144967
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Педиатрия мейіргер ісі стандарттар

Клиникалық диагностикасы.
Науқас ұзақ уақыт есінен айырылмайды, алайда олар сырттан қарағанда айналадағының барлығына немқұрайды болып көрінеді, сонымен қатар олар басының айналғандығына, зарығу сезіміне, көруінің нашарлауына, құлағының шуылдауына шағымдануы мүмкін. Терісі бозарған, акроцианозды (дененің шеткері ұштарының көгеруі), мәрмәр тәрізді суретті, суық әрі жабысқақ тер шыққан. Ұлпалардың тургоры және дене қызуы төмендеген. Тынысы беткей, пульсі жұмсақ, жылдам. Артериялық қысымы мен орталық веналық қысымы төмендеген, кейде айтарлықтай дәрежеде. Сонымен қатар жүрек айдауының көлемі де төмендейді. Олигоурия (тәуліктік диурездің азаюы) байқалады.
Жедел жәрдем.
1. Баланы аздап басын шалқайтып, арқасына горизонтальды жатқызып, жан-жағына жылы су құйылған жылытқыштар қояды және таза ауаның келуін қамтамасыз етеді.
2. Жоғарғы тыныс жолдарының еркін өтімділігін қамтамасыз етеді: ауыз қуысының ревизиясын (тексеру) өткізіп, тар киімін шешу керек.
3. Терең емес ортостатикалық коллапс кезіндегі емнің көлімі талма кезіндегі емге сайкес келеді, оған кофеин, кордиамин ішкізу немесе тері астына енгізу, таза ауамен немесе оттегімен дем алдыру кіреді. Науқасты міндетті түрде горизонтальды қалыпта жатқызып, аяқ жағын сәл көтеріп қояды.
Вазопрессорлар ауыр түрінде қолданылады:
- адреналин енгізу 0,01-0,1 мг/кг (1 мл артық емес) тері астына;
- дофамин минутына 5-10 мкг/кг немесе норадреналин 0,1-1,0 мкг/кг минутына вена ішіне үздіксіз инфузимат арқылы.
Қарқынды ем қан көлімін толтырушы дәрілердің (реополиглюкин, натрий хлоридінің ерітінділері) көмегімен, 10-15 мл/(кг/сағ) есебінен жүргізіледі (сұйықтықтың алғашқы үлесін кейде артериялық қысымы қалпына келгенше саулатып жіберуге болады, 3-5 мл/кг минутына). 2-5 мг/кг мөлшерінде (преднизолон бойынша есептегенде) вена ішіне, бөліп-бөліп қысқа курспен (1-3 күн) глюкортикостероидтар енгізеді (суда еритін гидрокортизон болғаны дұрыс).
4. Симпатотониялық коллапс құбылыстары кезінде мыналарды өткізу қажет:
а) бұлшық етке спазмолитиктер енгізу арқылы шеткі қантамырлардың спазмын (жиырылу) жою:
- 2 % папаверин ерітіндісін 0,1 мл/ өмірінің әрбір жасына, немесе
- 0,5 % дибазол ерітіндісін 0,1 мл/ өмірінің әрбір жасына, немесе
- но-шпа ерітіндісін 0,1 мл/ өмірінің әрбір жасына, немесе
б) нейротоксикоз, жедел бүйрекүсті бездерінің жетіспеушілігі кезінде осы кезеңнің өзінде-ақ вена ішіне саулатып немесе бұлшық етке глюкортикоидтер тағайындау қажет:
- гидрокортизон (сол дұрыс!) 4 мг/кг бір реттік енгізу мөлшерінде немесе
- преднизолон 1-2 мг/кг мөлшерінде.
5. Ваготониялық және паралитикалық коллапс құбылыстары кезінде:
а) шеткі вена енуді қамтамсыз етіп, 20-30 мин ішінде 20 мл/кг есебінен реополиглюкин немесе кристаллоид ерітіндісімен (0,9% натрий хлориді немесе Рингер ерітіндісі) өткізілетін инфузиялық емді бастау;
б) сонымен бір мезгілді глюкортикостероидтар енгізу, олардың бір реттік енгізу мөлшері:
- гидрокортизон 10-20 мг/кг вена ішіне немесе
- преднизолон 5-10 мг/кг вена ішіне немесе бұлшық етке, ауыз қуысы түбінің бұлшық еттеріне немесе
- дексаметазон 0,3-0,6 мг/кг (1 мл 0,4% ерітіндіде – 4 мг) вена ішіне немесе бұлшық етке.
в) жойылмайтын артериялық гипотензия кезінде:
- қайталап вена ішіне тамшылап 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісін немесе Рингер ерітіндісін 10 мл/кг мөлшерінде, оған қосымша реополиглюкин ерітіндісін 10 мл/кг мөлшерінде. Жүрек жиырылуының жиілігін, артериялық қысым және диурезді бақылай отырып енгізеді;
- 0,2% норадреналин ерітіндісін 0,1 мл/өмірінің әрбір жасына мөлшерінде минутына 10-20 тамшы жылдамдығымен (өте ауыр жағдайларда минутына 20-30 тамшы) вена ішіне тамшылатып (50 мл 5% глюкоза ерітіндісінде), артериялық қысымын қадағалай отырып енгізеді.
Өткізіліп жатқан емдеу шаралары тиімсіз болған жағдайда вена ішіне титрлеп минутына 8-10 мкг/кг мөлшерінде, артериялық қысым мен жүрек жиырылуының жиілігін бақылай отырып допамин енгізу керек.
Көрсетілім бойынша - алғашқы жүрек-өкпе реанимациясын өткізу.
Жедел шараларды өткізгеннен кейін реанимация бөлімшесіне жатқызылады.

Бөгде затпен аспирация болған жағдайда көмек көрсету
(Балалық шақтағы ауруларды ықпалдастыра емдеу бағдарламасы)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет